Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2015-05-21, 5:06 PM | |
Саржанова Айжан Жақанқызы , Семей қаласы надғы «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Қазақ тілінен орыс сыныптарындағы оқушыларға арналған жұмыс дәптері Жұмыс дәптерінің тақырыбы: «Киіз үй» 1-тапсырма. Бейнекөріністі қарай отырып, сабақтың тақырыбына болжам жасау. 2-тапсырма. МЕҢГЕРІЛЕТІН ЛЕКСИКА Берілген сөздердің мағынасын жазу. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс істеу. Киіз үй – киізден жасалған қазақ үйі. Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз. Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы. Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. Қос – ауылда ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері. Кепе –уақытша баспана, лашық, күрке. Итарқа – көшіп-қонып жүргенде екі керегенің басын қосып жасаған уақытша баспана. Жаппа – уық үстіне киіз жабылып не екі керегенің басын біріктіріп, үстін туырлықпен жапқан баспана, лашық. 3-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру. 4-тапсырма. ТЫҢДАЛЫМ. «Жаңа толқын» Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқытуға арналған аудиокурстан мәтінді тыңдау. 5-тапсырма. ТІЛДЕСІМ. Сұрақтарға жауап беру. 1. «Атамыз Алаш, керегеміз ағаш» тіркесін қалай түсінесіз? 2. «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» тіркесін қалай түсінесіз? 3. Мәтінде «киіз үйге» қандай анықтама берілген? 4. «Киіз үй» Дүниежүзілік этнографиялық көрмелерге қойылған ба? 5. Дүниежүзінің қандай мұражайларында киіз үйлер қойылған? 6. Киіз үйдің түрлері... 6-тапсырма. АЙТЫЛЫМ. Осы мәтіннен қандай фразалар есте қалды. Мәтіннің не туралы екенін айтып беру. Сергіту сәті. Слайдта суреттер көрсетілген. Бір тыңдаушыны тақтаға шығарып, қалған отырған тыңдаушылар сол суретті тұспалдап жеткізу қажет. Cұрақтар 1. Шаңырақ дегеніміз не? 2. Киіз үйдің неше түрі болады? 3. Мәтінде «киіз үйге» қандай анықтама берілген? 4. Киіз үйдің түрлері... 5. Киіз үйдің құрылысы 6. Киіз үй неден құрастырылады? | |
Просмотров: 1857 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|