Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
2016-10-31, 8:47 AM
Калибас Айнур Бериккановна, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, №2 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту , сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге ,қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, суретпен жұмыс, салыстыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет
Көрнекілігі: флипчарт.
Күтілетін нәтиже: Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады; Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып, фонетикалық талдау жүргізеді
Сабақтың барысы
1 Психологиялық дайындық : Қос сөздерден оқушылар бір-біріне тілек білдіреді
2 Қызығушылықты ояту: Семантикалық карта. Семантикалық картада қос сөздер түрлері мен мысалдар беріледі, оқушылар орындарында орындайды.
3 Мағынаны тану. Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту. Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап
Абай.
Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек
/Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/
Құлын-тай, жоғары-төмен, үйрек-қаз, қыз-келіншек, көре-көре, жарқ-жұрқ, үйді-үйге,өз-өзіне
- Бұл сөздер қалай жасалып тұр ? - Неше түбірден қосарланған ?
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз.(Экраннан көрсету)
- Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз
Елу түйесі, екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .
- Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
- Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір-біріне жақын (синоним) сөздер я қарама-қарсы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні, ауыл-аймақ, ағайын-туыс.
Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.
- Бір мағыналары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.
Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын т/б
- Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай ,қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.
- Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ
Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар жіберілді.
- Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы. Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді. Мысалы: Оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту, қазақша-орысша үгіт-насихат т/б.
Оқулықпен жұмыс
Фонетикалық талдау
3 топқа тапсырма
1-топ: Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу
2- топ: Кескін-келбет сөзіне
3- топ: Ығы-жығы сөзіне талдау
Суретпен жұмыс
2 сурет беріліп, оқушылар өз таңдауы бойынша қос сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды.
Бекіту: «Қосарлама қос сөздерге» топтастыру құру
Үйге тапсырма: Ереже жаттау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1962
Просмотров: 839 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 7:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru