Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (19.4 Kb) ] | 2016-01-19, 7:33 PM |
Шеберлік–сыныбы Атығаева М.Қ. жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиті мұғалімі Петропавл қаласы №12 ОМ КММ 1.Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауатылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары қабылданды. Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық Ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Осы мақсатта 2015 жылғы 19-30.10 аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ-да» «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту арқылы тілдік тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік-сыныбын өткіздім. Шеберлік- сыныбының тақырыбы: «Құзыреттілік –кәсіби маман даярлаудың басты сапасы және оны дамыту жолдары». Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: слайд 1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. 3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. 4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. 6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті. Осы шарттарды қолдана отырып, сабақтарыма мына мақсатты қоямын:слайд Мақсаты: сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім игертіп, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру Қазіргі заман талабына сай «қазақ тілі мен әдебиет» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. Мен инновациялық технологиялардың түрлерін қолдану арқылы оқушыны тақырыптық мазмұнын өздігінен меңгеруге бағыттау бойынша қазақ тілі пәні бойынша әдіс-тәсілдерімен оқытып жатырмын.Сол инновацияның бір стратегиясы - сыни тұрғыдан оқыту. Оның мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.Осы технология бойынша қазақ тілі пәнінен оқушылардың құзыреттілігін дамытуды дағдыға айналдырып келемін. 2. Осы сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қамти отырып, өзімнің пәнім бойынша қазақ тілінен жаңа әдіс-тәсілдермен сабақ өткіземін. Сабақты алдымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру жұмыстарын жүргіземін. Өйткені , сабақ барысындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың сөздік қорларын молайту мақсатында диалогты оқыту әдістері мен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және визуальды әдістерді қолданып отырамын. АКТ құзыреттілікттерін арттыру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс, ғаламтор арқылы мәлімет жинақтап жүйелеу тапсырмалары дайындалады.Әр сабағымда презентациялар қолданамын.Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмалар беріп отырамын. Талантты және дарынды, орташа және білім деңгейі төмен оқушылар арасында бірлескен оқу жүргізу үшін қолжетімді тапсырмалар, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар беріп отырамын. Диалог негізінде білім мен білім бере алу - мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, оқушылардың өзара сұхбаттасуы және оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екендігін меңзейді. Жаңа сабақты ашу барысында диалог әдісі арқылы оқушыларға жеңіл сұрақтар қойып отырамын. 10 сыныпта «Біз отбасын жоспарлаймыз» тақырыбын бергенде келесі сұрақтарды қоямын. Мысалы: • Отбасыларыңда кімдер еңбек етеді? • Ата-аналарың тапқан еңбекақыны қайда жаратады? • Бюджет деген сөздің мағынасы қандай? • Отбасы бюджеті деген не? • Отбасы бюджетін кім жоспарлайды? • Отбасы бюджетін жоспарлауға сен қатысасың ба? Қалай ойлайсыңдар , бүгінгі сабақта не туралы әңгімелесеміз? деген сұрақтар арқылы оқушылардың өз ойларын айтқызамын. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана отырып,сөздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылықтары артты.Мен өзімнің сабағымда сынып оқушыларын топқа бөліп, ассоциация беріп отырдым. Бұл жерде оқушылар «Жоспар», «Бюджет» сөзіне сөздер жаза отырып,өз ойларын айтып, постерлерін қорғады. Қорғау барысында екі топқа екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша бағалады, Бұл кезеңде оқушы әр тапсырма үстінде өз ойларын еркін айтты және сөйлеуге үйренді, сөздік қорлары молайды. Келесі сабақты бекіту бөлімінде «Қарлы жұмбаз» әдісін қолдана отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту үшін мен осы әдісті пайдаландым, екінші сабағымда үй тапсырмасын сұрау кезінде «Сұрақты тап?» әдісі арқылы дайын жауапқа қарай отырып, сұрақтар жасады. Осы сұрақтарды таба отырып екеуара диалог жасады. Оқу барысында жүппен жұмыс жасай отырып, оқушылардың тілдік қабілеттері дамыды, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді және зат есімді,көптік, септік жалғауларын қайталады. Мағынаны тану бөлімінде оқушыларға келесі тапсырма бойынша ББҮ тапсырмасын бердім. Бұл тапсырма бойынша оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасады.