Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2015-09-12, 1:15 PM | |
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин. Есімдіктің түрлері. 1. Білімділік: Бейімбет Майлин кім? Ой шақыру, еске түсіру. 2. Дамытушылық: Түрлі әдістер қолдана отырып, оқушылардың ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын — жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, аудару, түсіндіру т.б. Сабақтың көрнекілігі: Б.Майлиннің портреті, кітапшалар. Сабақ барысы: 1. Ой шақыру. М.Жұмабаев портреті арқылы оқушылардың алғашқы ойларын, білімін ортаға шақыру. Әр оқушы дәптерге М.Жұмабаев туралы білетіндерін жазады. Жұппен жұмыс. Топпен жұмыс. Ортада қорғау. Жаңа ақпарат. «Кластер» 2. Мағынаны тану. Мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. Б.Майлин туралы ақпарат. ББҮ стратегиясы (әр оқушы сабақ сонына дейін таблицаны толтыруы керек) Білемін Білгім келеді Үйрендім Бейімбет Майлин (1894-1938) Б.Майлин қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан, кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жыл, 1913 жылы Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, Қостанайдағы орысша - қазақша мектепте, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Б. Майлиннің ақындық қызметі 1912 жылы жазылған «Мұсылмандық белгісінен» басталады. «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде Уфада шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялаған. Әдебиет жолына түсуіне әжесі Бойдас ықпал еткен. Өлеңдері «Айқап» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған. 1916 - 1921 жылдары ауылда ұстаздық еткен. Одан кейін Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетінде, Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газетінде жұмыс істеген, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болған. Көркем әңгімелер, поэмалар, романдар жазған. 1937 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылғы 25 - ақпанда атылған. Мәтіннен «Инсерт» стратегиясы бойынша «v», «-», «+», «?»(түртіп алу) О0ушылар мәтіннен жаңа сөздерді тауып сөздікке жазады. Грамматика: Есімдіктердің түрлері: (Слайд) Кудерина А.Е. (306 – бет) ережені оқу. Жигсо –1 1топ : 374 - жаттығу – 309 бет, 2 топ: 376 - жаттығу -310 бет 3 топ: 380 жаттығу 312 бет 3.Ой толғаныс. 1 топ: Бес жолды өлең жазу (Синквейн) 2 топ: Автор орындығы. 3 топ: Эссе жазу. Үй тапсырмасы: Б.Майлиннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түсінгендерін айту. Жаңа сөздерді жаттау. Бағалау: | |
Просмотров: 927 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|