Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

баяндама
2014-05-13, 11:22 PM
ӨЗГЕ ТІЛДІ МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА АДАМИ ҚАСИЕТТЕРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

ИСКАКОВА БАҚТЫКҮЛ ДҮЙСЕНҚЫЗЫ
№ 4 орыс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы



Тәрбие ісі- ұзақ және күрделі үрдіс. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан, әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық , отансүйгіштік қасиеттер болуы тиіс. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет. Бірнеше қағидаларды саралай келе, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз- тұлғаның адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелі, жоспарлы жүргізілетін тәрбие үрдісі деп түсіндіре аламыз. Адам бойында жастайынан мінез-құлық ережесін дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Адамгершілік идеяларды уағыздап, артына мол мұра қалдырған Ш. Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Олар: барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді,» - деген екен.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде бірінші міндет- ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын тұлғаның рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару. Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту - заман талабы.(1)
«Тұлға» деген кім? Тұлға ретінде қалыптасқанға дейін адам мынадай негізгі сатылардан өтеді.

ИНДИВИД
Өз бетімен шешім Оған өмір бойы Өзінен өзі қорқып Барға
қабылдай біреулер жасқанып қанағаттанады
алмайды көмектеседі жүреді



АДАМ

Білімді Өзі өмір сүреді,барға Өзін- өзі асырайды
қанағаттанады
«Осы жетеді,жарайды» деп
тежейді

ТҰЛҒА


Өзін-өзі Оны бәрі біледі
асырайды Тума-туыс,
Барды дос, көрші бәріне
«Одан әрі көбейтсем» көмектеседі
дейді

