Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-08-18, 5:35 PM | |
Пән: қазақ әдебиет Сынып: 5 Сабақтың тақырыбы: Б.Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сабақтың мақсаты: білімділік:Б.Момышұлы туралы мәлімет беру, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісімен таныстыру. дамытушылық:өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу. тәрбиелік:Б.Момышұлының шығармасы,өнегелі сөздері арқылы елін,жерін,халқын сүюге,патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау,ізденушілік. Сабақтың көрнекілігі: портрет,суреттер,кесте,тест. Сабақтың эпиграфы: Мен де адаммын жаралған сүйек -еттен, Арым бар,намысым бар жан тербеткен. Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен.... Балаларға айтар тілегім: Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отанына лайықты азамат болып өсіңдер. (Б.Момышұлы) Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа кіріп оқушылармен амандасып, кезекші арқылы сыныпты түгендеймін. -Құрметті оқушылар,сендерді бүгінгі басталған тамаша күнімен құттықтағым келеді. Барлықтарыңыздың ұйықтарыңыз қанық,көңіл- күйлеріңіз жақсы деген үміттемін. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін жатқа айту. ІІІ..Жаңа тақырыпты жариялау,мақсатың айту. Психологиялық көңіл күйі: Балалар , сендер бір-біріңізге қарап қолдарыңыздан ұстап осы сабақта бір-біріне жақсы тілейтін тіліктеріңізді айтуға болады. Осы сабақта қалай жұмыс істейміз. Оқу-ойланып, Жазу-сауатты. Тыңдау-ықыласпен, Сөйлеу дұрыс,түсінікті. Жаңа сабақ: 1.1941 жылы 22 маусым күні наңғы сағат 4-те фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына Соғыс ашты. Соғыстың алғашқы күндерінен бүкіл халық жан-тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Солардың арасында Б.Момышұлы болды. Б.Момышұлы –әскери қайраткер,ержүрек,қолбасшы ,жазушы, Кеңес Одағының Батыры (12.12.1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). Ол 1910жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Қолбастау ауылында,малшы отбасында дүниеге келген. Бауржан 7-жылдық мектепті бітірген соң біраз уақыт мұғалім болған. 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауржан даңқты генерал –майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, полк командирі қызметін атқарады.Соғыс кезінде ерлігімен,шеберлігімен көзге түседі. Бауржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр Бек «Волоколамсы тас жолы»,«Алпамыс» шығармаларын жазды. 1956 жылы демалысқа шығып ,өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып,қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы қаламынан «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда»Москва (1963), «Генерал Панфилов» (1965),«Ұшқан ұя» (1974),«Соғыс психологиясы»,т.б туындылар туған. 1982 жылы 10 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды. Шығармалары бірнеше шет тілдеріне аударылды. «Москва үшін шайқас» кітабы негізінде көркем фильм түсірілген. Бүгінде Бауржан батыр есімін иеленген мектептер ,көшелер,елді мекендер,Алматыда ол тұрған үйде ескерткіш тақта орнатылған. Республикалық әскери мектепке есімі берілген. 2. Кластер жаңа тақырып бойынша жұмыс 5-минут. Б.Момышұлының сөздеріне назар аудару: Мен үш нәрседен қорқамын: Біріншісі-баласына бесік жырын айта алмайтын анадан, Екінші- бір-бірімен қазақша сөйлей алмайтын қазақтан. Үшіншісі- немересіне ертегі айтпайтын әжеден. (Б.Момышұлы) 3. Сөздікпен жұмыс. (оқушылар мұғаліммен бірге жаңа сөздерді дауыстап айтады.) 4. Блиц-турнир. 5. Кітаппен жұмыс (чтение по ролям) 6,Сценка «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сұрақтар: 1)Балалар ертегі не туралы? 2) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бізді неге үйретеді? 3)Ертегілер неше топқа бөлінеді? 7.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолдарымызды созамыз. Бір отырып –бір тұрып, Демімізді аламыз. 8.Карточкамен жұмыс (взаимопроверка тетрадей) 9.Венн диаграммасы: 1) Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар. 2) Қарлығаш қандай құс, ол туралы не білесіңдер? 10.Бата беріледі. 11.Тест. ІV. Бекіту кезеңі.Сұрақтарға жауап беру.Оқушыларды бағалау. V.Үй жұмысы: Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беріңдер,әңгімелеу. | |
Просмотров: 2221 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|