Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (59.5 Kb) · Скриншот ] | 2017-01-20, 8:04 AM |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Пеньково орта мектебі Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Баукенова Торғай Сейпелқызы ЭССЕ «МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІСКЕРЛІГІМ » Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем... Мұқағали Мақатаев Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті. Тіліміз де мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізілуде. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын. Осы себептен маған оқу орыс тілінде жүретін мектептегі қазақ тілі пәні мұғалімі ретінде үлкен міндет тұр. Бұл - оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Қазіргі XXI-ғасыр – өзгеру заманы. Бізге өзгеріс керек. Ең алдымен мен өзім өзгеруім керек, содан соң әріптестеріммен, оқушыларымды өзгертуім керек екенін, сезіне алдым. Өзгеріс оқыту үдерісімен байланысты. Әр мұғалім өз пәніне байланысты курстан өтіп жатыр. Мен өзім де бірнеше курстан өтіп, білімімді одан әрі жетілдірудемін. Сондай курстың бір түрі үш айлық курс. Осы курс өзге курстарға қарағанда, маған өте қиын және маңызды болды. Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым.«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Осы өткен үш айлық курс бағдарламасы бойынша алдыма келіп отырған оқушылардың елбасымыздың қолдауымен жүргізіліп жатқан білім бастамасының мақсаты бойынша еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруімен қатар, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына өз үлесімді қосып жүрмін. Үш айлық курс менің жаңаша жұмыс істеуіме жақсы әсер етті. Менің ойымша, жаңа формация педагогі: шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін практикада қолдана алатын оқушыларды жетілдіру біздің қолымызда. Осы кезең маған не үйретті?, мен не үйрендім? Бұл кезең менің бойымда нендей өзгерістер қалыптастырып, педагогикалық қызметіме қандай өзгерістер енгізді? Осы Кембридж бағдарламасындағы қарастырылған идеялар, жеке әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісінде енгізе отырып, сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізуді жоспарладым. Оқушыларға ыңғайлы орта жасау үшін әр түрлі тренингтер өткізіп, сабақ алдында қызығушылығын оятамын. Әр сабағымды «шаттық шеңберімен» бастайтын болдым. Оқушылар бір-біріне тілек айтудан бастаса, кейінгі сабақтарда тақырып бойынша жаңа сөздерді айтқызып отырдым. Осы кезеңде сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасты, оқу үрдісіне оқушылар белсенді, жақсы көңіл-күймен катысуға мүмкіншілік алды. Осы әдістің оқушыларға ұнағанын кері байланыс кезінде жазғандарынан байқадым. Мысалы: «Сабақтың басында шеңберге тұрып біз бір-бірімізге тілек айтқанымыз ұнайды» деп бір оқушы жазып берді. Сабақ барысында қызығушылығын ояту мақсатында өткізілетін тренинг сабақтың сәтті басталуына, сергіту сәтінің сабақ ортасында ұйымдастырылуы бала бойында құлшыныс пайда болуына, сабақ аяқталғанда өзін жақсы көңіл-күйде сезінуіне әсерін береді. Әр оқушы жеке тұлға, сондықтан оқушылар өздерін сенімді сезіну үшін біз оларға әр сабағымызда көп уақыт өздері жұмыстануға, өздері жоспарлауға, өздері бағалауға мүмкіндік беріп, олардың сабаққа деген көзқарастарын өзгертіп отыру керек. Әр сабағымда сыныпты топтарға бөліп, топтардың құрамын сабақ сайын өзгертіп отырдым. Бұлай бөлу арқылы оқушыларды араластырып отырғаным олардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту үшін, топта тиімді жұмыс істеу үшін пайдалы өзгерістер енгізді. Оқушы бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетіп, қорғай алады. Топпен жұмыс істеу, топтың көмектесуі бір-біріне, бала бойына сенім ұялатып жұмыс жасауына жол ашады. Өткізілген сабақтарымда оқушылар жауаптарына үнемі қолдау жасап мадақтау, мақтау, сыйластық қарым-қатынасын жасай отыра, бірлескен жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды сабаққа тартып жұмыс жасауға қолайлы орта жасалды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасып, өздерін еркін сезініп тапсырмаларды орындау барысында бір-біріне көмек қолын созып, жұмысқа кіріседі. Әсіресе, дарынды оқушыларым достарына сөздердің оқылуын, тапсырмаларды қалай істеу керек екенін түсіндіріп, көшбасшылық жасап отырады. Бұл топтағы оқушылар үнемі ізденіс үстінде. Шығармашылық тапсырмалар берудегі оқушылар белсенділігі, өздері сабақтарымда мәліметтер жинақтап, сабақта қолдана білуі осының дәлелі. Қазіргі заманауи уақытта білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі ескірген. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін әр сабақта қолданамын. Оқушылардың бір- бірін бағалауы мұғалімнің бағалауынан маңыздырақ. Балалар өздерін бағалау кезінде жетістіктерге жетуге ұмтылады, бағаны не үшін және қалай алатындарына, өздік бағалаудың дамуына да әсері мол. Мен өз сабақтарымда «Бағалау парағын», «Смайликтер» қолданамын. Сабақтарда қалай баға қою керектігін үйреніп алды, дұрыс бағалауды үйренді, шынайы бағалайтын болды. Осы орайда айта кететін жағдай кері байланыс әдісі, яғни кері байланыс әдісін пайдаланып, оқушылардың жазған ойлары арқылы бағаласа, нақты, шынайы, адал баға шығады. Мен кері байланыс парағы арқылы оқушылардың келесі сабақты қалай өткізуге болады, сабақтың ұнағаны немесе ұнамағаны, алдағы уақытта қандай ұсыныс беретінін байқап отырамын және сол ұсыныстарды келесі сабағымда пайдалануға тырысамын. Кэмбридж бағдарламасы бойынша курстан алған ең басты құндылығым - бала психологиясына тереңірек үңілу, әр баланың бойынан қабілет, дарын іздеу. Әр оқушының бейімділігіне қарай жеке жұмыс жасап, топтық жұмысқа дайындау, өз сыныптастарынан кейін қалмауға, өзін тең құқылы тұлға ретінде сөзінуге мүмкіндік жасауды қазіргі уақытта өзіме басты міндет етіп қабылдадым десем болады. Курс бітіргеннен бастап, менің әрі қарай іс –әрекеттерімді қалай іске асырамын деген стратегиялық жоспарым болды. Осы стратегиялық жоспарым бойынша өзімді көптеген шығармашыл идеяларға толы жаңа формация мұғалімі ретінде дамытып, жетілдіре отыра жоспар құрып қана қоймай, іске асырудамын. Оған дәлел ретінде, қаңтар айынан бастап өзімнің әріптестеріме «коучинг» сабақтарын өткізу арқылы іс-тәжірибелеріммен бөлісіп, 7 модуль аясында жаңа әдіс тәсілдерді үйретудемін, онда «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау», «Оқытудағы топтық және ынтымақтастықтағы өзара іс-әрекеттестікті ұйымдастыру», тақырыбында коучинг сабақтарын өткіздім, бүгінгі күні өздерінің өтініші бойынша менің сабақтарыма қатынаса отырып шешім қабылдаған бес тәлімалушым бар, олар да оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолданып сабақтарын өткізуде. Облыстық оқу ісі меңгерушілерінің семинарында «Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» тақырыбында коучинг сабағын өткізсем, қалалық биология пәні мұғалімдерінің тамыз секциялық отырысында «Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбында өткіздім. Қорытындылай келе, алдағы уақытта осы бағдарламадан алған білімдерімді жас ұрпақ бойына сіңіру менің парызым деп санаймын. Сол себепті де әрбір сабақтың мақсат, міндетіне сәйкес оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді етіп таңдау, оқыту үдерісіне қолдану шеберлігін жетілдіріп отыру өте маңызды. Бала оқуда зейінді, білімге құштар болумен қатар, ерік-жігері мол, әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатын тұлға болса, адамгершілігі мол, еңбекқор, тәрбиелі, елжанды азамат болып ер жетсе, менің бір қосқан үлесім деп шаттанар едім. Еңбегімнің шын нәтижесі – осы дер едім. Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: "Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”.Мен өз мамандығымды сүйгендіктен, оны тағдырдың тамаша сыйы ретінде қабыл аламын. | |
Просмотров: 1592 | Загрузок: 14 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|