Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Өз үйім - берік қамалым
2015-10-18, 4:27 PM
Сабақтың тақырыбы: Өз үйім - берік қамалым
Сабақтың мақсаты:
а) Мәтін мазмұнына тоқтала отырып, отбасының қадір қасиеті туралы түсінік беру. Сын есімді қайталау.
ә) Өз ойларын нақты жеткізе білу дағдылары мен сөздік қорларын дамыту.
б) Күнделікті өмірде отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке баулу
Міндеттер: Қазақ тілінде еркін сөйлеуі, сауатты жазуы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, пікірлесу.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кеспе қағаздары.
Оқыту нәтижелері: Жаңа сөздерді меңгереді, сөз тіркесін құрастыра алады, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сұрақтарға жауап бере алады, ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істей алады.
Пәнарлық байланыс: өзін-өзі тану, орыс тілі
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу.
( сабаққа психологиялық дайындық) Тақтаға назар аударайық. Сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
- Оқушыларды стикерларға байланысты 2 топқа бөлемін.
- Біз бүгін топтық жұмыс істейміз.Ал, қазір сендер «Түрлі-түсті стикерлар» арқылы 2 топқа бөлінесіңдер.
1 топ- Отбасы
2 топ –Үй
- Бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар. Әр оқушының әр оқушының алдында бағалау критерийлері жатыр.
- Жақсы тілек, жылы жүрек дей отырып қолдарыңдағы жүректерге бір-біріңе арнап тілек жаза қойыңдар.
(оқушылар оқиды)
- Стикерлардағы тілектерін оқып үйдің суретіне іледі.
- Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырып, сабағымызды бастайық.
- Бүгін кім кезекші?
-
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні бүгін?
- Ал аптаның қай күнінде отбасы бірге жиналады?
- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Назарларыңызды тақтаға аударғым келіп отыр.
- Не көріп тұрмыз?
- отбасы суреті, қамал, үй
- Ребята, глядя на эти рисунки какую русскую пословицу можно вспомнить?
-
- Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- "Өз үйім - берік қамалым"
Сабағымыздың мақсаты: Мәтін мазмұнына тоқтала отырып, отбасының, үйдің қадір қасиеті туралы түсінік беру, сын есімдерге шолу жасау.

Ой қозғау.
Қанеки, балалар, маған мынандай сұрақтарға жауап беріңіздерші.
- Бір шаңырақ астындағы адамдарды кім дейміз?
1.Отбасы-деген не?
2.Отбасында кімдер тұрады?
3.Отбасында саған ең жақын адамдар кімдер?
5. Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


(Оқушылар жоғарыда аталған сұрақтарға жауап береді.)
Жақсы, тақтаға назар аударайық, бәріміз хормен оқиық.
Фонетикалық шынықтыру
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, күлемін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Біз сіздермен бүгін отбасы, үй туралы әңгіме қозғаймыз.
- Сіздерге отбасыларың туралы әңгімелеуге берілген болатын. Қане, кім айтады?
Слайдта көрсетілген фотосуреттер арқылы оқушылар отбасылары туралы әңгімелейді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Өте жақсы, енді тақтаға назар аударайық!
- Осы тақырып аясында біз сіздермен бүгін мынандай жаңа сөздермен таныс боламыз.
Жаңа сөздер
Қамал-крепость Сүйіспеншілік-любовь
Тоғышар-недальновидный, ограниченный
жайлы - удобный ұмтылу - стремиться
өз орны - свое место жауапкершілік - ответственность
- Бұл сөздермен қандай сөз тіркестерін құрастыруға болады?
- Балалар, жаңа сөздерді негізге ала отырып мен сіздерге мәтін ұсынғым келіп отыр.
( мәтінді таратамын)
Мәтінмен жұмыс
Адам өз өмірінің жартысын үйде өткізетінін статистика көрсетіп отыр. “Өз үйім – берік қамалым” дейді ағылшындар.
Отбасына деген сүйіспеншілік адамның бойына жас кезінен ұялайды. Бақытты отбасын құру үшін үйіне деген сүйіспеншілігін өзінің негізгі ісімен ойдағыдай ұштастыру керек, мұнсыз адам тоғышарға айналады.
Адамның рухани болмысы сырт келбетінен де, тұратын орнынан да көрінеді. Үйді жайлы ететін қымбат дүниелер емес. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың шарты - тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы. Үйдің таза болуы мен онда тәртіптің сақталуы үйдегі әрбір заттың өз орнында тұруын талап етеді. Үйдегі барлық міндеттер бөліп атқарылуы керек. Кішкене балаларға да шамасы келетін тапсырмалар беру қажет, өйткені бұл олардың еңбекке деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.

Тапсырма:
Мәтінді оқып аударып, мағынасын постерге ашыңыздар. Мәтінді 2 топқа бөліп беремін. Сіздерге 10 мин уақыт беріледі.
Әр топ постерлерін қорғайды.
- Өте жақсы, ал енді мына сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздерші
- Бақытты отбасын құру үшін не істеу керек?
- «Өз үйім-берік қамалым» деп кімдер айтқан?
- Отбасына деген сүйіспеншілік адамның бойында қай кезден басталады?
- Статистика нені көрсетіп отыр?
- Адамның рухани болмысы қайдан көрінеді?
- Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың шарты не?
- Кішкене балаларға да шамасы келетін тапсырмаларды не себепті беру қажет?

Грамматикалық тақырыпты қайталау. Сын есім.
Ал енді балалар, осы мәтіннен сын есімдерді табыңыздар.
- берік, жас, бақытты, жайлы, қымбат, тату-тәтті, таза, кішкене
- А как вы догодались что это сын есім?
- Докажите
Үй тобы: сын есімнің ережесі, сұрақтарына
Отбасы тобы: сын есімнің түрлеріне тоқталыңыздар
- Дұрыс, жарайсыңдар! Енді сіздерге мынандай тапсырма: Үй тобы тату-тәтті, жайлы сөздеріне, отбасы тобы берік, бақытты сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыздар.
- Өте жақсы!
- Балалар, біз бүгін отбасы, үй туралы біраз әңгіме қылдық. Қане үй сөзіне 5 жолды өлең құрастырыңыздаршы.
Үй
Үлкен биік
Тұрамыз өсеміз жинаймыз
Өз үйің - берік қамалың.
Қамал

Үйге тапсырма: эссе "Өз үйім - берік қамалым"
Сонымен, отбасы дегеніміз не? Отбасында кімдер бар? Олар бір үйде тұрады ма? “Өз үйім – берік қамалым” деген мақалмен келісеміз бе? Иә, дұрыс балалар, өйткені, Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады. Отбасы бір үйде, бір шаңырақ астында өмір сүреді. - Осымен сабағымызды аяқтаймыз. - Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- Балалар, сабағымызды қорытындылай кімнің қандай баға алғанын тексерейік.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 2012_kerei
Просмотров: 2409 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 4.3/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 8:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru