Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сый табақ
2014-10-10, 1:59 PM
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Сый табақ
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Омоним, антоним, синонимдерді
қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық дастарқаны және қонақ
қабылдау дәстүрі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардыңізденіс қабылетерің дамыта отырып, қазақша
сөйлеу, ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбилік: Халқымыз ұлттық дастарханын, қонақ қабылдау дәстүрін
үйреніп, болашақта мамандықтарында пайдалана білуге
үйрету.
Сабақ: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, интернет желісі,
аударма сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру бөлімі.
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беру
1.Біз өткен қандай тақырыптарды өтіп едік?
2.Ол тақырыптар кім туралы?
3.Ораз Мұхамед деген кім?
4.Ол туралы қай жазушы шығарма жазған?
5.Шығарманың атауы қалай?
3Негізгі бөлім
1.Мәтінді оқу
Сый табақ
Қымыздың қызуы қайтып, әнгіме байсалды арнаға көшті. Жаңа ғана сойылған тай еті де піскен екен. Табақ тартыла бастады. Ораз-Мұхамедке жеке табақ, бектерге екеуара, қалған қауымға үшеуара, төртеуара бір табақ. Мәртебесі жоғарыларға жаңа ғана айналдырылған қос қазы мен бітеу жамбас. Басқаларға әр түрлі жіліктер мен омыртқа, бұғана, жал мен карта тартылған.
Ораз-Мұхамедтің алдындағы үлкен табақта сыйлы мүшелер бар.
Сұлтан әуелі бір кесіп, өзі ауыз тиді. Содан соң атап шақырып, өз қолымен билерге ет асатқан.
Қымыздан кейін көпшілік алдарындағы табаққа жапырлай қол созған. Езіле піскен жас етті жұлып, әркім өзінше тіршілік қамында.
Бие сауым уақытта жаңа сойылған тайдың еті түгелімен желініп бітті.
Тоғымызды басамыз деп құрт қосқан бір-бір аяқ майлы сорпа ішіскен.

2.Сөздік жұмысы
• Сөздерді хормен оқу
Ет асатқан - угощал мясом
Сый табақ - блюдо для почетных гостей
Сый қонақ, сыйлы қонақтар – почетный гость
Табақ тарту- преподнести угощение
Әңгіме байсалды арнаға көшті- беседа перешла в ровное русло
Сыйлық тарту- преподнести подарок
Табақ- большая чаша, блюдо
Табақ тартылды-распределение угощение
Бие сауым (уақыт)- вскоре (30-40 минут)
Бір-бір аяқ майлы сорпа – по одной чашке наваристого бульона

• Сөздердің аудармасын табыңдар.
угощал мясом-
почетный гость-
преподнести угощение-
беседа перешла в ровное русло-
по одной чашке наваристого бульона-
преподнести подарок-
большая чаша, блюдо-
распределение угощение-
вскоре-
Тапсырма №1 Жаңа сөздердің көмегімен көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Қонақтарға ........................ тартылды.
Ауылдан атам бастаған ..... ........ келіп түсті.
Қонақтар асықпай отырып, ......... ....... әңгімеге көшті.
.......................... уақытта ет те пісті.

3. Мәтінді аудару
4. Мәтін бойынша сұрақтар
1. Әңгіме қандай арнаға көшті?
2. Не піскен екен?
3. Табақ қалай тартылды?
4. Қонақтарға қандай мүше тартылған?
5. Ораз- Мұхамедтің алдындағы үлкен табақта не бар?
6. Сұлтан не істеді?
7. Көпшіліктің дастарқан басындағы әрекеті қалай суреттелген?
8. Тайдың еті қалай желінді?
9. Ас жеп болған соң халық не істеді?
• Мәтінді абзац бойынша мазмұндау.
Тапсырма №2
1-деңгей. Сыйлы қонақтарға қандай мүшелер беріледі?
2-деңгей. Мәтінді табақтың қандай түрлері аталған?
3-деңгей. Топтастыру

ІІІ. Жаттығу жұмыстары.
1- деңгейлік жаттығу.
Тарту, айналдыру, тию.
Ереже тұжырымдау.
1. Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздерді қандай сөздер дейміз?
2. Синоним сөздер дегеніміз не?
3. Антоним сөздер дегеніміз не?
2- деңгейлік жаттығу.
1-деңгей. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің антонимін табыңдар
2-деңгей. Мәтіннен төменде берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.
Қазір, берілді, бөлек, қалғандарға, халық, мезгіл, таусылды.
3-деңгей. Жұмбақты шешіп, антоним сөздерді табыңдар.
1. Аяғы бар, қолы жоқ,
Құлағы бар, басы жоқ. (қазан)
2. Жұмбақты шешіп, асты сызылған сөздердің антонимін тап.
Қос басы жұмыр,
Жіңішке құбыр.
Ішіне жиған,
Дәмі де шымыр. (жіліктің майы)
3. Жұмбақты шешіп, асты сызылған сөздердің синонимін тап.
Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген? (құрт)
Ой сергіту.
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
1. Қалай ойлайсыздар, «Сый табақ» мәтінінде дастарқанға байланысты қандай дәстүр көрсетілген?
2. Осыған ұқсас дәстүр тағы қай халықта бар деп ойлайсыздар?

ІҮ. Сабақты бекіту
1-деңгей. Үйренген жаңа сөздерді жазыңдар.
2-деңгей, Кестедегі тапсырмаларды орындап, омоним, синоним, антонимнің анықтамасын айтыңдар.
Омоним Синоним Антоним
жас бітеу, сыйлы жас, піскен

3-деңгей. «БББ» стратегиясы
Білемін Білдім Білгім келеді

Ү. Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау
Ет асату дәстүрі туралы мағлұмат жинап келу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Дияс
Просмотров: 1486 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru