Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-09-18, 3:18 PM | |
Қарлығаш Сабыржанқызы Төлепбергенова, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы Новомихайловка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазақ халқының ұлттық аспаптары Сабақтың мақсаты:Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып,бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу,бекіту,үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету. 2.Дамытушылық.Оқушылардың алған білімін пысықтай отырып,өз ой-өрісін кеңейту,ізденімпаздығын арттыру,сөйлеу дағдыларын дамыту,оларды меңгерту,пікір алысуға үйрету. 3.Тәрбиелік:Қазақ халқының музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,өнерді сүйе және үйрене білуге жетелеу.Оқушылардың рухани эстетикалық талғамын дамыту,музыкаға қызықтыру. Көрнекіліктер:әнші-сазгерлердің портреттері, қазақтың ұлттық саз аспаптарының суреттері,сөзжұмбақ,музыка. Сабақтың түрі:саяхат сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері:жеке жұмыс,топтық жұмыс,шығармашылық жұмыстар,сұрақ –жауап,іздендіру,ойландыру, Пәнаралық байланыс:әдебиет,музыка, Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету. 2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Сабақтың ұраны: Домбырам,жүрегіммен үндес едін, Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам,сен болмасан, өнердің не екенін де білмес едім ( М.Мақатаев) ІІ.Негізгі бөлім. 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. 2. Білім әлеміне саяхат.. 3.Сабақты бекіту. 4.Оқушылардың сабақ туралы пікірі. ІІІ.Қорытындылау. 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. -Балалар,бүгінгі нәтиже сабақтың тақырыбы «Қазақтың ұлттық аспаптар» деп аталады.Бүгін сендер өткен сабақта алған білімдерінді жинақтап,түйіндейсіңдер. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру. Үй тапсырмасын тексеру:Әңгімелесу.Слайдтар ұлттық аспаптар туралы -Қазақтың ұлттық аспаптарында орындалатын әуен-саз қалай аталады? - Қандай әйгелі күйшілерді білесіңдер? 2..Білім әліміне саяхат. Сабағымызды саяхат түрінде жүргіземіз. Ұраны «Өнер,білім, бәрі де оқуменен табылған» , Бірінші саяхатымыздың аялдамасы «Тарих». Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады. Қазақтың музыкалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.Ертеде аспаптарды ағаштан ойып,түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен,мүйізі мен қылынан жасаған.Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде,аңды үркіткенде,ән-күйлер орындағанда домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Халықтық музыкалық аспаптар қандай болады? 2.Ертеде аспаптарды неден жасаған? 3.Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған? 4.Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынған. СӨЗДІК: Ерекшелік- особенность Мұра- наследие Үркіту-спугнуть Орындау- исполнять «Тарих» аялдамасынан шығып .«Әдебиет» аялдамасына тоқтаймыз. Ұранымыз :«Қай істе де өнер қолдан,өнерлі адам жеңер болған.» Тапсырмалары: 1.Дина Нұрпейісова қай жылы өмірге келді ? (1861ж. Батыс Қазақстан облысында туған) 2.Қай жылы алғашқы музыкалық мектептер ашылды? (1934жылы Алматы мен Орал қалаларында ашылды). Келесі аялдама «Сөз аялдамасы» келдік 1.Тапсырма.Сөйлемдердің жалғасын табыңдар.Тақтада жазыл тұр 1. Жетіген -----... өте нәзік,құлаққа жағымды 2. Аспап ағаштан ... Қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан,жеті ішекті шертпелі музыка аспабы 3. Аспаптың үні... Көптеген ансамбльде ойналып,кеңінен насихатталып келеді. 4. Жетіген аспабы... Құрастырылып жасалады. . 2. Тапсырма .«Өнерлі»сөзін сөз құрамына,лексика-грамматикалық мағынасына қарай талдау. Жұмыс флипчатта.Тақтада 3. Тапсырма: Үш деңгейлі бойынша Зат есім Етістік Сын есім Әр түрлі 5 10 15 5 10 15 5 10 15 5 10 15 Сөз таптарына арналған тапсырмалар Келесі «Сөзжұмбақ» Оймен,кәне,өсейік Ойлы жұмбақ шешейік Кроссвордт шешу Жұмбақтарды шешу Ұзын мойын Екі ішекті Қатар-қатар текпішек Басып көрсең бір-бірлеп Үн шығады күмбірлеп (Домбыра) Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау үн шығар. Ойнап кетсең,түрлі-түрлі жыр шығар. Бұл аспап қай аспап? (Жетіген) Сазымнан жасалған Өрнектеп қашалған Сырнайдың үніндей, Бұлбұлдың біріндей (Саз сырнай) 3.Сабақты бекіту. -Абай Құнанбаевтың ән мен күй туралы былай деген. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй. 4.Оқушылардың сабақ туралы пікірі. Рефлексия: «Түртіп алу» стратегиясы Білемін Білдім Білгім келеді ІІІ.Қорытындылау.Баға Біз осымен білім әлеміне арналған саяхатымызды аяқтаймыз. Үйге тапсырма:«Өнер-ағып жатқан бұлақ» атты тақырыпқа эссе жазу. Эпиграфқа қайталап келу.Әң тыңдау М.Жунусова «Дариға,домбырамды берші маған» | |
Просмотров: 1065 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|