Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (7.9 Kb) ] | 2015-11-29, 6:35 PM |
1. Пән аты: Әдебиет 2. Сыныбы: 5 3. Тоқсан: ІІІ Сабақтың тақырыбы: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара». Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға С.Сарғасқаевтың өмірі жайлы түсінік беру, «Тәмпріш қара» повестінен алынған үзінді туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту. Сабақтың типі: аралас сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Б.Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы». ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық 1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу 2.Сабақ мақсатын түсіндіру ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. Сансызбай Сарғасқаев (29.4.1925 ж.т., Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосы) — қазақ кеңес жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.1942 — 1943 жылдары аудандық «Красногоршы» газетінде жауапты хатшы,1949-1972 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар» (1966), «Тәмпіш қара» (1971) атты повестер мен әңгімелер жинақтарында жас жеткіншектердің ой — арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер — білімге деген құштарлығы, бір — біріне адалдығы, достық қарым-қатынасы суреттелген.Жаңашыл да жасампаз адамдар туралы «Ұстаз» (1979), «Сұлутөр» (1983) романдары жарық көрді. Оның кітаптарының бәрі мектеп оқушыларының тыныс — тіршілігінен сыр шертеді.Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған.С.Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды. Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен наградталған. «Тәмпіш қара» повесті жайында Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген.Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда» деп келеді.Басты кейіпкер-тәмпіш қара Шаншатай.. Повесте Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер-әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе,бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге.Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз.Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады.Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі.Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады.Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін.Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала,ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі.Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді,ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды. V. Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау. Эпикалық жанр түрі-повесть. Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ:Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы.. Байланысуы.Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы. Шиеленісуі.Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы. Шарықтау шегі.Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы. Шығарманың шешімі.Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары»газетіне шығуы. Шығармада эпитет, теңеу, диалог, мақал-мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған. Тәрбиелік мәні Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. VІ. Жаңа сабақты бекіту: VІІ. Сабақты қорыту: 1. Бағалау: 2. Үйге тапсырма: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повестінен алынған үзіндіні оқып, мазмұндау. | |
Просмотров: 4674 | Загрузок: 53 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|