Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-06-26, 5:21 PM | |
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ тілін құрметтей білуге баулу. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы қазақ тілінің байлығын көрсету. Сөздік қорларын молайту, қолдана білуге үйрету. Дамытушылық: Жұмысты түрлендіру барысында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімдерін оята отырып, елін, жерін, тілін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың типі. Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, интерактивті тақта, слайд. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар. Қонақтар! Көңілді тапқырлар сайысына қош келдіңіздер! Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қадірлі, құдіретті! Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Шыңғыс Айтматов айтпақшы «Халықтың мәңгілік ғұмыры оның тілінде!» Ең алдымен сайысымызды бағалайтын әділқазылар мүшесін тағайындап алайық! Ойын төмендегі бөлімдерден тұрады. 1. Таныстыру 2. Блиц-турнир 3. Ойлан тап! 4. Мақал-мәтелдерді толықтыр 5. Қызық жауап 6. Сөзжұмбақ 7. Полиглот 8. Дұрыс сөйлейік! 9. Өлең оқу Олай болса сайысымызды бастайық! 1. Таныстыру Жас қырын: Ұранымыз: Топтың аты-Жас қыран Шарықтап көкке самғаған Болашақ: Ұранымыз: Алысқа самғап ұшамыз, Білім шыңына шығамыз 2. Блиц-турнир 1. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана) 2. Қазақстанның Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) 3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран) 4. Тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан) 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? (Қазақ тілі) 6. Тілдер мерекесі қашан? (22 қыркүйек) 7. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп бар) 8. Білім күні қай күн? (1 қыркүйек) 9. Тудың түсі қандай? (көк) 3. Ойлан тап! «Қазақстан» бірнеше сөз құру. 4. Мақал-мәтелдерді толықтыр! Өнер алды-қызыл ... Ана сүті ... өсіреді,ана тілі ... өсіреді Отансыз-адам, ормансыз - ... Жеті жұрттың ... біл, Жеті түрлі ... біл Мектеп - ... , Білім - ... 5. Қызық жауап. С және Т әріптері 1. Сенің атың кім? 2. Қай қалада тұрасың? 3. Неше жастасың? 4. Не жегенді ұнатасың? 5. Сүйікті ұстазың кім? 6. Мектепте не бар? 7. Сөмкеңде не бар? 6. Сөзжұмақты шеш 1. Арбуз 2. Столица 3. Осень 4. Учитель 5. Ноябрь 6. Байтерек 7. Знание 8. Яблоко 9. Книга 7. Полиглот. Жұмбақтарды шешіп, жауаптарын үш тілде айту. 1. Ортасында шегесі Жіп-жіңішке денесі 2. Із қалдырып үнемі Тұмсығымен жүреді 3. Қабат-қабат ақ тақыр қатар-қатар жол жатыр 4. Білімнің дәнін тереді балаға тәлім береді 5. Қабат-қабат қаттама ақылың болса аттама 8. Дұрыс сөйлейік. Сөйлемдерді ретімен орналастырып айту. 1. Бақта, өседі, алма, алмұрт 2. Отыр, оқушылар, сыныпта 3. Жапырақтар, түседі, жерге, күзде 4. Біздің, асхана, бар, мектепте 5. Жапырақтар, түседі, күзде, жерге 9. Өлең оқу. Екі топтан бір-бір адам тіл туралы өлең оқиды. Қорытынды: Бағалау: | |
Просмотров: 848 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|