Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-04-15, 3:12 PM | |
Сабақтың мақсаты: Білімділік: мемлекеттік тіл туралы түсінік беру, ана тіліне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру; Дамытушылық: ана тілі – дана тіл. Тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту; Тәрбиелік: мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу; Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, оқу, аудару, тақырыптық әңгіме құру; Сабақтың түрі: сайыс сбақ. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға жазылған мақал, тапсырмалар, грамоталар, шарлар; Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, құттықтау сөз; Мақалдар: Тіл – халықтың жаны. Язык – душа народа. Тілге құрмет – елге құрмет. ІІ. Жаңа сабақ. (күй ойнап тұрады). Құрметті, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз сіздерді Тіл мерекесімен құттықтаймыз! Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Аңқау, ашық, жібек мінез халқым бар. «Жизнь народа в его языке» - это слова Расула Гамзатова. Каждый человек, к какой бы он нации не принадлежал, должен знать и любить свой родной язык. Но это не значит, что знать он должен только свой язык и относиться небрежно к другим языкам. Нужно знать и другие языки и уважать их также, как родной. «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» демекші бүгін біз сендермен бір ойын ойнасақ. Сайысқа 3 оқушыдан құралған 5 топты қарсы аламыз. Әділ – қазылар алқасымен таныс болайық: 1) Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Куандыкова Н.С. 2) Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Муканова Қ.С. 3) Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Сарсенбенова Э.Ж. Сайыс 5 турдан тұрады: 1 тур: «Таныстыру». 2 тур: «Өнер алды – қызыл тіл». 3 тур: «Полиглот». 4 тур: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». 5 тур: Капитандар сайысы «Жорға» Әрбір сайыстың жауабы 10 ұпаймен бағаланады. Сайысымыздың бет ашарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіптастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық, деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік. 1 тур. «Таныстыру» 8 «А» 8 «Б» 8 «В» 8 «Г» 8 «Д» 2 тур. «Өнер алды – қызыл тіл» Бұл кезеңнің шарты мынадай – әрбір топ өз ұрандарын 3 тілде айту керек. 3 тур. Неше тіл білсең, сен сонша рет адамсың.Қазіргі заманда полиглот болу – өмір талабы. Бұл кезеңнің шарты мынадай:топ қатысушылары 3 мақал дайындауы тиіс.3 тілде мақал айту керек. 4 тур. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымды-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, біздің оқушыларымыз да өлеңдерін оқып берсін. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауабын таба ма екен сайыскерлер, Сол себептен қоятын сұрақтар бар. 5 тур. Капитандар сайысы «Бәйге» Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. | |
Просмотров: 694 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|