Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҚАЗІРГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ КӘСІБИ КОММУНИКАЦИЯ: ТҮСІНІГІ МЕН ТІЛІ
[ Скачать с сервера (20.0 Kb) ] 2015-06-22, 11:21 PM
ҚАЗІРГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ КӘСІБИ КОММУНИКАЦИЯ: ТҮСІНІГІ МЕН ТІЛІ

С.А.Шнайдер
ИнЕУ, Павлодар қ.

Қазіргі заманғы лингвомәдени кеңістіктегі тілдің қатынасы үйреншікті жағдайға айналды. Бірінші кезекте ол арнайы коммуникативтік мақсаттар үшін пайдаланатын тұрмыс саласының баршамызға белгілі «бизнес» деген терминмен аталатын саласында кең қолданылуда. Бұл терминді нақты дәлділікті көздемей-ақ, «жеке капиталға негізделе отырып, пайда табу мақсатында жүргізілетін экономикалық кәсіпкерлік қызмет» деп тұжырымдауға болады. Немесе: «өз немесе заемдық қаражат негізінде іске асырылатын, өз тәуекелімен жауапкершілігіне алынған, басты мақсатты пайда табу және өз ісін дамыту бағытында экономикалық іс-әрекет» деп қорытуға болады. Осы шеңбер ішінде және соған байланысты қолданылатын коммуникация «кәсіби коммуникация» («business communication») немесе «іскери әңгіме» тілдің «бизнес тілі», «іскери әңгіме тілі», «іскери әңгімедегі орыс тілі», «деловой русский язык», «english for business», «кәсіби қазақ тілі» деп аталатын ерекше түрлерімен жүзеге асырылады.
Бизнес тілінің сипаты түсінігіне келетін болсақ, мұнда біржақты пікірлер жоқтың қасы, себебі «бизнес» деген ұғымның өзінің түсінігі тым нақты емес. Тіпті бизнес тілі деген тіркес термин болып табылмайды деген, бұл публицистикалық негіздегі метафора, оған ұқсас құрылымдар махаббат тілі,би тілі, табиғат тілі деген де пікірлер айтылып жүр [1, б.12].
Ал біздің пікірімізше «бизнес тілі», «кәсіби коммуникация тілі» ұғымдарының астарында іскери қарым-қатынастардағы коммуникативтік мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тілдік амалдардың функционалдық жинағы мен коммуникативтік құрылғыларында біршама шындық бар. Яғни, П.Мамет атап өткендей «бизнес тілі экономикалық қызмет саласындағы коммуникация құралы бола отырып, метатіл ретінде осы қызметті сипаттай алады. Ол бірнеше тілдерден тұратын бірлік, яғни экономика мен құқық бойынша білімдерін қамтитын: банк ісі, жарнама, қаржы, келіссөздер, іскери құжаттар және сауда тілі. Ауызша және жазбаша түрінде бар» [2, б.54]. Кәсіпкерлік белсенділіктің аталған аспектілері нәтижесінде экономикалық нарықтық шындықты құрайтынын айтып кеткен жөн. Ал оның арнайы ұғымдары соңғы кезде, әсіресе жаһандану үрдісінде әмбебап сипатқа ие болуда.
«Жаһандану» ұғымы заманауи лексиконға нық орнығып, қоғамды ең алдымен өндіріс пен тұтынушылықтағы экономикалық қарым-қатынастардағы жалпыға ортақ ұлттық стандарттарға әкелді»
Ю.В.Рожденственский «...іскери проза назардан тыс қалды; құжат мәдениеті Ресей қоғамының мықты жағына айналған жоқ. Бюрократизм әзіл-қалжыңның себебі болып қала береді, ал сол бюрократияны жою тиімді тәсілі құжаттармен дұрыс жұмыс жасау қолға алынбай тұр. Мектептегі «тіл» пәні грамматика және әдебиет тұрғысынан ғана оқытылады. Демек, ғылыми, техникалық және құжаттық проза осы тұрғыдан қарастырғанда оқытылмауы да, зерттелмеуі де тиіс. Өмір, әсіресе экономикалық өмір енді бізді жазалауда...» [3, б.57].
Соңғы он-он бес жыл ішінде кейбір елдердегі көптеген университеттердің филологиялық факультеттерінде еңбек нарығында сұранысқа ие болар, соның ішінде кәсіби коммуникацияға бағытталған түрлі қосымша мамандықтар ашылуда, мысалы: «Құжат жүргізудің филологиялық қамтылуы», «Жарнаманың филологиялық қамтылуы», «Қоғаммен байланыстың филологиямен қамтылуы», т.б. Кәсіби коммуникацияға деген поляк ғалымдардың қызығушылығы сол елдегі университеттердің филология факультеттерінің оқыту бағдарламаларына кәсіби коммуникацияға, іскери тілге арналған бөлімдердің қосылуы дәлел. Әрине бұлардың мақсаты филолог студенттерден менеджер, экономист, банк немесе басқа сала қызметкерлерін даярлау емес, тек осы салаларға белгілі бір сұрақтар мен мәселелер төңірегінде жүгіне алатын, белгілі бір іскери қарым-қатынаста коммуникативтік мәселелерді шешуде жемісті қызмет атқара алатын тұлға даярлау. Дәлірек айтқанда, қозғап отырған мәселеміз «экономикалық әрекеттердің филологиялық қамтылуы», оның коммуникативтік қызмет алуы.
