Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ · Скачать удаленно () ] | 2014-08-14, 8:56 PM |
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу. Мұқағали Мақатаев өлеңдері. Сынып: 5 Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып,оқушыларды поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту. Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Зерттеу шеберханасы. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчат, ақынның суреті, презентация №1, №2, бейнефильм. Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Слайд 1 Мұқағали Мақатаевтың портреті - Құрметті оқушылар,бүгін сыныптан тыс сабағымызда біз қазақтың белгілі, танымал, тамаша жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М. Мақатаевтың өлеңдерін оқып, ақынның өмірімен танысамыз. Егер ақын тірі болса биыл 83 жасқа толар еді. Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш – қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытымен, ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. Сабақтың эпиграфы. Слайд 2 бейнефильмнен үзінді Ақ қырау тұрған ақпанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып тұрып ақ таңда, Есіңе мені алғайсың. Есіңе мені алғайсың! – - міне ақын рухын еске алып ұрпақтары ақын шығармаларын жаттап өсіп келеді. Бүгін сендер сабаққа дайындалып келдіндер. Әр топтың өз тапсырмасы болды. І – топ. Зерттеу тобы «Ақынның жұмбақ әлемі» Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру. ІІ – топ. Суреттеу тобы «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін айту. ІІІ – топ. Сұхбат тобы «Сен мені білесің бе?» Сұрақтар, тест сұрақтарын дайындады. І – топ. Зерттеу тобы «Ақынның жұмбақ әлемі» Презентация № 2 (өздік жұмыс) Өздері дайындаған презентация Тірек сөздерді тақтаға іледі, құрылған кестеге қарап оқушылар Мұқағали Мақатаев туралы әңгімелейді. 1931 ж 9.02 Алматы обл-ның, Қарасаз ауыл. Әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті интернатта еңбекке ерте араласты ауылдық кеңестің хатшысы жеті жылдық мектептің мұғалімі болды Республикалық радиоға дикторы 1962 жылы Алматыға көшіп келді « Социалистік Қазақстан» газетінде « Мәдениет және тұрмыс» журналы « Жұлдыз» журналында қызмет атқарады. Жырларының тақырыбы әр алуан: табиғат, туған жер, елі Алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста ІІ – топ. Суреттеу тобы «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» - Ақын өмірді жырлары арқылы суреттесе, сіздер ақын жырларын суретпен бейнелеп өз ойларыңызды ортаға саласыздар. Презентация № 1 «Наурыз», «Нені аңсаймын?», «Қазақ жері», «Біздің көктем», «Үш бақыт» ІІІ – топ. Сұхбат тобы «Сен мені білесің бе?» «Сен мені білесің бе?» айдарымен жұмыс жасайсыздар. Сабақта ақын өміріне қатысты алған білімдерінді тексерейік. Мұқағали қандай газет-журналдарда қызмет атқарлы? Орта мектепті интернатта оқыды. Ақын қайда еңбек етті? 1931 ж. 9.02 Алматы обл-ның, Қарасаз ауылында. Қай жылы Мұқағали Мақатаев Алматы қаласына көшіп келді? еңбекке ерте араласты:ауылдық кеңестің хатшысы,жеті жылдық мектептің мұғалімі болды,Республикалық радиоға дикторы. Мұқағали қайда оқыды? 1962 жылы Алматыға көшіп келді. Әкесі қайда қаза болды? « Социалистік Қазақстан» газетінде « Мәдениет және тұрмыс» журналы « Жұлдыз» журналында қызмет атқарады. Қандай газет,журналдарда қызмет атқарды? Әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза болды ІІІ. Тапсырма Жаттау «5 минут» Сөздік жұмыс Ақ қырау тұрған ақпанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып тұрып ақ таңда, Есіңе мені алғайсың. Есіңе мені алғайсың! – ІҮ . Караоке. бейнефильмнен үзінді «Сарыжайлау» - Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Біз бүгін Мұқағали Мақатаевты еске түсірдік. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты. Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы, біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ. «Есіңе мені алғайсың» әнінің бейнеклипі бейнефильмнен үзінді Ү . Ой толғау 1.Бүгін сабақта қандай мәтінмен таныстық? 2. Мұқағали кім? Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным» “Отан” сөзіне ассоциация құру Рефлексия. Флипчат сабақ ұнады, орташа, ұнаған жоқ деген сұрақатарға сабақ береді Есеп карточкаларымен жұмыс. Ұпайларын санау. Бағалау. Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу. «Туған ел» тақырыбына шығарма жазу | |
Просмотров: 3455 | Загрузок: 349 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|