Топта талқылап өз жауаптарын берді.Оқушылар бір бірімен қызыға отырып, мәтінді қаншалықты меңгергені жөнінде өздерінің ойлау, сөйлеу қабілеттерінің жоғары екендерін көрсетті. Ойды түйіндеу бөлімінде ББҮ әдісі арқылы кестенің 3 бағанын толтырамыз. Сабакты бекіту бөлімінде «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушыларға мәтінді түсінгендіктерін бақылау үшін әр топқа 3 сұрақтан берілді. Оқушылар сабақты бекіту кезінде «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мәтінді қалай түсінгендерін байқау мақсатында мен сұрақ қойдым. Сұрақ төмендегіше болды. • Отбасылық бюджет неден құралады? • Бюджет деген не? • Отбасы бюджетін жоспарлау неге көмектеседі? деген дамыту сұрақтарын қойдым. Осы сұрақтарды қою арқылы оқушылардың сыни ойлай отырып жауап беруге үйренеді. Сонымен бірге сабақтарымда венндиаграмма қолданып отырамын. Сабағымда дарынды және талантты оқушыларды оқыту мақсатында әрбір тапсырманы орындауда байқалады. Сонымен бірге оқытудың ақпараттық технологияны қолдана отырып, сабағымда мағынаны тану бөлімінде жаңа сөздермен жұмыс жасады және осы ақпараттық технологияны қолдана отырып «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі арқылы орны ауысқан сөздерден сөйлемдер құрады, жаттығулар орындады және екінші сабағымда «Деталдарды қосу» әдісін пайдалана отырып,оқушыларға сөйлемнің жалғасын жалғастыру арқылы тапсырмалар орындаттым .Сонымен бірге келесі сабақтарымда оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруда «Жылан сөзі» ойыны бойынша тақта арқылы сөздерді құрап жазды.Сабағымның АКТ қолдану барысында орны адасқан әріптерден сөйлем құрау және суреттерді сәйкестендіру кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырдым. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін– өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады . Өзімнің сабағымда оқушыларға бағалау кретериилерін үирете отырып, бірінші сабағымда оқушылар постер қорғауда бір біріне «Екі жұлдыз бір ұсыныс»әдісі арқылы және жұппен жұмыс жасауда шапалақтау арқылы және топпен жұмыс істегенде бір топ келесі топқа бағдаршам арқылы бағалар берді. Бағалау бетшелері арқылы топ басшылары өздерінің топ мүшелерін қаншалықты деңгейде екенін 3 түрлі фигура арқылы бағалауды қолданды. Сабақ соңында көңіл күйлерінің қаншалықты болғанын смайликтермен және басбармақтар арқылы және табыс ағаштары арқылы оқушылар сабақтарды өз дәрежелерінде бағалады.Осы кезеңнен кейін кері байланыс нәтижесінде «Білдім, Үйрендім, Нені білгім келеді?сипатындағы стикерлік ұсыныстары қорытындыланды. 5. Мен осы тәжірибем арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударып, оларды шын білімге жетелеп, мақсатымды жүзеге асыра білдім. Н.Ә.Назарбаев «Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дәрісінде: «Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «… терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді. Білім беру, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық, саяси-экономикалық сауатты және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгеруі тиіс. Еліміздің мәртебемінің биік болуы әсіресе, жас ұрпақтың білімділігі мен белсенділігіне байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап сапалылық. Мұғалім заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытудың жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға саналады. «Шеберлік сыныбын» мына сөздермен аяқтағым келеді: Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, Білімдік бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, - деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. | |
Просмотров: 1381 | Загрузок: 11 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|