Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақша – тамаша!
2014-05-01, 12:53 PM
Департамент образования Северо-Казахстанской обл. РК
Городской отдел образования при акиме г. Петропавловска
Первая гимназия
2014 г.
Сарсенбаева А.Г.
Казахский язык.
Тема: Сценарий внеклассного мероприятия в 8 классе.
Қазақша – тамаша!
Мақсаты:
оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау,
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,
ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту
сөйлеу мәдениетін жетілдірy
білімді, жан-жақты болуға үйрету
сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, таратпалы парақта жазылған тапсырмалар, әділ қазыларға арналған жауап кілттер.
Қатысатындар: 8А, 8Б сынып оқушылары.

1-жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті мырзалар мен ханымдар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл күнін 22-қыркүйек күні тойлаймыз. Президенттің келісімі бойынша бүкіл Қазақстан елінің тіл күні – 1998 жылдың ақпан айының Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған. Қазақстан елі – Қазақстанды экономикалық күшті, еркін республика ретінде, әр адамның жарқын өмір сүруіне мүмкіндік береді. Қазақстан – бұл көп ұлтты, әр тілде сөйлейтін ел.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және
ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Күш білімде», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан бүгін мемлекеттік тілді қаншалықты түсініп, сөйлей алатынымызды дәлелдеу үшін білімділер сайысын назарларыңызға ұсынбақпыз.
1-жүргізуші: Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділ қазылар алқасымен
таныстыруға рұқсат етіңіздер! Әрбір кезеңнен кейін қорытындысы, ұпай санын айтып отырасыздар. Регламент 1 минут.
2-жүргізуші: 8 «А» сыныбының командасын ортаға шақырамыз
(команда ортаға келіп тұрады).
8 «Б» сыныбының командасын ортаға шақырамыз
(команда ортаға келіп тұрады).
Құрметті сайыскерлер, қазір енді өздеріңізді қысқаша таныстырып
өтсеңіздер.
Сәлемдесу рәсімі:
8А сыныбы «Зерде» тобы:
Ау, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Сәлем жолдап баршаңызға,
Кеп тұр бүгін ортаңызға
«Зерде» атты тобымыз.
8Б сыныбы – «Парасат» тобы:
Келді ғой, кезек міне, кездесетін,
Сырын шертіп заманның тілдесетін
«Парасат» атты тобымыздың атынан
Сәттілік тілеп, береміз жол тілегін.
1-жүргізуші: бүгінгі сайыс 5 турдан тұрады. Ал, енді сайысты бастайық.
1-тур. «Білгенге маржан», ол 2 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Маржан сөз» деп аталады, мұнда орыс әріптерден ғана жазылатын сөздерді 1 минут уақыттың ішінде ойлап табасыздар. Неғұрлым көбірек жаңа сөздер ойлап тапсаңыздар сонша ұпай қосылады. Алдарыңыздағы параққа жауаптарыңызды жазып тапсырыңыздар.
2-жүргізуші: екінші бөлімнің аты «Ақ сандық, көк сандық». Мұнда жеребе тарту арқылы әр түрлі түстермен берілген белгілі бір пәнге негізделген сұрақтарға жауап бересіздер. 5 сұрақ беріледі. 5 минуттың ішінде командаларыңызбен талқылап, дұрыс жауабын айтасыздар. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
География бойынша сұрақтар: (жасыл түсті)
1. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан)
2. Қазақстанның көлдерін атаңыз
(Алакөл, Балқаш, Зайсан, Марқакөл, Сабындыкөл, Теңіз)
3. Қазақстанның өзендерін атаңыз.
(Ақсу, Амудария, Есіл, Ертіс, Қаратал, Көксу, Лепсі, Нұра, Орал, Сырдария, Іле, Шу)
4. «Қазақтың Швейцариясы» деп қай жерді атайды? (Көкшетау, Бурабай)
5. Республикамызда неше облыс бар? (14)
Тарих бойынша сұрақтар: (сары түсті)
1. Көшпенді қазақтардың үйі қалай аталған? (киіз үй)
2. 16 желтоқсан қандай мереке? (Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні).
3. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1992ж.)
4. Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституция қай жылы
қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
5 Шығыс қыздарынан Батыр атағын кім алды?
(Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
(жанкүйлерге арналған тапсырма)
Спорт бойынша сұрақтар: (көк түсті)
1. ХХХ жазғы олимпиадалық ойындары қашан өткізілді? (28.07 – 12.08.2012)
2. Бұл олимпиадада Қазақстан спортшы чемпиондардың есімдерін атаңыз.
Алтын медальға ие болғандар: (Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, Серик Сапиев) Күміс медальға ие болған: (Адильбек Ниязымбетов)
Қола медальға ие болғандар: (Даниял Гаджиев, Марина Вольнова, Гюзель Манюрова, Иван Дычко, Акжурек Танатаров)
3. Біздің жерлесіміз кім? (Александр Винокуров)
4. Ол неше рет Олимпиада чемпионы атағына ие болды? (1 рет)
5. Бұл олимпиадада Қазақстан спортшыларының команда капитаны кім болды? (Серик Сапиев)
Қазақ тілінен сұрақтар: (қызыл түсті)
1. Меншіктік мағынаны білдіретін жалғауды атаңыз. (Тәуелдік жалғау)
2. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді атаңыз.
(мұғалім, кітап, дәріхана, қазір)
3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? Атаңыздар.
(4, көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
4. «Қолөнер» сөзінің аудармасын табыңыз. (ремесло, рукоделие)
5. «Ауыспалы келер шақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
1-жүргізуші: 2-тур. Көп тіл білген кісінің көкжиегі кең, өрісі ұзақ. Көп тіл білу – бүгінгі заман талабы. Сонымен келесі кезең «Тіл – өнер» деп аталады.
Тапсырма. Келесі мақалдарға сәйкес қазақша, ағылшынша, орысша айту.
1. Келесі мақалға сәйкес орыс және ағылшын тілдерінде айту.
«Отансыз адам ормансыз бұлбұл»
2. Келесі мақалға сәйкес қазақ және ағылшын тілдерінде айту.
«Не имей сто рублей, а имей сто друзей»
3. Келесі мақалға сәйкес орыс және қазақ тілдерінде айту.
«Семь раз отмерь, один раз отрежь».
2-жүргізуші: 3-тур: «Оюмен ой айтқан еліміз» (жанкүйлерге арналған тапсырма)
1. Экспресс-сұрақ.
- Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі не?
- Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі – ою.
- Ою дегеніміз не?
- Ою дегеніміз – өнер.
- Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
- Ою-өрнек 4 топқа бөлінеді.
- Жасалу техникасына қарай қандай ою-өрнектерге бөлінеді?
- Жасалу техникасына қарай сызылған, қиылған, сырылған ою-өрнектер болып бөлінеді.
2. «Білімді мыңды жығады» (сайыскерлерге арналған тапсырма)
Суреттерге қарап оюдың атын айтып беріңдер.
3. Оюдың аты жазылған тұсқа оюдың мағынасын білдіретін сөзді қойыңдар.
«Құс» - бақыттың белгісі
«Түйетабан» - алыс сапар
«Қошқар мүйіз» - қайрат, бірлік
«Ирек» - адамның өмір жолын білдіреді
«Гүл» - бейбітшіліктің, қуаныштың белгісі
«Жұлдыз» - бостандықтың белгісі
«Бұғы мүйіз» - батырлықты, биікті білдіреді
«Ботагөз» - оқу, білімді білдіреді.
4. Суретте берілген ою-өрнек кілеміне қарап, сөйлемдер құрастырыңдар. Бұл оюмен еліміз қандай ой айтқан екен, сіз қалай ойлайсыздар?
1-жүргізуші: (жанкүйлерге арналған тапсырма)
Ойын. Әр командадан 4 жанкүйлер сахнаның алдына шығады. Олар рет-ретімен өздерін санайды. Бірақ біріншісі қазақша санын айтады, екіншісі – орысша, үшіншісі – қазақша, төртіншісі – орысша ... .
2-жүргізуші: 4-тур: «Ер қанаты – ат» деген ата-бабамыз. Сол ерлерді халық ұмытпас. Ал біз сол ерлердің тұлпарларын есімізге алып, оларды тани аламыз ба? Кәне, көрейік. Осы сайысқа жігіттер қатысады. (1 жауапқа 1 ұпай)
Қобланды батырдың тұлпары - (Тайбұрыл)
Петр Первый - (Лизетта)
Александр Македонский - (Буцефал)
Ақан сері - (Құлагер)
Илья Мурамец - (Буравушка)
«Елдің көркі – қыз, қыздың сұлулығы – әшекей» дейді халық. Кәне, қыздар, сайысқа шығыңдар. Кім әшекейдің атауын қазақша айталады, сол 1 сөзге 1 ұпай алады. (білезік, алқа, сақина, сырға, белдік)
2-жүргізуші: 4-тур: «Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың» дегендей сайыскерлердің тапқырлығы, ұшқыр қиялы көрінетін кезең «Тапақыр болсаң шешіп көр»
Жұмбақтың шешуін табыңдар. (екі команда сайысқа қатысады)
Мұқият тыңдаңдар! (мәтін)
Сіз – автобус жүргізушісіз. Автобуста 50 адам бар. Бірінші аялдамада 3 кісі шықты, 2 кісі кірді. Келесі аялдамада 7 кісі шықты. Үшінші аялдамада автобусқа 4 адам кірді. Келесі аялдамада автобус тоқтамай кетті. Содан кейін аялдамадан 20 адам шықты. Аялдамаға жетпей 2 кісі автобус жүргізушіден тоқтауын сұрап шықты. Соңғы аялдамада қалған кісілер түгел шықты. Сонымен, автобуста қанша адам қалды? Неше аялдама болды?
1-жүргізуші: Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдану, өркендеу – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз. Осымен тілдер күніне арналған «Қазақша – тамаша» сайысы аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777
Просмотров: 1133 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 10:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru