Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Көрнекілік арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
2014-04-12, 8:04 PM
Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп,мәнерлеп оқудың, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің , мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқушылардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына баса назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Сабақ сапасын арттырудың тағы бір шарты – сабақта көрнекілік пайдалану.
Көрнекілік оқушының бірнеше таным қабілеттерін (елестету, еске сақтау, қисынды ойлау) дамытады.Осы таным қабілеттері арқылы оқушының тіл үйренуде белсенділігі артып, сөйлеу қабілеті жанданады.
Оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асыру – оқыту өзге тілдердегі мектептердегі қазақ тілі пәніне қойылатын басты талаптардың бірі. Кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндігі болса, қолмен ұстап көру оқушының санасына берік орын алады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай, орыс мектебінде қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алуға да болады. Көрнекі құралдарды әртүрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті жағдайда қолдануын көрсетуі керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.
Енді көрнекі құралдардың тиімділігіне келетін болсақ;
1. Жаңа сабақты меңгерген кезде , оқушының таным қабілеттерінің барлығы қатысады.
2. Материалдарды түсіндірген кезде мұғалім көп қиналмайды, әрі уақытын үнемдейді.
3. Көрнекілік оқушының белсенді сөздік қорын дамытады, тіл үйренуге қызығушылық қалыптастырады.
4. Оқушы жаңа тақырыпты тез түсініп, оңай қабылдайды.
5. Көрнекілік пайдалану жеке сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркесінен сөйлемге әрі сұрақ- жауап жасап қарым-қатынас жасауға көп көмек береді.
6. Сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсініп, екі-үш сөзден сөйлем құрай алады.
7. Сюжетті суреттерді қолдану – оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды.
8. Оқушының тілін дамытып, тіл ұстартуға тиімді.
Ал көрнекіліктердің бір түрі – кесте, сызбалар. Жануарлар әлемі тақырыбын өткен кезде мына сызбалар арқылы жүйелі таным қалыптастыруға болады.

ЖАНУАРЛАР

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР

малдар төлдері аңдар төлдері

жылқы құлын арыстан абдан
сиыр бұзау қасқыр бөлтірік
түйе бота жолбарыс мәулен
қой қозы аю қонжық
ешкі лақ қоян көжек
шошқа торай түлкі жаутаң
ит күшік киік құралай
мысық марғау құндыз қонай

Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі, нанымы дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен қатар, көрнекілік оқылатын нәрсе – заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе – заттардың әр жағынан , салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе – заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulmiraa
Просмотров: 3254 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-12, 3:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru