Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-11-14, 7:42 AM | |
Сабақтың тақырыбы: Төлдер Мақсаты: 1. Білімділік: Балапардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету 2. Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту, 3. Тәрбиелік: Оларға қамқорлық жасауға үйрету, Жаңа сөздер: Төлдер.Үй жануарлары Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, ғажайып сандық. Тосын сый. Балалар, біреу есік қағып тұрған секілді, мен барып көрейінші.Қонаққа Том мен Джерри келіпті. ( амандасады, жоғары шығарып отырғызу) Балалар, біз бүгін іс-әрекетте үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар нелер: (Оқушылардың жауаптары: қой , ешкі ,сиыр ,түйе , жылқы) Мұғалім: - Балалар, сендер көздеріңді жұмыңдар , көз алдымызға ауылда төлдердің , үй жануарлардың жүргенін елестетейік (ән мен келтіру) -Балалар,үй жануарларына не жатады? Мұғалім: (жайлау суретін көрсетеді) Мына жайлаудағы суретке қараңдар, үй жануарлары төлдерімен жайылып жүр екен.Осы үй жануарлардың төлдерін ( балаларын) қалай айтамыз? Түйенің төлі - ботақан Қой дың төлі – қошақан Ешкінің төлі - лақ Жылқының төлі - құлын Сиырдың төлі - бұзау. Енді біз Үй жануарлары деген ойын ойнаймыз Дидактикалық ойын «Адаспай тап». Сәйкестендіру тесті Ойын шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру. Суреттерд бояу: - Балалар, бүгін сабаққа кім қонаққа келді? - Том мен Джерри - Дұрыс! Олар бояу үшін өздерінің суреттерін алып келді, бояймыз ба? - Ия!!! - Ендеше бастайық!! Қортынды бөлім: Балалар бүгін біз тіл дамыту іс әрекетінде нелер туралы айттық? Үй жануарлары олардың төлдері айттық. Балаларды мадақтау Рефлексивтік қортындылау. Біз қандай жануарлар төлдерімен таныстық? Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз? Бұзау ненің төлі? Жылқының төлін қалай атаймыз? Қозының енесі қалай аталады? Үй жануарларының үйін қалай атаймыз? Мұғалім:Сендер бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіне белсене қатыстыңдар рахмет! | |
Просмотров: 1084 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|