Осындай «бизнес-филологиялық» құзыретті қалыптастыру екі өзара байланысты мәселелерді шешуге жол ашады және оларды В.Г.Костомаровтың айтуынша кәсіби коммуникацияның стилистикалық негізін, яғни белгілі бір коммуникативтік сегменттегі тіл ресурстарын, оның құрылымын, меңгеру ретінде белгілеуге болады [2, б.54].
«Бизнес – адамдармен тілдесе алу өнері» (Дейл Карнеги). Бұл XIX ғасырда айтылған ой қазіргі өмірде күнделікті тәжірибеде өз дәлдігін дәлелдеуде. Кәсіби сәттілік пен коммуникативтік сәттілік өзара тығыз байланысты, себебі коммуникативтік сәтсіздік сөйлеушінің коммуникативтік ниеттерін толық немесе мүлдем орындай алмау, коммуникативтік нормаларды дөрекі түрде бұзу сияқты коммерциялық өндіріс жұмысының сәтті болуына кедергі жасайды. «Бизнес әрқашан конфликт (кеңінен алғанда), ашық немесе жасырын болса да одан құтылу қажет». Коммерциялық қызмет табиғаты жағынан пайда табуға бағытталады және екі жақ арасындағы келіспеушілік сұрақтар, ойлар мен пікірлердің сәйкес болмауы туындайтын белгілі бір қақтығыстар мен түсініспеушіліктердің болуын жасырмайды. Кез келген келіссөздердегі қай жақтың да болмасын басты мақсаты – осы түсініспеушіліктерді мүмкіндіктерінше өз пайдаларына қарай жою және ол өз кезегінде коммуникативтік деңгейді анықтап, пайдаланылған тілдік үлгілер мен өзін өзі ұстау моделінің уақытпен дәлелденген нәтижелілігін көрсетеді.
Ашық дау жағдайларында (мысалы: Сіздің қызметкерлер бізге келісім шартты бұзу мақсатымен келді, оларды бұдан бас тартуға көндіріңіз. / Сіз өзіңіз қойған тауардың төмен сапасына қатысты наразылық білдіріп жатырсыз. / Сіз үлгілердегі сапаға сай келмейтін тауар алып, соған байланысты өз наразылығыңызды білдіріп жатырсыз. / Сіздің әріптестер келісім шарттағы міндеттерін орындамай, сіз олармен келісім шартты бұзбақсыз.) «әріптесті алдамшы қолдау», «мәселені көрмеген қалып білдіру», «өз мақсатым бәрінен биік» тактикаларын бірімен-бірін алмастыра қолдана отырып, кәсіби мақсатына тиімді жетуге жол ашады. Оны «максимум бағдарламасы» анықтайды, яғни келісім шартқа қол қойылады, болған ақаулықтар үшін төлемақысы алынады, ақаулығы бар тауарды ауыстыру жүзеге асырылады және тағы басқа оңтайлы үрдістер. «Максимум» бағдарламасы барлығынан бұрын әріптестік қарым-қатынастардың сақталып, болашақта да тиімді қызметтестікке әкелетіндей шарттар жасайды.
Берілген тактикаларды меңгеру кәсіби коммуникация шеңберінде негізгі тілдік әрекеттерді меңгеруге мүмкіндіктер береді. Ал егер бұл мәселе оңтайлы шешіліп жатқан жағдайда, кең ауқымды филологиялық коммуникативтік құзыреттілік туралы да әңгіме қозғауға болады. Ал өз кезегінде мәдениетаралық коммуникацияда да өз пайдасын әкеліп, сәтті нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.
Іскери қарым-қатынастардағы кәсіби коммуникация тілінің ерекшеліктері осындай белгілера арқылы ерекшеленетін болады. Аталған ұғымның филология саласында жеткілікті зерттелмеуі кедергі емес, қазақ тіл білімінде қарастырылмағанымен шетел ғылымында кейбір зерттеушілердің еңбек нысаны болып отырғаны біздің еңбегімізге қолдау болып, зерттеу жұмысының міндеттеріне қол жеткізуде өз үлесін қоспақ.

Әдебиет
1. Надель-Червинска М. Проблемы современных бизнес-контактов с Россией в контекстах речевого узуса и преподавания языка. Rzeszow, 2005. – 18с.
2. Рождественский Ю.В. Общая филология. – Москва: Фонд «Новое тысячелетие», 1996. – 325 с.
3. Третьякова В.С. Конфликт как феномен языка и речи [Электронный ресурс]. Известия Уральского государственного университета. – 2003. - №27, выпуск 14.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1234563893 | Теги: іскери қазақ тілі, кәсіби коммуникация, кәсіби қазақ тілі
Просмотров: 1035 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 8:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru