Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (107.5 Kb) ] | 2015-04-19, 5:50 PM |
Сабақтың тақырыбы: Наурыз Мақсаты: а) білімділік: Шығыс елінің бүкіл халықтық мейрамы,Ұлыстың ұлы күні "Наурыз мерекесі", осы ұлы күнге байланысты қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет- ғұрыптары, жол-жоралары туралы түсінік беру ә) дамытушылық: ойлау, есте сақтау, әңгімелеп беру, сөздік қорын дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге, жатқа айтуға дағдыландыру б) тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі: аралас. Жүргізу әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих. Көрнекілігі: сөздік, тірек сызба сөзжұмбақ, өлеңдер, "Наурыз"баталары" интербелсенді тақта, слайд. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Бұлтты айдап желдеткен, Нөсерлетіп селдеткен. Жаңбырлатып ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем) Жұмбақты шешу арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару II.Үй тапсырмасын тексеру. Жыл мезгілдері туралы (слайд) көрсету. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Жыл қанша мезгілге бөлінеді? Қыс Күз Көктем Жаз 2. Көктем мезгіліне қайсы айлар жатады? Наурыз Сәуір Мамыр 3. Көктем айындағы мерекелерді білесің бе? 4. Көктем айындағы алғашқы мереке қай мереке? 5. Қай жылы,қай қалада кімдердің халықаралық конференциясы өтті? 6. Конференцияға кім қатысты? 7. Клара Цеткин кім?Ол қандай ұсыныс жасады?Оны кімдер қабылдады? 8. Қай жылы,қай жерде алғаш рет Халықаралық әйелдер күні атап өтілді? 9. Сен,өз анаңа қандай сыйлық жасадың?Әжеңе ше? 10. "Ана" туралы қандай өлеңдер,әндер білесің? 11. Анаңа арнап қандай құттықтау ашық хатын жаздың? III. Үй тапсырмасын қорытындылау а) Етістіктің райларын еске түсіру ә) Мысалдар келтіру б) Сурет бойынша әңгімелеу(жұппен жұмыс) в) Ән "Ана туралы жыр"(сынып оқушыларының орындауында) IV. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Әрбір халықтың жыл басы, Жаңа жылы болады. Еуропа жерінің бір жерінде жаңа жыл қаңтардың 1-інде болса, бір жерінде 1-ші қыркүйекте қарсы алады. Азияда жаңа жыл жазғытұрым, Ұлыстың ұлы күнін қазақ елінде 22-ші наурызда қарсы алады. Наурыз-шығыстағы мұсылман елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мерекесі. Наурыз-парсы тілінен қазақ тіліне аударғанда" жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Наурыз мерекесінің ерекшеліктері туралы әңгімелей отырып,сабаққа қызығушылық қабілеттіліктерін арттыру V.Жаңа тақырып. Жаңа сөздермен жұмыс. Сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыру. Мәтінді түсініп оқу,аудару. III деңгей тапсырмасын орындау VI. Жаңа тақырыпты пысықтау. II деңгей тапсырмасын орындау. 1. Мәтіндегі етістіктерді барлық райда жазу. 2. Мәтінге жоспар құру,мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу. 3. 3-тапсырма.Наурыз көже. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып оқу. Мәтінге сұрақтар қою,өзара сөйлесу. (жұппен жұмыс) VII.Сабақты бекіту,білімдерін бағалау. Мәтін және слайд бойынша сұрақтар: 1. Жаңа жылды қарсы алу әрбір халықтың несіне байланысты? 2. Шығыс елдерінде жаңа жылды қашан қарсы алады? 3. "Наурыз"сөзі қандай мағынаны білдіреді? 4. 22 наурызда күн мен түн не істейді? 5. Табиғатта қандай өзгеріс болады? 6. Наурыз тойын халық қалай қарсы алады? 7. Наурыз тойын тойлаудың қандай дәстүрлері бар? 8. Наурыз көжені қалай дайындайды? 9. Қандай ұлттық ойындар ойналады? 10. Наурызға арналған қандай баталар айтылады? 11. "Наурыз"сөзіне фонетикалық талдау жасау және септеу. 12. Сөзжұмбақты шешейік. н а у р ы з 1. Ең сүйікті адам. (Ана) 2. Үлкен адамдар беретін ақ тілектер. (Бата) 3. Ұлттық ойындарда күресетін адам. (Балуан) 4. Ұлыс күні айтылатын тілектердін түрі. (Береке) 5. "Халық" сөзіне синоним. (Ұлыс) 6. Тамақтын дәмін кіргізетін тағам. (Тұз) 13. "Жүректен-жүрекке"тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,өз білімдерін бағалайды. VIII.Үйге тапсырма: 2-тапсырма. Мәтінді оқу, әңгімелеу. Наурыз баталарын жаттау | |
Просмотров: 1756 | Загрузок: 21 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|