Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-04-05, 2:34 PM | |
Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі Жұмабаева Гүлманат Саматқызы Сыныбы: 9«а» Тақырыбы: «Дала данышпаны» Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы Мақсаты: А)білімділік: Жыраулар поэзиясынан алған білімдерін тексеріп, «Дала данышпаны» атанған Асан қайғының өмірі мен шығармашылығын түсіндіру, талдау, зерттеу; Ә)тәрбиелік: Асан қайғының толғауларында көтерілген ерлік, батырлық, бірлік тақырыптарында айтқан нақыл сөздері арқылы адамгершілік, патриоттық тәрбие беру; Б)дамытушылық: Алдын-ала оқыту әдістемесі негізінде ізденіспен, шығармашылықпен жұмыстандыруға баулу, ой-өрісін кеңейту, ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға дағдыландыру. Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйрену сабағы Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, алдын-ала оқыту, зерттеу, ойтолғау. Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, кестелер Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі. Сабақ барысы : І Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа деген зейінін ояту ІІ Үй жұмысын тексеру: ХV-ХVІІІ ғасырлардағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы 1) ХV-ХVІІІ ғасырлардағы тарихи жағдай 2) Жырау мен жыршы ұқсастығы мен айырмашылығы 3) Қазақ қоғамындағы атқарған қызметі 4) Жыраулар көтерген келелі мәселе 5) Толғауларының көркемдік ерекшелігі ІІІ. Жаңа сабақ «Дала данышпаны» Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Әлкей Марғұлан). Кіріспе сөз: Таза, мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады, Таза, мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады,- деп, сөз қадірін терең бағалап, асыл сөз туралы философиялық ой толғаса, бірде: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа!- деп халқын елдікті, бірлікті, татулықты дәріптесе, енді бірде: Кең пейілге таласпа! Артык үшін айтысып, Достарыңмен санаспа!- деп достықты қаділеуге үйрете жырлаған ұлтымыздың ұлы тұлғасы Асан қайғы Сәбитұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, талдаймыз. Біз Асан қайғы туралы бүгін бірінші рет естіп отырғанымыз жоқ, 5-сыныптан және осы класс бойынша ауыз әдебиетінің саласынан оқып таныстық. Ендеше Асан қайғы туралы білетінімізді топтастырайық. 1.«Топтастыру» Біз бүгін Асан қайғының әр ерекшелігіне қысқаша тоқталып өтейік. Ол үшін алдын-ала тапсырма бойынша презентация жасап, қорғау берілген. 2. «Ізденіс пен зерттеу» 1) Асан қайғы- аңыз кейіпкері 2) Асан қайғы- тарихи тұлға 3) Асан қайғы- жыраулар поэзиясының ірі өкілі 3. Талдау. Асан қайғының өлеңдерін сатылай кешенді талдау 1. Бұл заманда не ғаріп? Ақ қалалы боз ғаріп, Жақсыларға айтпаған Асыл шырын сөз ғаріп, Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп, Қадірін жеңе білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп. Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел ғарып, Қаз-үйрегі болмаса, Айдын-шалқар көл ғаріп, Мүритін тауып алмаса, Азғын болса пір ғаріп, Ата жұрты бұқара Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп. 2. .Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған, Оймауыттай тоғай егіннің Ойына келген асын жейтұғын, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің Ойыл деген ойынды, Отын тапсаң тойынды, Ойыл көздің жасы еді, Ойылды кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің Елбең елбең жүгірген Ебелек отқа семірген, Екі семіз қолға алып, Ерлер жортып күн көрген, Еділ деген қиянға, Еңкейіп келдің тар жерге, Мұнда кеңес қылмадың. Кеңестің түбі нараду, 3. Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Сенікі жөн болса да Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтіп жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа. Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа. Ашу дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа!... 4. «Қолдану» Асан қайғының нақылға айналған афоризмдерін пайдаланып, ойтолғау жаз.(Алтынай Жорабаеваның орындауында «Мұны неге білмейсің?» толғауй тыңдатылады) 1. Әділдіктің белгісі, Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі, Өткен істі қумаса. 2. Ашу- дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа!... 3. Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. 5. «Дәйексөз» Асан қайғы туралы айтқан пікірлерге тоқталу «Асан қайғы- кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы»» (Ш.Уәлиханов) Халық аңыздарында Асан жайында «бұл қария қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінген. «Асан қайғының шығармалары- өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді» Б.Кенжебаев. 6. Қорытынды Қыдырып желмаямен дүние жүзін, Асанның жұрт біледі айтқан сөзін. Жатқызбай ойындағы қалың арман, Атанып Асан Қайғы содан қалған,- деп ақындар жырлап өтсе, «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан»,- деп ұлы жазушы М.Әуезов баға берген. Асан ата- тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан ата – халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын, тыныштығын ойлағанccқайраткер. 7.Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. 8. Үйге тапсырма: Асан қайғының өмірі мен шығармашылығын оқу, өлеңдерін жаттап, талдау | |
Просмотров: 5066 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|