Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (605.5 Kb) ] | 2017-01-12, 7:19 AM |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Пеньково орта мектебі Оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Баукенова Торғай Сейпеловна Қазақ тілі. 9 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз». Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ. Пресс- конференция сабағы. Сабақ мемлекеттік стандартқа сәйкес құрылды. Күнтізбелік жоспарда қазақ тілі пәнінен 5 сағат және қазақ әдебиеті пәнінен 2 сағат бөлінген. Оқыту технологиясының модульдік нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни жауабының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталған.Сонымен қатар, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сөздік қорын белсенді дамытуға көзделген. Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. МОТ – сы бойынша жан – жақты білім бере отырып, баланың ой дәлдігі, тіл көркемдігі артады. Оқушыны үнемі ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.Осы мақсатта 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі» пәндерінен модульді оқытудың жоспарын құрдым. Бұл сабақ модульдің сөйлесу бөліміндегі оқу материалын бекітуге арналған 7 сабақ. Тақырыптың күрделілігі : берілген сынып үшін қазақ әдебиеті және қазақ тілі оқулықтарында берілген тақырыптарды бөлек беріп оқыту. Қиындық дәрежесі :Тақырып бойынша «Қазақ әдебиеті» оқулығында Шоқанның жазған хаттары, «Қазақ тілі» оқулығында оның шығармаларынан үзінділер берілген. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсініп, әңгімелеу дағдыларының негіздерін меңгеруін қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше қазақ тілінде оқырмандық әрекеттерді орындауды талап етеді. Сондықтан берілген сыныптағы оқушыларда шығармаларды өз бетінше оқып, түсініп, әңгімелеуде қиыншылық туады. Сабақтың мақсаттары: 1.білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын тарихи деректермен толықтырып әңгімелеу, оны жан-жақты салада еңбек еткен ғалым ретінде таныту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, зерттеуге дағдыландыру, ізденпаздық қасиеттерін дамыту. Бұл сабаққа дайындалу барысында кіріспе сабақта тірек сызбамен өмірі мен шығармашылығы туралы лекция сабағы жүргізілді, оқушылар кітапханада, компьютерде қосымша әдебиетпен жұмыс істеді, сұрақтар бойынша консультациялар өткізілді. 2.тәрбиелік: Шоқанның бойындағы алғырлық, зеректілік, білімге деген құштарлық, батылдылық сияқты қасиеттерді оқушылардың санасына ұялату. Оқушылар Шоқанға деген көзқарастарын білдіргенде, бұл мақсат жүзеге асты деп ойлаймын. 3. Дамытушылық: Өз бетінше қазақ тілінде оқырмандық әрекетті орындай алуына мүмкіндік жасау. Оқушылар рөлдік ойынның көмегімен осы міндеттерді шешті. Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ. Бекіту сабағы. Бұл сабақ танымдық, белсенділік іскерлігін арттыратын сабақ. Сынып 2 топқа бөлінеді: 1 топ – тілшілер, 2 топ- әр саладағы қызметкерлер. Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру. Мақсаты: Оқушыларды сабаққа дайындау, нақты беру Білімі жоғары деңгейлі оқушылар үйге берілген қосымша тапсырма бойынша сабаққа байланысты хабарлама жасайды. Мақсаты: 2. Практикалық дағдыларын қалыптастыру:«Пресс- конференция» ойынын жүргізу. Мақсаты: аталған ойынды пайдаланып, оқушылардың сөйлесу бөлімінде танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім- білік дағдыларын бақылау, тексеру. алған білімдерін жүйелеу. 1. Қорытынды бөлім: Оқушылардың Шоқанға деген өз көзқарастарын, ой- пікірлерін білдіру. Мақсаты: қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты жеткізе білуін іске асыру. Сабақта қолданылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар. Қолданылған оқу әдістері: 1) Дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі: Сынып «мықты – орташа- әлсіз» топтарға бөлінген. Мықты топқа шығармашылық түрде тапсырмалар берілді: 1.Шоқан туралы мәліметтер дайындау( газет, журнал, жаңалықтардан) 2. Шоқанның туындыларымен танысу «Киіз үй» және «Жұлдыздар» тақырыптары бойынша жоба дайындау. 