Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (56.0 Kb) ] | 2015-10-02, 6:08 PM |
Жаңа тақырып: Слайд№1 Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз ......колледжде оқимын. ......сабаққа кеш келді. ......үлкен ғимарат. Сабаққа оқушылар ...... келді. ..... біздің үй. Бұл ....... оқу орын? Керекті сөздер: бұл, анау, қандай?, мен, ол, түгел. Қазақ тілінде неше есімдіктің түрі бар? Есімдік түрлері Слайд№2 Есімдіктің түрлері Есімдіктер 1.Жіктеу есімдіктері Личные местоимения мен «я», сен «ты», Сіз «Вы», ол «он, она, оно» біз «мы», сендер «вы», Сіздер «Вы», олар «они» 2.Сілтеу есімдіктері Указательные местоимения бұл «этот», осы «этот», мына «этот», мынау «это», сол «тот», ол «тот», ана «то», анау «тот» 3.Сұрау есімдіктері Вопросительные местоимения кім? «кто?», не? «что?», қайда? «где?, куда?», қандай? «какой?», қайсы? «который», неше? «сколько?» 4.Жалпылау есімдіктері Определительные местоимения бәрі «все», барлық «все», бүкіл «все», барша «все», әр «каждый», әрбір «каждый» 5.Белгісіздік есімдіктері Неопределенные местоимения біреу «некто, кто-то», кей «некоторый», кейбір «некоторый», бірдеме «что – то, нечто» 6.Болымсыздық есімдіктері Отрицательные местоимения ешкім «никто», ештеме «ничто», ештеңе «ничто», дәнеме «ничто» 7. Өздік есімдік Определительно-возвратные местоимения өз «свой», өзім «я сам», өзің «ты сам», өзіңіз «Вы сами», өзі «он сам, она сама, оно само», өзіміз «мы сами», өздерің «вы сами», өздеріңіз «Вы сами», өздері «они сами» 1 кеспе Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыз ..... менің үйім. Айдар ..... колледжде оқиды. ...... жеміс –жидек сатып алдым. Ол..... барды. Самат айналасындағы..... алмаларды терді. Үстелдегі құмыраны ...... сындырды. Мемелекттік тілді білу Қазақстан Республикасының ...... азаматының парызы. Астанадағы тойға ....... барасыңдар. Шетелден келген...... кісі? 2 кеспе «Мен» есімдігін септеңіз. 3 кеспе «Кім?» есімдігін жіктеу. 4 кеспе Мына мақал-мәтелдерден есімдікті тап. Сен бұтаны көтерсең, Бұта сені көтерер. Кімнің отын оттасаң, Соның суын ішерсің. Дұшпан не демейді, Түске не кірмейді. Әр нәрсе уақытымен жақсы. 5 кеспе Мына сөйлемдерден есімдіктерді табыңдар Бүгін барлық адамдар алаңға шығады. Сіз қазақ тілінде қалай сөйлейсіз? Сайлауға барша халық қатысатын болсын. Ертеңге тойға неше адам келмекші? слайд №3 (сурет) Лексикалық тақырып -Алыс сапарға шыққанда біз қандай көлік түрімен жүреміз? -Ұшақпен , автобуспен, пойызбен жүреміз. -Ұшақпен ұшамыз, автобуспен жай жолмен жүреміз -Ал пойызбен жол жүргенде қандай жолмен жүреміз? -Теміржол деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа қандай ассоциация келеді? -Вокзал, пойыз, касса, платформа, жол, вагон, жолсерік т.б -Осы теміржолда қызмет ететін қандай мамандарды білесіңдер? -Жолсерік, вагон тексеруші, станса кезекшісі, вокзал кезекшісі, диспетчер, жолшы -Жолсерік қандай қызмет етеді? -Вагон тексеруші вагондарды тексеріп жөндейді. Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап, жөнелтеді. Жолшы теміржолдарды салады және жөндейді. Осы біз көрген мамандықтардың ішінде ең қажеттісі теміржолда қандай мамандық ? Мәтінмен жұмыс. Жол жөндеуші Жол жөндеуші бұл темір жол саласында ең көп тараған мамандықтардың бірі болып саналады. Біз осы жұмысшыларды пойызбен жолаушылап бара жатқанда барлық темір жолды жөндеп жүргендерін көреміз. Жол жөндеуші мамандығы адамның өз күшін, білімін, дағдыларын қажет етеді. Ол темір жолдарды салу үшін, шпалдар мен рельстерді қалай төсеу керек екендігін білу керек. Мен темір жолды жөндеуге арналған кейбір жаңа жол машиналарын көрдім. Ол машиналарды жүргізу үшін жол жөндеуші адам керек. Жолшыларға жолды жөндеу үшін мынандай түрлі өз құралдары қажет, атап айтсақ: рельс қысқыш шпал қысқыш сүймен күрек басты сүймен үшкір басты сүймен балдақты балға бол кілті балдақ суырғыш сегіз қырлы балдақ шпалдық балдақ сомын кілті сына үшкір сына Темір жол жөндеушілері осы құралдар арқылы темір жолды жөндейді. Ешқандай апат жағдай болмау үшін, олар өз жұмыстарына зейінді болу керек. Мұғалімнің сөзі Жаңа сөздермен жұмыс слайд№4 Жол жөндеуші – монтер пути Жолсерік- проводник Станса кезекшісі – дежурный по станций Вагон тексеруші – осмотрщик Вокзал кезекшісі – дежурный по вокзалу Рельс қысқыш – клещи рельсовые Шпал қысқыш – клещи шпальные Сүймен – лом Күрек басты сүймен – лапчатый лом Үшкір басты сүймен – остоконечный лом Балдақты балға – молоток костыльный Жол кілті – путевой ключь Балдақ суырғыш – костылевыдергиватель Сегіз қырлы балдақ – восьмигранный костыль Шпалдық балдақ – шпальный костыль Сомын кілті – гайчный ключь Сына – клин Үшкір сына – острый клин Апат жағдай – аварийная ситуация «Кім білгір?»атты сайыс. Сайысқа студенттер 2 топқа бөлінеді. 1- топ «жолшы» 2 – топ «жолаушы» 1. Жол жөндеуші құралын қайда қолданылатынын сипаттау. 2. Теміржолшы сөзіне ассоциация құру. 3.Есімдікке байланысты мақал-мәтел айту. 4. Кім жүйрік? Темір жол саласында ең көп тараған мамандық түрі қандай? Жол жөндеуші мамандығын біз қай жерде көреміз? Жол жөндеуші мамандығы нені қажет етеді? Қандай жол жөндеу машиналары бар? Жолшыларға жол жөндеу үшін қандай құралдар қажет? Апат жағдай болмау үшін олар қандай болу керек? Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бойынша не білетін едіңдер? Не білдіңдер? Не білгілерің келеді? Петропавл темір жол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айгүл Оспанова . | |
Просмотров: 897 | Загрузок: 11 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|