«Білген үстіне білсем»
дейді

Сонда, тұлға деген жаңа ақпараттармен таныс, білім алуға жаны құмар, жаңа технологияларды меңгерген, жоғары саналы, білімді, жан-жақты дамыған үлкен әріппен басталып жазылатын Азамат, Адам. Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты, атап өткеніміздей, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Мектеп табалдырығын аттамас бұрын барлық бала отбасында тәрбие алады. Отбасы –адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасына балаға қоғамда өмір сүру үшін қажетті негізгі әлеуметтік білім беру, аға ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын қоғамға, өздеріне пайдалы азамат етіп өсіру, адамгершілік құндылықтар мен дағдыларды, идеяларды дамыту міндеттері жүктеледі.(4) Адамның санасы рухани сапасын көтереді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп халық бекер айтпаған., адамгершілік тәрбиесі мен шығармашылық қабілетін іске асыру, кітап оқу әдеті - отбасылық дүние. М. Жұмабаев тәрбиенің өзін төртке бөлген. Олар: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, мінез-құлық тәрбиесі. Егер балаға осы төрт түрлі тәрбиені бере алған болса, оның тәрбиесі түгел болғаны деп есептеледі. (1)
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі»,- деп жазылған. «ҚР-сы жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында» білім беру жүйесінің негізгі міндеттері төмендегідей көрсетілген:
- жеке адамның рухани қабілет мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеуді дамыту.(3)
Соның ішінде баланың дербес қабілетін ескеріп тереңдетіп тәрбиелеу мақсаты көзделген. Бұл мақсатқа жету, алдымен, жеке тұлғаның рухани құндылықтарының дамуына баса назар аударуды қажет етеді.
Адамгершілік қатынастар, адамгершілік тәрбиесі туралы бірқатар ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, мынадай қорытынды жасауға болады: бүгінгі таңда педагогика ғылымында өзекті мәселелердің бірі - жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта тәрбиелеу.
Оқушыларды адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойып отыр:
-оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс- әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
- оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
-оқушының адамгершілік сана-сезімін, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, адамгершілік құндылықтарының тәрбиеленуіне қозғау салу;
-оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
- оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік «менін» оятуға бағдар беру. (2)
Осы орайда жаңа талап, жаңа міндет, оқыту технологиясындағы жаңалықтарды қолдана отырып, сабақта адамгершілікке, азаматтыққа, адами құндылықтарға қалай баулу керегі жайлы өз іс-тәжірибемде осы міндеттерді қалай жүзеге асырып жатырмын - сол жайлы ойымды ортаға сала кетсем деймін.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық тақырыптармен бірге ұрпақ тәрбиесіне қатысы бар, халқымыздың тарихын, ұлттық ерекшеліктерін баяндайтын мәтіндер қолдану және ұлттық ойындар, қолөнер, ұлттық салт-дәстүр, бала тәрбиесіне байланысты тақырыптар, ауыз әдебиеті үлгілеріне арналған тақырыптарды қолданамыз. Мысалға алатын болсақ, сабақтарымда А. Құнанбаев,
Ы. Алтынсарин шығармашылығына және тағы да басқа адамгершілік сапаларға тәрбиелейтін мәтіндерге көп тоқталып, үлкен мән беремін. Олар- адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, іс-әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым - қатынасын шынайы көрсететін дидактикалық және тәрбиелік мәні бар тақырыптар. Мысалы, 7 сынып бағдарламасы бойынша Абай және оның өлеңдерін оқыту кезінде «неге, қалай тәрбиелеу керек?» -дейтін болсақ, автордың өмірі мен еңбегі, оның үлгі тұтатын жақтағы іс-әрекеттері айтылады, яғни «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» қанатты сөзін басты назарда ұстадым. «Ғылым таппай, мақтанба» атты өлеңі сабақ тақырыбы болды. Сабақ мақсатын айтудан кейін жаңа сөздерді таныстырып, аудармасын беруден басталды.
Ғылым таппай, мақтанба,
Орын таппай, баптанба,
Ойнап босқа күлуге,- деп басталатын өлеңдегі Абай айтқан өмірдегі жақсылық пен жамандықтарды оқушылар өлең мәтінімен танысып, түсініп, өздері ажыратады:
Жақсы жағы - Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Жаман жағы - Бес дұшпан: өсек, өтірік мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашу.
Ажырата отырып нені білу керек?
-өмірдің түйінді мәселелерін білу ұғымын түсіну;
-оқу, білім, ғылым, өнер өмір оқуларынан тарайтынын білу;
- ғалым болудың алғашқы шарты - өмірден оқу деген шешімге келу;
-жақсылықты үйреніп, білім алу;
- жалықпай, талмай еңбек ете білу керек.
Ол үшін нені, қалай ұғындырамын?
-алдында өмірден үміті бар адам бес жақсылыққа қолы жеткенше асығуы;
-бес дұшпаннан қашық тұру керек;
-жақсылыққа жету, жамандықтан құтылу;
-не жақсылыққа жете алмай, не жамандықтан құтыла алмай қалу- дүниеден орын таппау екендігін;
-орын таппаған соң, адамның жайы болмайтынын түсіндіру.
Өлеңді түсіндіру жоспары:
1. Ғылымды меңгерудегі ең басты мақсат: ( орын таппай мақтанба)
2. Ғылымның негіздері. а) өмірден үйрену, ә) ғылымның өзінен үйрену.
3. Ғылымға апаратын жол: а) ақыл, ә) үздіксіз еңбек, б) ғылымға деген сүйіспеншілік..