3. Шоқан Уәлиханов туралы қосымша материалдар дайындау. Орташа топқа берілген тапсырмалар:а) Шоқан - суретші, этнограф, географ болғанын дәлелдеңдер. Ә) Шоқанның еңбектерінің құндылығы неде? Б) Шоқанның жазған хаттары және оған жазған хаттары туралы не айтасыздар? Әлсіз топқа берілген тапсырмалар: Сұрақтарға жауап бер:\ 1. Шоқан Уәлиханов кім? 2.Ол қашан және қайда дүниеге келді? 3. Оның шын аты кім? 4. Оның балалық шағы қайда өтті? 5. Омбы кадет корпусына қашан оқуға түсті? 6. Ол қалай оқыды? 7. Омбы кадет корпусында қандай пәндер оқытылды? 8. Кімдер сабақ берді? 9. Омбы кадет корпусында қандай қабілеті қалыптасты? 10. Әскери қызметке қашан қабылданды? 11. Қандай еңбектері бар? 12. Сырымбеттегі мұражай қашан ашылды? 13. Ол Қашқарияға қашан сапарға шықты және қашан оралды? 14. Ол қандай тілдерді білді? 15. Ол қай жерлерді аралады? 16. Қырғыздардың қандай дастандарын зерттеді? 17. Қанша суреті қалды? 18.Петербургте қай жылдар болды? 19 Оның достары кім болды? 20. Қай жылы, қай жерде қайтыс болды? 2. Оқытудың ойын әдісі: Оқушыларға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, шешен сөйлеу қабілетін үйренуге, жан- жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Ойын барысында орташа және әлсіз топтарының оқушылары ( тілші және маман рөлдерінде ) бір- біріне сұрақ қою арқылы жауап алады. Мықты тобының оқушылары сұрақтарға қосымша жауап береді, ғалымның еңбектері бойынша баяндама оқиды. 3.Оқытудың қатысымдық әдісі. Сөйлесім әрекетінің продуктивті түрі- айтылым мен жазылым. Сабақта айтылым түрі іс –жүзінде өзара іс- әрекеті үстінде , яғни бір- біріне сұрақ қою, жауап беру арқылы жүргізілді. ( уақытты үнемдеу үшін), жазылым қорытынды сабақты іске асырылады. Жалпы қорытынды және бағасы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме! Отырыңдар. Музыка жүргізіледі Бүгін сабақта «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша алған білімдерімізді бекітеміз және жүйелейміз. Сабақ пресс- конференция түрінде өтеді. (1-слайд) Сабақта қойылатын талаптар: 2 слайд А) Ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдеріңді көрсете білу. Ә)Тақырыпқа байланысты нақты сұрақтар қоя білу және дұрыс жауап беру. Б) Шоқан туралы өз көзқарастарыңды, ойларыңды білдіру. Ал қазір Айгерім мен Нұргүл Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойына өткізіліп жатқан шараларға тоқталып кетеді. Айгерім 3,4 слайд. Нұргүл -5,6 слайд. II. Пресс- конференцияны бастаймыз. Сіздерге сәттілік тілеймін! Жүргізуші: (Анатолий) Құрметті конференцияға қатысушылар! Шоқан Уәлихановтың «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты пресс- конференция ашық деп жариялаймын. 7-8 слайд Конференцияға Омбыдан келген өкіл, Қазақстанның белгілі географы, суретшісі, облыстық тарихи- өлкетану мұражайы, мұрағат, кітапхана қызметкерлері және журналистер қатысып отыр. 1.Сөз тілшілерге беріледі: Омбыдан келген өкіл, мұрағат, мұражай қызметкерлеріне сұрақтар қояды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызмекерлері толықтырып отырады. (жоғары деңгейлі тапсырма орындаған оқушылар) Надя –9-13 слайд Яков – 14- 17 слайд Ксения- 18 слайд 2. Рөлдердің орыны ауысады. Қызметкерлер тілші рөлінде, тілші рөлінде қызметкерлер. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызмекерлері толықтырып отырады. (жоғары деңгейлі тапсырма орындаған оқушылар) Вадим – 19-23 Рамиля- 24-28 слайд 3. Жүргізуші: (Анатолий) Сөз облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызмекерлеріне беріледі. (Жоғары деңгейлі тапсырма орындаған оқушылар жоба қорғау бойынша баяндама оқиды) Нұргүл -29-34 слайд . Айгерім -35-42 слайд 4. Жүргізуші сөз сөйлейді. 43-47 слайд III. Сабақты қорытындылау: Мұғалімнің сөзі: Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда біз сендермен халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышы, ғылымның барлық саласында еңбектер, пікірлер қалдырған Шоқан Уәлиханов туралы өттік.