Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-04-14, 1:48 PM | |
Сабақтың тақырыбы: Астана- бас қала Сабақтың мақсаты: 1. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің әлем еліне өркениетті ел, танымал болуына, көркейіп, гүлденген жаңа Астананың маңыздылығын ұғындыра отырып, оқушыларға болашақ жауапкершілік көзқарасын арттыру. 2. Балаларды Отанын сүюге, қадірлеуге, адал болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ - жауап. Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, сызбалар. Міне, Қазақстан Респуликамыздың тәуелсіздігіміздің қарсаңында, 8 сыныптар аралығында ашық-сайысымызды өткізейік деп отырмыз. Сайысты бастамас бұрын ,мына өлең жолдарымен бастағым келіп отыр Киелі менің Елордам, Арудай сұлу таранған. Береке-бірлік, достықтың Тұнығынан нәр алған. Сәулеңді шаш еліңе, Нұрыңды төк жеріңе. Киелі менің Елордам, Бақ болып қонған төріме. Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына өлең жолдарында қай қала туралы айтылыптұр. |Астана\ Иә, яғни бүгінгі ашық- сайысымыздың тақырыбы "Астана -бас қала" Міне , алдарыңызда 2 топ отыр. Келген қонақтарымызға қош келдіңіздер деп , сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырайық. 1. Алғашқы сайысымыз"Таныстыру" "Жас қанат" және "Жас қанат" топтары. \эмблемалары\ 2. Сендерге Елордамыз -Астананы өлні жолдарымен таныстырып өттім.Ал, сендер қалай таныстырасыңдар? Үй тапсырмасы . Презентация. 3. Өлең сайысы Сайыста екі топ кезек-кезек 2 жолдан өлең жолдарын жалғастырып айтулары керек. 4.Сұрақ- сауалнама сайысы \ интерактивті тақтадда\ 2 топқа сұрақтар қойылады . 1сұрақ .Қазастан Республикасының Президенті алғашқы рет қай жылы сайланды және ол нешеде болды? 2 сұрақ. Қазақстан Респуликасының Ұлттық валютасы қашан шықты және биыл неше жыл толып отыр? 5."Астанаға саяхат" сайысы \ интерактивті тақта\ Ел тарихы, жер тарихы өзіміз, Болашақтың қасиетіті кезіміз - деп, еліміздің, жеріміздің тарихына көз тастап, сайыскерлеріміз қаншалықты білікті, білімді, алғыр екенін байқайық. Ұяшытарды таңдап, сұрақтарға жауап беру.Ұяшықтарда 16 тапсырма. Қортындылау. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын , қазақ тіліміздің мәртебесі жоғары болсын деп келген қонақтарға, бір-бірлеріңе қандай тілекткр айтасыңдар? Тілектеріңді жазып алдарыңда жатқан мына әр топтың белгілі бір эмблемалық суреттері бар плакатқа жапсырыңдар Құлашын кеңге жайған Астанада жоғары білім алатын болашақтың тірегі - өздеріңіз. Келешек жастардікі. Сондықтан да мынандай әсем мектептен сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып өсіп, Астанамыздың асқақтап, көркейе беруіне өз үлестеріңді қоса берулеріңе тілектеспіз. | |
Просмотров: 852 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|