4. Ғылым қандай болу керек: а) біреуден асу үшін емес, ә) ғылымды меңгеру үшін қызмет ету, б) жақсылық пен жамандықты танып, адамдардың адамгершілігін ісі мен сөзіне қарай ажырата білу. Ал мұның бәріне өлшеуіш- ақыл керек
Өлеңді талдап түсіндіргеннен кейін бекіту ретінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптар алды. Мақсат- оқушылардың ой түюі мен қалай меңгергендерін бақылау болатын.
Сұрақтар:
1. «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі жастарды неге шақырады ?
2. Адам боламын деген жастарға не айтады?
3.Ол нені ғылым деп санайды? -
4. Кімнен үлгі алуды айтады?
5. «Надандарға бой берме, шын сөзбенен өлсеңіз» деген сөзінен нені түсіндің?
6. Ақын өсиетінің бірі деп нені атап айта аласың?
Күтілетін жауаптар:
1.Өнер-ғылым үйренуге шақырады
2. Адам боламын деген жастарға өсиет айтады -
3. Ол азаматтықты, әділеттілікті, адамгершілікті ғылым деп санайды.
4. Бес асыл істі үлгі етуді айтады, жақсылардан үлгі алуды айтады.
5. Әділ сөз, шындық алдында еш нәрсе кедергі бола алмайды
6. Өсиетінің бірі - білім алу, адам болу жолындағы кездесетін кедергілерге қарсы күресу.
Оқушылар өз сөзімен баяндау кезінде жағымды, жағымсыз әрекеттерді таниды.
Сонымен қатар, мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Олардың да түрлері сан алуан, бірнеше тақырыптарды қамтиды. Сондықтан, сөз мәйегі-мақалдарды әр сабақты өткен кезде тақырыпқа сай қолданамын
Сабақта мақал-мәтелдердің тақырыптары ашылады, талданады, тәрбиелік жақтары ашылып, түсіндіріледі, жатқа айтып, тілін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, «Саусақ бірікпей-ине ілікпейді», «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген сияқты мақалдардың тәрбиелік мәні- әрбір алға қойған іс-әрекеттің ойдағыдай, табысты орындалуы үшін бірліктің, ынтымақтастықтың қажеттілігі екені мұғалім тарапынан баяндалады. Бұдан кейінгі жұмыста оқушыларға тәрбиелік жағы ашылған түрде мысалдары бар кеспе қағаздар таратылып, соған сәйкес мақалдар ретін тауып жазу тапсырмасы беріледі. Жеке және жұптық тапсырмалар беру кезінде оқушылар бірлесіп ойлайды, пікір алмасады, бір шешімге келеді. Содан түйгендерін ортаға салып бір-бірінен сабақ алады.
Сол сияқты 10 сынып қазақ тілі бағдарламасында тұңғыш ағартушылар, белгілі адамдар, қоғам қайраткерлері, қазақ жазушылары туралы көптеген тәрбиелік мәні мол тақырыптар берілген. Солардың ішінен бір ғана Қ.Сәтбаев туралы алатын болсақ, оның өмір жолы, өсу жолдары, адами қасиеттері - тұнып тұрған тәрбие. «Қарапайым адам еді» мәтіні бойынша өтілген сабақта мынадай тапсырма берілді:
1. «Ой қозғау» немесе « Ой шақыру» стратегиясы
а) Қаныш кім?
ә) Сіңірген еңбегі
б) Оған тән қандай қасиеттерді айта аласың?- деген сауалдар беру.
2. Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды табу.
Оқыту кезінде оқушылар мәтіннен өз бетінше мынадай ой түйіндейді:
Ғалым болу үшін: 1. адам болуы ;
2. өмірін адам үшін сарп етуі;
3. еңбегін халқына арнауы;
4. адамға деген көзқарасы бірдей болуы керек.
Осыдан үш қасиет туындайды: 1. еңбексүйгіштік
2. сыпайыгершілік
3. адамгершілік
Бекіту: Сұрақ-жауап:
1. Қадірлі ағаның қарапайымдылығын неден байқадың?
- Оқымысты ма, министр ме, жай қара жұмыскер ме-ол кісіге бәрі бірдей адам, бәріне бірдей жылы шыраймен қарайтындығынан.
- Қолынан келген жәрдемін аямайтындығынан.
2. Сынып екі топқа бөлінді. І топқа сөздер берілді, оларды мағынасына қарай топтады.
Үлкенді сыйлау: құрмет көрсету, «Сіз» деп сөйлесу, алдын кесіп өтпеу, сөзін бөлмеу.
Әдептілік: сәлемдесу, қатты дауыстамау, жаман дағдыдан алыс болу.
Кішіпейілділік: адалдық, сыпайылық, жылы сәлемдесу, жәрдемдесу
ІІ топ: Әдептілік, ар-ұят, адамдық туралы мақал- мәтелдер айту.
Осының бәрі жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға тигізер пайдасы бар екенін көрсетеді, әрі оқушы сөйлеуге үйренеді.
Сабақ соңында үйге « Қ. Сәтбаев туралы не білдім, нені үлгі тұтамын?» деген тақырыпқа шығарма жазу берілді.
Қазіргі жаңа қоғамда білімді, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу - ұстаздардың міндеті. Сондықтан, оқушыны адамгершілікке тәрбиелеу - бұл тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыруынан жүзеге асады. Оқу үрдісінде әрбір оқушының бойында адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру оларды жақсы қарым-қатынасқа түсіреді, сөйлесу арқылы тілін дамытады және білім – білік, дағдыларын тереңдетеді.
Олай болса, оқу үрдісінде бала бойына рухани-адамгершілік, құнды қасиеттерді ұялатуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажет, яғни тұлға сапаларын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен байыту арқылы жақсылыққа, сүйіспеншілікке баулу керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Білімдегі жаңалықтар» журналы №1,2. 2008 ж . №3. (27) 2009 ж.
2. «Қазақстан мектебі». Білім берудегі өзекті мәселе. №3. 2007 ж.
3. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы 2007 ж.
4. Педагогика Ш.Х. Құрманәлиев Астана. 2007 ж.
5. 7,10 сынып оқу бағдарламасы, 2008-2009 оқу ж
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Бактыгуль
Просмотров: 1999 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-12, 5:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru