Главная » Файлы » В помощь учителю » Химия |
[ Скачать с сервера (24.9 Kb) · Скачать удаленно () ] | 2015-04-14, 6:58 PM |
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Пәні: химия Сынып: 9-сынып Сабақ өтілетін күні: 18.04 Сабақ тақырыбы Қанықпаған көмірсутек.Ацетилен Жалпы мақсаттар Оқушылар ацетилен, яғни молекуласында үш байланысы бар көмірсутектер- алкиндермен танысады. Ең қарапайым өкілі –ацетилен туралы мағлұмат алады. Түйінді идеялар Ацетилен – құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектердің ең қарапайым өкілі. Ацетилен табиғатта бос күйінде кездеспейді.Оны метан мен кальций карбидінен алады. Әдіс-тәсілдер • «Иә» немесе «жоқ» тест • Топтық жұмыс • «Конверт – сұрақ» • «Электронды оқулық» Көрнекілік Этилен молекуласы моделінің шарөзекті моделі,стикерлер, маркерлер,қаламдар, қима қағаздар, электронды оқулық,слайд, рефлексия парағы. Дереккөздер Н.Нұғыманов, Р.Жұмаділова, Р.Қаржасбай. Әдістемелік нұсқау.Н. Нұрахметов, К.М.Жексембина, Н.А. Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А. Сарманова химия.9-сынып. Оқулық. Алматы «Мектеп»2013.Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО- да қолдану мәселелрі. Оқыту нәтижелері Ацетиленнің этиленге қарағанда қанықпағандығын көрсете алады.Этилен сияқты ацетилен де табиғатта бос күйінде кездеспейтіндігін оқушылар өздері де айта алады. Алыну теңдеулерін есептеулерде қолдана біледі, алдыңғы өткен көмірсутектерден ажырата алады. Алкиндердің физикалық қасиеттерін ажыратады, химиялық қасиеттеріне теңдеулер жаза біледі, есептер шығарады, жеке өкілдерінің қолданылу салаларын игереді. Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 1-кезең. Қызығушылықты ояту: 7-мин. Сергіту сәті «Айна» Оқушыларды жұптасып, бір- біріне қарама-қарсы тұрғызамын.Олардың біреуіне қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет әлпетімен әртүрлі қимылдар жасатамын, ал екінші оқушыға айна секілді қайталатамын. 2- мин «Органикалық» мен «Бейорганикалық» Органикалық, бейорганикалық қосылыстар жазылған карточка беріледі. Қосылыстарды ажырата отырып топтасады. Оқушылар айна оңды сол қылады, солды оң жасайды.Келесі оқушылар айна секілді қимылдарды қайталайды. Оқушылар бір минуттан кейін рөлдерімен алмасады. «Органикалық», «Бейорганикалық», қосылыстардың өкілдерін ажырата отырып екі топқа топтастырылып орналасады. «Бейорганикалық» және «Органикалық» деп шағын топтарға топтастырылады. 1 –топ: «Бейорганикалық»: ТҰЗ, ҚЫШҚЫЛ, СУ 2-топ: «Органикалық» МҰНАЙ, КӨМІРСУ, МАЙ Оқушылар «Бейорганикалық»және «Органикалық» класс өкілдеріне байланысты топтарға орналасып отырады. Қосымша. 1 Жұптық жұмыс арқылы «Иә» немесе «Жоқ» ойыны арқылы тест тексерілді Дәптерлерін алмастырып жұптық жұмыс арқылы тексереді. Формативті бағалау: «Сандарды шеңберге алу» 2-кезең. Мағынаны ажырату. 17-20 мин. Ш. Холмсқа төмендегі мазмұнда хат әкеліп береді. Хатты оқу арқылы жаңа сабақты ашу. 1-топ: Ацетиленнің алыну иен физикалық қасиеттері. 2- топ: Ацетиленнің химиялық қасиеті, қолданылуы. Конверт –сұрақ Екі топ сұрақтарды жазып, конвертке салып келесі топқа жібереді. Хатты тыңдай отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Қосымша 2 Конверттегі сұрақтарға жылдам жауап береді. Формативті бағалау. «Бас бармақ» (Алан Лэйкен) 3-кезең. Ой-толғаныс: 10 мин. Қосымша 3 Электронды оқулық бойынша тапсырма. Қосымша 3 Формативті бағалау. «Блоб ағашы» Үйге тапсырма 2 мин. №5, №6 есептерді шығарып келу. Жиынтық бағалау. 2 мин Суммативті бағалау. Рефлексия. 3 мин. Бұл сабақ қаншалықты қиын болды рефлексия парағы таратылады. Қосымша 4. Бұл сабақта алған әсерлерімен бөліседі. | |
Просмотров: 1718 | Загрузок: 275 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|