Шоқан Уәлиханов досы Ф. Достоевскийге жазған хатында өзі туралы мына өлең жолдарында айтып кеткен. «Досына хат» (Ф.Достоевскийге) Санақта ұлт бол қосылып, Ел болса деп ем өздегей. Қазақты өзге ел басынып, Болмасын деп ем құл, кедей. Шарға түстім, мақсатым – Басқару болып өлкені. Шығарсам дедім жақсы атын, Ел етіп өскен өркені. Жастарды тартып білімге, Бай етсем деп ем кедейді. Алыс, жақынды білуге, Талпын ғандар көбейді. Сұрақ : Ал , сендер Шоқан Уәлихановты қандай адам деп ойлайсыңдар, сендердің өмірлеріңде ұлы ғалым қандай орын алады? Оқушылар өз ойларын айтады. IV. Бағалау: Оқушылардың бағаларын хабарлау. Музыка қойылады. Мұғалімнің сөзі: Шоқанның өмірі, оның бойындағы алғырлық, зеректілік, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі сендерге үлгі - өнегі болуы тиіс. Бұқар жырау «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей Шоқанның мұралары әлі күнге дейін халықтың жүрегінде сақтаулы, әлі де сақтала бермек. Біздің жерлесіміз Мүтәллап Қанғожиннің Шоқанға шығарған өлеңі. Қазақтын көгінде, Әлемнің төрінде, Жарқырап, жайнаған Жұлдыздай көрінді. Дарынға бақ тілеп, Айтылып ақ тілек, Ғылымның шыңында ол Қанатын қақаты деп. Масайрап, мақтанып, Марқайды ел шаттынып, Сарыарқа көсілді, Нұрына қақталып. Бал күннен құлпырып, Білімге ұмтылып, Орысша өнерге, Ғылымға құлшынып. Ғасырдан ғасырлар, Жұмбақты жасырғаң Қашқардың қақпасын Ешкім жоқ аша алған. V. Үйге тапсырма: Шығармаға дайындалып келу. Шоқан әдебиет мәселелері жөнінде көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасаған. Ол қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, т.б. орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар, Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, Ч.Диккенс, В.Теккерей, В.Шекспир, Гете шығармаларын сүйіп оқып, Батыс, Шығыс орыс әдебиетін зерттеуге де ерте кіріскен. Қазақ ауыз әдебиетінің мәселелері сөз болатын «Қазақтың халық дастандарының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз-әңгімелері», «18 ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», т.б. еңбектерінен оның терең білімдарлығы көрінеді. Уәлиханов қазақтың батырлар жыры үнді-герман эпостарына ұқсайтындығын айтады. Ол халық поэзиясының көркемдігіне сүйсіне отырып, одан тарихи, этнографиялық мағлұматтар іздеген. , әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған. Оқушылырды бағалау Оқушының аты- тегі 1 сұрақ 2 сұрақ 3 сұрақ 4сұрақ 5 сұрақ 1жауап 2жауап 3жауап 4жауап 5жауап Өз ойы Қорытынды баға Надя Яша Ксюша Зарина Вадим Наргүл Рамиля 1 сұрақ 2сұрақ 3 сұрақ 4 сұрақ Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Өз ойы Қорытынды баға Анатолий Қосым ша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Қосымша Өз ойы Қорытынды баға Нұргүл Айгерім «5» - «4»- «3»- Білім сапасы: % Өз ойлары, көзқарастары: Надя Шоқанның ұлылығы Яков Ксения Белгілі географ Зарина Полиглот Вадим Рамиля Шоқан батыл адам Нұргүл Шетелдіктердің тануы Айгерім Шоқан Наргүл Шоқанның қайраттылығы Анатолий Ғалымдардың еңбектері Times New RomanШоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын тарихи деректермен толықтырып әңгімелеу, оны жан-жақты салада еңбек еткен ғалым ретінде таныту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, зерттеуге дағдыландыру, ізденпаздық қасиеттерін дамыту, Шоқанның бойындағы алғырлық, зеректілік, білімге деген құштарлық сияқты қасиеттерді оқушылардың санасына ұялату. Сабақтың көрінекілігі: мультимедиялық құралдар, интерактивті тақта, оқушылардың жұмысы. Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсаты мен міндеттері , сабақтың барысы таныстырылады/ ІІ Сәлеметсіңдер ме , балалар! Бүгінгі сабағымыз Шоқан Уәлихановқа арналады. Үйге әр топқа Шоқанның өмірі мен шығармашылығына байланысты тапсырмалар берілген: І топқа Шоқанның өмірі ІІ топқа Шоқанның еңбектері ІІІ топқа Шоқанды Семеймен байланыстыру Оқыту технологиясының модульдік нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни жауабының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталған.Сонымен қатар, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сөздік қорын белсенді дамытуға көзделген. Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. МОТ – сы бойынша жан – жақты білім бере отырып, баланың ой дәлдігі, тіл көркемдігі артады. Оқушыны үнемі ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.Осы мақсатта 10-сыныпта Қазақ әдебиеті және Қазақ тілі пәндерінен модульді оқытудың жоспарын төмендегіше құрдым. Модуль: Шоқан Уәлиханов (9 сағат) Бөлімі Сағаты Сабақтың мазмұны, түрі Уақыты Кіріспе 1 Блок құрылымын таныстыру, мақсаты: - Тірек сызбамен түсіндіру - - Оқулықпен, дәптермен жұмыс - - Қорыту, үйге тапсырма 5мин 15мин 20мин 5мин Сөйлесу бөлімі 2 3 4 5 -6 7 Оқу материалын меңгерту «Қарлы кесек» ойыны Қорыту, үйге тапсырма Білім,іскерлік дағдыларын дамыту «Алгоритм» ойыны «Шеңбер бойымен әңгімелеу» Қорыту, үйге тапсырма\ Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау «Даналық ағашы» Шығармашылық жұмыс Қорыту, үйге тапсырма Білім, іскерлік дағдыларын қорытындылау «Сиқырлы сандықша» Қорыту, үйге тапсырма Оқу материалдарын бекіту « Пресс- конференция » сабағы Қорыту, үйге тапсырма 40мин 5мин 20мин 20мин 5с 20мин 20мин 5мин 40 мин 5 мин 40 мин 5 мин Қорытынды 8 9 1.Шығарма 2.Қорытындылау 1.Тест 2.Сынақ 3.Жалпы тарауға қорыту 40мин 5 мин 15 мин 20 мин 10 мин Мақсаты: Білімділік: Шоқан Уәлихановтың шығармашылығымен таныстыру. Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Өз бетімен Шоқан Уәлихановтың шығармаларын оқу арқылы сөздік қорын байыту. Оқушы нені білуі керек: 1. Шоқанның өскен ортасын, тәрбиесін, білім алған ортасын, еңбек жолын, шығармашылығын білуі керек. 2. Шығармашылық жұмыстар тақырыбын ұсыну. 1. 2. М.Әуезов романы туралы әлемдік және Қазақстан сыншыларының пікірлері 3. Әуезов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері 4. Әуезов шығармаларындағы пейзаж Қосымша әдебиеттер: Оқушылар үшін: «Дидактикалық материалдар» Оқушы анықтамасы (Қазақ әдебиеті) 1- кесте Құнанбайдың жолы-«Қияда, өрде, бел-белесте,шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда». (Ғ.Мүсірепов) 2-кесте Құнанбай Абайдың жолы- «Қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда». (Ғ.мүсірепов) Абай 3-кесте Кіріспе сабақтың дәйексөзі: Сабақ жоспары: Кіріспе бөлім. 1-сабақ Тақырыбы: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы І Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру ІІІ.Сабақтың мақсатын, өту барысын айту. ІҮ.Тірек-сызба, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, жаңа модуль бойынша тақырыпты түсіндіру. (Лекция тезисі) Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі- Әуезов.Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек,сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.М.әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Әкесі Омархан да, атасы Әуез дехат танитын сауатты адамдар болған.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады. М.әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды.1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-кебек» пьесасын қояды.20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң,қайғы.Осының бәрі М.әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағыәрекеттері болатын.»Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Ү.Оқулық пен дәптермен жұмыс. 1. Тірек-сызбалары, дәйексөзді дәптерге жазу. ҮІ.Үйге тапсырма: М.Әуезовтің шығармашылығын оқып келу. 2 - сабақ. «Қарлы кесек» ойыны. Ойынның мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Ойынның шарты: 20 оқушы 4-тен 5 үстелге бөлінеді.. «А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің басына, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне, «В» әрпін алғандар – «В» үстеліне т.с.с. орналасады. «Г» әрпін алғандар – «Г» үстеліне.Мұғалім әр топқа ортақ немесе жеке-жеке тапсырма береді.Керекті құрал-жабдықтар: 1. Бағыттаушы парақтар (қатысушының санына қарай). 2. Қатысушының нөмірі жазылған жетон. 3. Үстелдердің белгілеуге арналған сілтемелер. 