Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Урок
2014-02-05, 7:23 PM
Слайд №1. Сабақтың тақырыбы.Тарихи қайраткерлер.
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
Слайд №2. Сабақтың эпиграфы. Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: тарихи оқиғалар туралы кең көлемде мәліметтер алу; ыңғайлас салалас сөйлемнен алған білімдерін пысықтау.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, көркем-әдеби тілмен сөйлеуге, өз бетінше жеке жұмыс жасауға; сұрақтарға нақты жауап беруге, бір-бірімен сұхбаттасуға, өз бетімен тапсырмаларды орындай білуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік: Өздігінен еңбектенуге, уақытты тиімді пайдалануға, Отан алдындағы борышын сезінуге, ұлтжандылыққа, батылдыққа, өткірлікке; халқын, жерін, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, құрастыру, топтастыру,
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, оқулықтар, деректер мен зерттеулер, хандар, батырлар, билер, сұлтандар туралы мәліметтер.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
Сабақты қазақ тілі мұғалімі бастайды.
1) 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Кезекшімен сөйлесу.
Сыныпта кім жоқ?
Мақсаты: гуманизмге тәрбиелеу.
2.Сабақтың білімділік мақсатын оқушыларға айтамын. Бүгінгі сабақта тарихи қайраткерлер туралы мәліметтер аламыз. Ыңғайлас салалас сөйлемдерден алған білімдеріңді практикалық жолмен меңгереміз.
(Тәрбиелік мақсаты оқушыларға айтылмайды. Тәрбиеге қатысты жүргізілетін жұмыстар сабақ барысында бала санасына жарияланбай жеткізіледі.)
Бағалау парақтарын оқушыларға таратамын. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Сабақтың соңында бағалау парақтарды жинап аламын деп айтамын.
Оқушының аты-жөні Презентация Кластер Сұрақ-жауап Тапсырма Баға




2) Жаңа сабақ
1.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқушыларды алдын ала 3 топқа бөліп, үйде слайдтар жасауға тапсырманы тексеру.
1-ші топ: хандар туралы
2-ші топ: батырлар туралы
3-ші топ: билер туралы
Оқушылардың презентацияларын интерактивті тақтада тамашалаймыз.
Компьютер арқылы күй орындалып тұрады.
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту.
Слайд №3. Хандардың, батырлардың, билердің суреттері.

2.Сабақты әдебиет пәнінің мұғалімі жалғастырады.
Бұқар жыраудың «Қазақтың ханы Абылай» атты өлеңді мәнерлеп оқиды.
Мақсаты: Қазақ халқының ержүрек адамдарының есімдерін білу, еске сақтау. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Қазақтың ханы Абылай!

Қазақтың ханы Абылай!
Қара Керей Қабанбай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек,
Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарып қылған бар күшін.

Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Майда жел», «Шаңды жорық» т.б. күйлері бар.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романында Абылай ханның т.б. хандардың билігі, қазақ мемлекетінің негізі, құрылуы, орнығуы, қазақтың өзін-өзі елге танытуы суреттеледі.
«Абылай хан» атты тарихи жыр бар. Жырға Абылай ханның балалық, жастық шағы мен ел билеген кезі арқау болған. Авторы белгісіз. Абылай хан билеген тұстағы қазақ хандығының дәуірлеу тарихы шынайы айшықтармен нанымды суреттеліп, соңы Абылай хан өлімімен аяқталады. Басты кейіпкер – Сабалақ (Әбілмансұр) Төле биден кетіп, Темірбай деген байға бала болып, оның батасын алған соң қалмаққа қарсы соғысқа аттанады. Шығарма алғаш рет Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сұлтанбайұлынан жазып алып, тұңғыш рет Қытайдың «Ұлттар» баспасынан жарық көрген 4 томдық (1985), одан кейін «Абылай хан» атты кітапта (1993), «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының 1-томында (1995) жарияланған. Бұл жыр Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын қазақтар арасында кең тараған.
Жамбыл Жабаевтың белгілі «Өтеген» деген поэмасында Райымбекті дастанның бас қаһарманы - Өтеген және басқа да даңқты батырлармен қатар қояды.
3.Тарих пәнінің мұғалімі:
Жалпы 17-18 ғасырлары қазақ халқы үшін ауыр кезең болған. Қазақ халқының тарихындағы қасірет, Отан басына күн туған кезең. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін үш жүздің дербестеніп бір-бірінен алшақтануы қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті.
Қазақ –қалмақ бітімі-1742 жылғы жоңғарлар мен қазақтар арасындағы келісім. Ұлы жүз түгелімен, ал Орта және Кіші жүздер жоңғарларға жартылай бағынышты болғандықтан, бітім қазақтарға өте ауыр тиді. Бірақ, 1742 жылдың жазында бұл келісім бұзылды.
Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды. Қолбасшылық та, сот билігі де, шетелдермен қарым-қатынас жасау да, соғыс ашу немесе бітім жасау да соның қолында болды. Ханның жанындағы кеңесшілері ірі сұлтандар мен тайпа көсемдерінен құралды. Жоңғарлармен соғысқа Абылай қазақтың белгілі батырларымен тізе қоса қатысады. Батырлар деген атақ тек сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді. Батыр атағы босқа берілмейді. Ол үшін әрбір батыр өзін шайқастарда көрсетуі тиіс. Би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділқазы, үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері. Артына аталы сөз қалдырған шешен билеріміз – Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би. Балалар, «Кім бірінші?» ойынын ойнайық. Ойынның шарты. Бұл есепті көбейту кестесін қолдана отырып қана шеше аласыңдар. Есептегі жасырынған мақалды табу үшін алдымен жеке әріптерді тауып алып, оларды құрастырып оқу керек.
4 8 12 16 2 3 4 5
4 8 12 6 2 ө Б И Л
8 10 12 16 4 З Е Г Б
12 16 12 10 6 І А қ ы
20 18 24 30 8 н т
24 24 30

Жасырынған мақал: Өзі өзі билеген ел бақытты.

4. Қазақ тілі мұғалімі.
Енді, балалар, қорытындылайық. Сонымен тарихи қайраткерлерге кімдер жатады?
Интерактивті тақтада жұмыс. Оқушылардың жауаптарын мұғалім тақтада жазып тұрады.


Тарихи қайраткерлер

Сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Хандар туралы не білесіңдер?
2.Олар не үшін күрескен?
3.Абылай хан кімнің ұрпағы?
4.Абылай ханның күйлерін атаңдар.
5.Әбілқайыр қай жүздің ханы болған?
6.Батырлардың ерлігі туралы не білесіңдер?
7. «Көшпенділер» романының авторы кім?
8. «Абылай» атты тарихи жыр алғашқы рет қайда шықты?
9. «Жеті жарғы» заңын кімдер жасасқан?
10.петропавл қаласында қандай батырларға ескерткіш қойылған?

5.Өткенді қайталау.
Балалар, ыңғайлас салалас сөйлемнің жалғаулықтарын атаңдар.
Жауабы: да, де, та, те, және, әрі.

6.Компьютермен жұмыс.
Тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулықты қойып жаз.
1)Абылай хан қазақтың ақылдысы мен батырын маңайына жинаған ... үш жүзді біріктірген. 2)Ол жоңғарларға қарсы күресу жолын ойластырды ... халық жасақтарын құрады. 3)Екі қолбасшы қазақ бағына туған қос жұлдызы болды ... олардың орны Абылайды қоршаған батырлардың ішінде ерекше еді.

7.Сабақты қорыту.
Компьютердегі тапсырманы орындау. Меритс сабақтары. 9-сынып.
Тақырып «Тарихи қайраткерлер».

8.Бағалау парақтарды жинап алу. Оқушыларды бағалау.

9.Үйге тапсырма. Қазіргі кездегі қоғам қайраткерлері туралы мәлімет жинап келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ОразбаеваА
Просмотров: 1101 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 1:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru