Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ана тілім
2014-09-18, 3:11 PM
Қарлығаш Сабыржанқызы Төлепбергенова,
Солтүстік Қазақстан облысының
Мамлют ауданындағы
Новомихайловка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Ана тілім – тірлігімнің айғағы»
(Интеллектуалдық – танымдық ойыны)

Сабақ түрі : ойын сабақ
Мақсаты:Оқушылардың пән және жалпы білімін жинақтап,тілдің қадір-қасиетін түсіндіріп.ана тілге деген құрметін арттыру.
Кіріспе сөз:Тіл қай ұлтта ,қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамға сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл байлығы -әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Ол –атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Демек,әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс .
Ендеше ,сіздер ана тілге деген құрметтеріңді қалай көрсете аласыңдар? Тыңдап көрейік:
1-оқушы
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құртетте!
2-оқушы
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім,мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін .
3-оқушы
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
4-оқушы
Туған тілім-баба тілім-өз тілім!
Туған тілім-ана тілім-өз тілім !
Туған тілім- далам тілім-өз тілім!
Туған тілім- адам тілім-өз тілім !
5-оқушы
Қымбат маған ана тілім,бал тілім,
Қымбат маған дана тілім ,ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім-ардақ тұтар алтыным.
6-оқушы
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Бүгнгі ұйымдастырылып отырған «Ана тілім-тірлігімнің айғағы» атты интеллектуалдық –танымдық ойынымызда осы тілге деген құрметіміз емес пе? Олай болса ойынның шарттарымен ,кезеңдерімен таныстырып өтейік.
Ойын 6 кезеңнен тұрады.
1 кезең – Ойлы болсаң.озып көр.
2 кезең - Өзге тілдің бәрін біл….
3 кезең – Білімдіге өріс кең
4 кезең – Мақал – сөздің атасы
5 кезең - Сөйле ,тілім !
6-кезең – Кім,тапқыр!
Әр кезеңнен кейін ұпайы төмен ойыншы ойыннан шығарылып отырады.
I кезең.Жалпы білімді анықтау мақсатында 20 сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.Бірінші болып белгі берген оқушы жауап береді.
1.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5)
2.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
3.Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)
4.Қазақстандағы ең ірі көл? (Балқаш)
5.Қазақ тілінде неше буын түрі бар? (3)
6.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (3)
7.Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)
8.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Неше? Қанша? Нешінші?)
9.Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
10.Мағыналары қарама-қарсы сөздер (синоним)
11.Жылқының төлін қалай атайды? (құлын)
12.ҚР тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж)
13.Ертегі,аңыз-әңгімелерде қу,айлакер бейнедегі аң (түлкі)
14. «Шәкірт»сөзінің синонимі (оқушы)
15. «Жақсы» сөзінің синонимі (жаман)
16.ҚР тәуелсіздік күні қай күні тойланады? (16 желтоқсан)
17.ҚР рәміздері (ту,елтаңба,әнұран)
18.Қазақ халқының бас ақыны (Абай)
19.Тілдер күні мерекесі қай күні тойланады? (22 қыркүйек)
20.Қазақ халқының киелі саналатын құс (аққу)
2 кезең: Өзге тілдің бәрін біл...
(Жалпы саны 12 жұмбақ беріледі.Жауабын тауып,орысша және ағылшынша
аудармасын тапқан ойыншыға 30 ұпай)
1.Көктемде жеткен, күзде кеткен,
Қиқулап келіп, қиқулап өткен. (қаз-гусь-goose)
2.Екі жеңдей құлағы,
Елең етіп тұрады. (қоян-заяц-hare)
3.Жанды сағат,
Айқай салады. (әтеш-петух-cock)
4.Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекндейтін.
Көл көрдім,өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта-карта-map)
Түнімен көз ілмейміз. (жұлдыз-звезда-star)
6.Жаны жоқ болса да,
Ақылы адам ісін істейді. (кітап-книга-book)
7.Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (жер-земля-earch)
8.Үй бағады үрмейді,
Аяғы жоқ жүрмейді. (кілт-ключ-clue)
9.Кішкене ғана безер,
Дүниені кезер (ақша-деньги- money)
10. Бір тышқанда екі құйрық (қайшы-ножницы-shears)
11.Мұрты бар,сақалы жоқ.(мысық-кошка-ca t)
12.Ти десем тимейді тиме десем тиеді (ерін-губы-Iip )
3 кезең «Мақал-сөздің атасы»
(Бұл кезеңде 12 мақал-мәтел беріледі.Жалғасын дұрыс тапқан ойыншыға 20 ұпай
беріледі)

1.Тіл тас жарады,...(тас жармаса,бас жарады)
2.Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің тілі ортақ)
3.Көп сөз-күміс,...(аз сөз-алтын)
4.Сөз сүйектен өтеді,...(таяқ еттен өтеді)
5. Өнер алды- (қызыл тіл )
6.Тіліңмен жүгірме,...(біліммен жүгір)
7. Ана сүті бой өсіреді,(ана тілі ой өсіреді)
8. Туған елдей ел болмас, ( туған жердей жер болмас)
9. Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл )
4 кезең « Білімдіге өріс кең» берілген тұрақты тіркестердің мағынасын бір ауыз сөзбен
айта біліңіз.Мысалы: инемен құдық қазғандай-«қиын», «ауыр» деген мағынаны
білдіреді.Оқу инемен құдық қазғандай.
1.Ана сүті ауызынан кетпеген-----жас
2.Тақиясын көкке лақтыру-----қуану
3.Мұрын шүйірді-----менсінбейді
4.Иығың түсіп кетіпті-----көңілсіз
5.Жағасын ұстады-----таң қалды
6.Шөп басын сындырмау-----түк істемеу
5 кезең «Сөйле,тілім!» Соңғы қалған ойыншыларға мынадай мақалдар беріледі.
1.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2.Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
Екі оқушы таңдаған мақалын қалай түсінетіндіктерін ойлы, жүйеліжеткізулері керек.
Ендігі сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туган тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-демекші ақын ағаларымыз сияқты сендерде жүрегінде
оты бар патриот азамат болыңыздар.
Бағалау.Жақсы жауап бергендерді мақтау,сыйлықтар беру.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Карлыгаш9294
Просмотров: 1163 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-12, 7:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru