Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Абай поэзиясы- азаматтық құндылық қоры
[ Скачать с сервера (42.0 Kb) ] 2015-05-20, 9:33 AM
10 А –сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Абай поэзиясы – азаматтық құндылық қоры
Сабақ мақсаттары:
1.Абай шығармашылығына, оның өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарға тоқталу, ақын қаламынан туған өлең жолдарының құндылығы мол адамдық қасиеттерді жырлайтынын түсіндіру;
2. Классик ақынның терең гуманистік, жоғары эстетикалық философияға құрылған ой жүйелерін тани білу,сөз құдіреті сырын түсіне білу дағдыларын дамытып, ойлау, еске сақтау, мәнерлеп оқу, шығарманы талдау сияқты біліктіліктерін арттыру;
3. Ақын шығармашылығы арқылы сұлулық пен эстетикалық көркемдікке, адам бойындағы барша ізгілікке тәрбиелеу,Абай қағидасын (өмір жолын тануды білім мен ғылымға негіздеу керек)терең ұғынуға баулу;
Сабақ типі: Білік-дағдыларын дамыту сабағы
Сабақ түрі: бинарлы сабақ
Стратегия: миға шабуыл, ой қозғау
ОТҚ: ДК, компакт-диск, презентация-интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, бейнелеу өнері
Қолданылған әдіс-тәсілдер: жартылай ізденіс, репродуктивті, баяндау, көрнекілік
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушы назарын сабаққа аударту ( Шаттық шеңбері )
(ән н/е өлең)
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын түсіндіру.
ІІ.Эпиграф / дәйексөз: «Абайдың шығармашылық өмірі – қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы. Сондықтан оның ақындық жолын зерттеу бүкілұлттық әдебиеттің даму, есею кезеңдерін саралаумен ұштасады... Әр ұрпақ Абай жөнінде өз сөзін айтатын болады.Абайтану есігі кімге де болса, ойы мен пікірі бар оқырманның бәріне ашық»
С.Қирабаев
Шығыс пен Батыс әдебиетінен алған тағылымын тоғыстырған Абайдың поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген адамның сезім мен таным көкжиегі кеңейіп,рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа құлшынысы аса түсетіні сөзсіз.Оның дарынды ақындығы мен парасаттылығы арқасында өлеңдеріндегі әр ұғым, әр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есте мәңгі сақталатындай қалыпқа түскен.
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді(Ол қандай қасиет деп ойлайсыңдар?- ар, ұят, иман, намыс, ақыл, білім, ғылым т.б.)бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды тануға болады.
Осыған орай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде былай дейді.
Демек, Абай өмір жолын тануды білім мен ғылымға негіздеу керек деген қағиданы ұстанады.
І. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша талдау
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан өлеңдерінің ішіндегі мазмұнына түрі сай, ең күрделі де көркем жазылғаны - «Сегізаяқ». Бұл өлең - Абайдың ұлы реформатор ақын екенін айғақтайтын туынды. Осы және басқа да өлеңдері арқылы қазақ поэзиясына бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді.Ол өзгерістер өлең ұйқасына, өлең тармақтарына, өлең бунақтары мен буын санына қатысты болды. (презентация б/ша талдату)
ІІ. «Сегізаяқ» – әнді тыңдату/ талдату
«Абай – әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілікке, еркіндікке шақырған ұлы ақын.Ақынның жазғандары өзінің бейнелі көркемдігімен сәулетті сұлу дүниедей адам көңілін баурап алса, оның мазмұны да жүрекке сәуле түсіргенде, жаңа қызықты, қуанышты дүниеге кіргізгендей болады»,-деп жазады Ә. Марғұлан.
Иә, Абайдың әр туындысы өмірлік пайымдаудан,көрген –білгенін саралаудан жинақталған. Ғұлама суреткер болмыстық мәселелерді шешуге бара отырып, өз халқының халықтығын танытар өзгешелігін ескереді.Сондықтан оның қаламынан туған шығарма әр адамға түсінікті де жақын.Абайдың даналығы да қазақ халқының даралығын ескеруінде,барлық адамзатқа тәнөркениетті мәселелерді сөз етуінде жатқан жоқ па. Абайдың ұлылығы да қомақты өмір қайшылықтарынғ кеңістік пен уақыт алдында өзгермейтін азаматтық құндылықтарды, адами қасиеттерді талап етіп, сынға алатындығында.
ІІІ. Ақын «Тотықұс түсті көбелек» атты өлеңінде адамзатқа керек нәрселерді тілге тиек ете отырып, не істесең де ақылмен істе деген ұлағатты ой айтады.
Адамзатқа не керек:
Күймек, сезбек, кейімек,
Қарекет қылсаң, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
ІІ шумақта әр заманның өз ереже-тәртібі, қағидалары болатынын айтады. Дегенмен,әр заманның тәлкегіне түспейтін, адамзат санасында бекіген заңдылықтар мен азаматтық құндылықтар барын жоққа шығармайды.Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі-
деген Абай қаламынан туған өлең жолдары әр кез құндылығын жоғалтпайтын адамдық қасиетттерді жырлайды.
ІY. Синквейн әдісі бойынша бес жолды өлең құрату.-дәптермен жұмыс
Y. «Жетінші сөзін» тыңдап/талдау (флипчардпен жұмыс)
Абай шығармашылығында «жан» мен «тән» ұғымы жиі кездеседі.Бұлардың адам табиғатындағы рөлі мен қызметін кең талдап түсіндіреді. «Жан» мен «тән» табиғи бірлікте бір-бірімен тығыз байланыста екенін айтады.
тән – жанның өсіп-өнетін құнарлы топырағы
Жан - адамның рухани өсуі – кәсіби қасиет.

YІ. «Он тоғызыншы сөз»
Абай «адам болу», «толық адам» секілді діни философиялық мәселелерді қарасөздерінде де әңгіме етіп отырған. Адамзат болмысындағы басты қасиеттерді, жан мен тән, жәбили (табиғи) және кәсіби мінез-құлықтарды сөз еткен 19-сөзінде адам қайткенде білімді, есті, көргені көп адам болатындығының жолын тауып көрсетіп береді.Естілердің сөзін ескеретін адамдардың аздығына қынжылады.
Абай қарасөздері- ақын мұрасындағы бағалы еңбек.Олар – өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық құрылыс, қанаушылық, озбырлық, күнделікті сан алуан надандық іс-әрекетке байланысты ой қорытындысы екен.
YІІ.Презентация көрсету: Жидебай
YІІІ.Жасымда ғылым бар деп ескермедім» резерв
ІХ.Топтастыру: Абайдың менің өмірімдегі орны –флипчардпен тақтада орындау
Х. Қорытындылау –түйін
І. Қазақ әдебиетінің тарихында жаңа дәуірді бастаушы, ұлттық жазба әдебиетімізді негіздеуші классик ақын.
ІІ. Ол әдебиетті идеялық, эстетикалық тәрбие берудің құралы, өміртанытқыш қызмет атқаратын қасиетті өнер екендігін танытты.
ІІІ. Шығармашылығында бала тәрбиесінен бастап, тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын танытты.
ІY. Тақырыптық, мазмұндық жағынан бөлінетін жанр түрлері Абай шығармашылығы арқылы келіп, қазақ поэзиясын биік сатыға көтерді.
ХІ. Бағалау. Үйге тапсырма
Х. Жүректен жүрекке: «Бақыт деген не?» аудиотыңдалым.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ahyra | Теги: 10-сынып, Қазақ әдебиеті, Абай поэзиясы
Просмотров: 3078 | Загрузок: 58 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-05, 4:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru