Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-04-14, 3:15 PM | |
Сабақтың тақырыбы: «Етістікті қайталау» Сабақтың мақсаты: А)Білімділік.Етістік туралы алған білімдерін пысықтау. Етістік түрлерін ажырата білуге үйрету. Ә)Дамытушылық.Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау. Б)Тәрбиелік.Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу. Сабақтың түрі:қайталау сабақ. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сөйлеу,талдау,шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс:әдебиет пәні. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, кеспе қағаздар, жұлдызшалар. Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. А) оқушылармен амандасу; Ә) оқушыларды түгендеу; «Қыран түлегіне -қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне – алға бастар талап сыйлайды»- дей келе, оқушыларыма бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін. ІІ. Сабақтың ережесі: Белсенді қатысу Тыныштық сақтау Бірін-бірі тыңдау Ойын ашық айту Бір-бірін сынамау Ынтымақтылық IІI.«Біліміңді байқап көр».Оқушылар,бүгінгі «Етістік» тақырыбын қайталау сабағымыз бірнеше қазақтың ұлттық ойындарынан құрылған. 1. «Біліміңді байқап көр» ойыны арқылы оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тиянақтау. Бұл ойында оқушылар сандықшадағы асықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беруі тиіс. - Етістік дегеніміз қандай сөз табы? - Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? - Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір. - Мына сөздерден дара етістіктерді тап: отыр, келе жатыр, барады екен, жүріп жүр, болды, келіп қалды, оқып отыр, жазады. - Есімше қалай жасалады? Мысал келтір. - Етістік нені білдіреді? - Көсемше қалай жасалады? Мысал келтір. 2. Сыныпты үш топқа бөлемін: Сұңқар, тұлпар және көкпар топтарына. Әр топтың алдына топ аты жазылған кесте қойылады. Топ басшылары сайланады,оларға бағалау парағы беріледі, әр орындалған тапсырмаға баға қойып отырады. 3. "Аударыспақ" ұлттық ойын элементі арқылы тексеріледі. Ережесі: кім көп сөз жазады және басқалардікін қайталамайды, сол жеңімпаз болады. Егер де бірінің сөзін екіншісі қайталап қойса, сол топ аттан аударылып, ойыннан шығып қалады. 4. Морфологиялық талдау. Көкпар Сұңқар Тұлпар барғанмын оқырсың бармақ жазып отыр келіпті сөйлеп отырғансың (әр топтан бір оқушы тапсырманы тақтада орындайды, қалған оқушылар дәптерге орындайды.) 5. "Атжарыс" ұлттық ойын элементі арқылы өтеді. Ережесі: тапсырманы бірінші әрі дұрыс орындаған оқушы аламан бәйгеден бірінші болып келеді. Дарынды оқушылар суретке өз беттерімен тақырып қойып,етістіктерді қатыстырып,5 минут уақыт ішінде қысқаша әңгіме құрайды. Ал қалған оқушыларға 3 сөйлем беріледі, оны оқып, етістікті тауып, талдау. - Кең дала ақ көрпеге оранған болатын. - Мүмкін бұл ниеті орындалып қалар. - Оқушылар мұз айдынында шаңғы теуіп жүр. ІV. Сергіту сәті: оқушылар кез келген математикалық фигураны таңдап, оның тапсырмаларымен танысады да, жауап береді. - Дара етістіктерді ата. Жазып отыр,келді,жүгіріп келеді,жуынды,оқыды, айтып болған еді,тереді,сөйле. - Есімше етістіктерді ата. Айтқан,келді,келетін,сөйлер, бармайды,барған,оқитын еді, жазар. - Көсемше етістіктерді ата. Келіп отыр, айтты, жүргізді, жазғалы отыр,айтыпты, келеді, еритін, жапқалы,санай,алып барады. - «Жоғалған сөз шешімін, тап» 1. Ақ киімді,денелі,ақ сақалды, Соқыр мылқау ... тірі жанды. 2. Мен ... өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. 3. Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып ... . 6. "Теңге алу" ұлттық ойын элементі арқылы қорытындыланады. Ережесі: мақал-мәтел айтып, оның етістіктерін анықтайды. Әр айтқан мақалының етістіктерін дұрыс тапса, теңге алады. Ең көп теңге жинаған топ теңге алудің үздігі аталады. V. Сабақты бекіту. Семантикалық картамен жұмыс. Сөздер Тұйық етістік Есімше Көсемше Жыртып жүр + Жазатын + Бараруы тиіс + Келмекші + Айтыппын + Оқыған едік + Келесіңдер + барғанмын + Келіп отыр + Келмеу керек + VІ. Үйге тапсырма. Мақал-мәтел,өлең жолдарынан үзінді жазып, мағынасын ашу, етістікті табу. VІІ. Бағалау. | |
Просмотров: 705 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|