Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (45.2 Kb) ] | 2015-04-13, 12:44 PM |
Жумагуль Асанова №32 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Орталық Қазақстан облысы Қарағанды қаласы Еңбекпен тапқаның – Шекер балдан татқаның Мейірімді патша Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыру; Міндеттері: Оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруіне, тілінің дамуына, сөздік қорының байуын, сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету; ой-өрісін кеңейтуге, есімдіктердің түрлерінен алған білімдерін пысықтау, бекіту. Оқушыларды мейірімді болуға, өз еңбегінің жемісін пайдалануға тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітап Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тапсырмаларды орындау, тақтамен жұмыс. С а б а қ т ы ң б а р ы с ы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру Миға шабуыл Ойын: «Жұлдыз». Слайдтағы жулдызшалардың нөмірін таңдап, нөмір бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. 1. Есімдік дегеніміз не? 2. Есімдіктің неше түрі бар? 3. Жіктеу есімдіктеріне мысал келтір? 4. Белгісіздік есімдігі дегеніміз не? 5. Болымсыздық есімдігін атаңдар Керекті белгісіздік есімдігін қойыңдар • ........................................ бармайды. • ........................................ келмейді. • ........................................ есікті ашты. • ........................................ дыбыстар • ........................................ естілді. • ........................................ адам келді. • ........................................ болсын анам. Жаңа сөздер • Мейірімді – ласковый, милосердный • Жомарт – щедрый • Тиіспепті – не трогал • Қиналған адамдарға – нуждающимся • Қиналу – страдать, мучиться • Қиындық – трудность • Өзгеріс – изменение • Ризасың ба? – доволен? • Өз еңбегіңнің жемісі – результат своего труда • Жеміс – плод Мәтінмен жұмыс • Мейірімді патша • Мәтінді оқу, мазмұнын ашу Венн диаграммасы 3-тапсырма. Мәтіндегі болымсыз есімдіктерді табыңдар 5-тапсырма. Мәтін бойынша бос орындарды толтырыңдар. 1. Ондай патша...................... болмапты 2. Ол елде.....................соғыс болмапты 3.Патша көмегін....................... аямаған 4. Бұл елде...............................тиіспеген 5. Патша ...............қиналғандарға көмектескен 6.Оның жанұясында............ өзгеріс болған жоқ 7. Патша адамға.......................айтпайды Мақал - мәтелдер Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей Еңбек пен бақыт егіз Еңбек түбі – зейнет Еңбексіз рахат келмес Машақатсыз бақыт келмес Еңбек – ырыс бұлағы Еңбек – бақыт шырағы Рефлексия Үй тапсырмасы: 2,6-тапсырмалар. 78-бет | |
Просмотров: 768 | Загрузок: 10 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|