4. Жалпы бағалау парағы. №А-1. Бағыттау парағы Тур Үстел Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері Ойынн тапсырмалары:«А» үстеліне – М.Әуезовтің өмірбаяны және пьесалары. Сабақтың жоспары\План урока: 1. Ұйымдастыру-мақсат кезеңі-3 минут. 2. Операция-танымдық кезеңі: А. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі-7 мин. Ә. Жаңа білімді меңгеру-35 минут. Б. Жаңа білімді бекіту-25 минут. 3. Рефлексивті бағалау кезеңі-3 минут Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Кқкшетай облысы) баурында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арғы атасы Абылай. Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алыпты. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Шоқан табиғатынан зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын. Корпутса ой-өрісі, білімі жағынан «Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шокан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды», - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н.Ф.Костылецкий, мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.Т.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал еткен. Костылецкий арқалы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді дейді Потанин. Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тян-Шанский, Потанин; Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған. «...жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе сықылды болды», - дейді Г.Н.Потанин. 1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын 18 жасында бітіреді. Ол Омбыда әскери қызметқе қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқаратын генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Екінші жағынан Батыс-Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды. Қызметте Шоқан бюрократтық...мансапқор чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым көреді. Бұл туралы достарына – М.Ф.Достоевский, А.Н.Майков, В.Курочкин, К.К.Гутковскийге жазған хаттарында Омбыдан кетуді, тұған халқына пайдасы тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған. Ш.Уәлиханов адъютанттық қызмет атқара жүріп Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуге белсене араласады. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, фольклор нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстыққөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы зерттеледі. Шоқан табиғатты және ел тұрмысын жазушылық шеберлікпен суреттеген. Орыс достары оны «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі» деп атаған. Шоқан қырғыз халқының «Манас», «Семетей» туралы дастандарын аса құнды туындылар ретінде бағалаған. Шоқан «Манасты» даланың «Иллиадасы» тәрізді десе, «Семетей» жырын «Манастың» жалғасы. Бұл – қырғыздың «Одиссеясы» деген. «Манасты» бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да Шоқан. ТОЛЯ Шоқанды көптеген ғалымдар өте жоғары бағалады. П.П.Семенов-Тян-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды. 1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүние жүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды. Шоқан өмірімен ғылыми творчестволық қызметінің аса елеулі кезеңі – оның 1859 жылдың аяғында Петербургте болуы еді. Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты. Денсаулығы нашарлап ол еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен – Тоған деген жерге қойылады. Шоқан өлімі оның сүйген қазақ халқына және орыс достарына өте ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Орыстың географиялық қоғамы басып шағарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстын шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды. 1958 жылы Уәлихановтың Алтынмелдегі қабірі басына биік обелиск орнатылады. Шоқанның 4-5 томдық еңбектері шықты. Ол өзі көп жасамаған ғой, не бары 30 жыл жасады. Шоқан қысқа ғұмырында қазақ баласына құнды мирас қалдырды. Көптеген елдердің ғалымдары оның еңбектерін әлі күнге дейін оқып, зерделеп жатыр. Оның еңбегі ешқашан ұмытылмайды Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: "Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен", – деп жазады. Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттей келе Шоқан олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын ашып дәлелді мысалдар келтіреді. "Жоңғария очерктерінде" "Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран қалдым", – деп көрсетеді. Орыс-қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлаған екі елдің поэзиясының бір-біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың шешен билері жайында құнды пікір білдіреді. Биылғы қараша айында ұлы ғалым, этнограф, фоль¬клоршы, саяхатшы және ағар¬тушы Шоқан Уәлихановтың туға¬нына 175 жыл толады. Осыған орай Петропавлда қала жұртшылығы мен мерейтойға келген меймандар ғалымның құрметіне орнатылған ескерткіш басына жиналып, рухына тағзым етті. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский барельефіне де гүл шоқтарын қойды. Бұл ескерткіш Шоқан Уәлиханов көшесіндегі саябаққа ғалымның 140 жылдығына орай 1975 жылы орнатылған еді. Осы араға жиналған қалың жұртшылық қазақтың жарық жұлдызы болған аяулы перзентінің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараға облыс әкімі Серік Біләлов, Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Шота Уәлиханов, белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұдан кейін құрметті қонақтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қабырғасына орнатылған Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевский барельефіне гүл шоқтарын қойды. Екі ұлы халықтың дана перзенттері бейнеленген барельеф ұлттар арасындағы мызғымас достықтың белгісі ретінде 2005 жылы ашылған. Халқымыздың сүйікті ұлының рухына тағзым етуге кейінгі толқын өкілдері де келген. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан Шоқанның шығармашылығымен барлық жастар жіті танысып үлгермесе де білетіндері мол. Шоқан Уәлиханов шығармалашылығында ақ қайыңдар өлкесінің өзіндік орны бар. Сондықтан мұражайдың 12 бөлмесін аралаған меймандар Шоқанды жаңа қырынан танығандай болып шықты. Ал асылдың тұяғындай арамызда жүрген Шота Ыдырысұлы атасына көрсетіліп жатқан құрметтің деңгейін былайша бағалады. Осы зиялы топ Шоқанның сүйікті әжесі Айғаным ханшаның қонысы Сырымбетке барып қайтты. 7 қазанда Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық торқалы тойына арналған «Еуроазиялық мәдени кеңістіктегі Шоқан Уәлихановтың мұрасы» тақырыбында үш күндік халықаралық конгресс өтті. Басқосуға 80-ге тарта елдің гуманитарлық ғылымдар, түркология, тарих, этнограф, этнолог, филолог ғалымдары қатысты. Олардың қатарында Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі ірі ғылыми орталықтардың, білім және мемлекеттік құрылымдар өкілдері болды.. Іс- шара аясында үш бағыт бойынша 70-ке тарта баяндама тыңдалды.Конгресс аясында жаңғыртылған Шоқан бюсті салтанатты түрде ашылып, Шоқан Уәлихановтың ілі мен ғылыми жетістері турасындағы бірқатар жаңа еңбектердің тұсауы кесілді. Шараға Шоқан Уәлихановтың туыстары да қатысты. Олар оқу орнының студенттеріне атақты жерлестеріңе ұқсап бағыңдар деген тілектерін білдірді. Меймандар Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданы Сырымбет ауылындағы «Айғаным қыстағы» мұражай кешеніне сапар шекті. Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды ықылас-ілтипаттарына ие болады. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі. 1858-1859 жылдары Шоқанның "Жарық жұлдыз", "Қашқария сапары" оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды. 1870 жылдары Петербургте Шоқанның "Жонғария очерктері". "Алты шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласынын жағдайы туралы", "Адольф Шлагинтвейттің өлімін әкелген жағдайлар туралы мәліметтер" туралы еңбектері жарияланды. Қашқарда болған кезінде Шоқан ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған жазбалары да сақталған. | |
Просмотров: 1877 | Загрузок: 21 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|