Главная » Файлы » В помощь учителю » Химия |
[ Скачать с сервера (88.4 Kb) ] | 2016-01-29, 3:18 PM |
Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға оксидердің құрамы, қасиеттері, оксидтердің бір-бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оксидтерді жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеп,өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету. Өздігінен талпынып,жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастырып дамыту. Сабақтың типі: Аралас Сабақтың түрі: Ізденіс Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап, жеке топтық, ұжымдық жұмыс. Пәнаралық байланыс: физика, биология, математика Көрнекі құралдар: : интерактивті тақта, бор, оқулық, жұмыс дәптері, тест тапсырмалары, деңгейлі тапсырмалар, тірек сызбалар; Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) ІІ. Үй тапсырмасы (10минут) ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (21 минут) ІV. Жаңа сабақты бекіту (10минут) V. Бағалау (2минут) VІ. Үйге тапсырма (1минут) YII. Қосымаша мағлұматтар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасы: Оттек дегеніміз не? Оның периодтық жүйедегі орны? ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: Күннің жадын, жаңа тақырыпты даптерімізге жазамыз. Бүгін бізде жаңа тақырып «§44. Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары». Тест тапсырмаларын орындап болсақ бір-бірімізге дәптерлерімізді беріп тексереміз. Өткенді еске түсірдік енді жаңа сабағымызға көшеміз. Заттар Жай заттар Күрделі заттар Металдар бейметалдар оксидтер негіздер қышқылдар тұздар Na, Ca, K S, C, N Na2О NаОН Н2SО4 Na2SO4 негіздік оксидтер қышқылдық оксидтер Са О Са (ОН)2 SO3 H2SO4 СuО Сu (OH)2 P2O5 H3PO4 Cr"O Cr (OH)2 СrVIO3 H2CrO4 Mn"O Mn (OH)2 MVIIn2O7 HMnO4 Жалпы бізге «Оттек» ұғымы өте таныс. Қане кім «Оттекке» сипаттама береді. Екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін күрделі затты біз – оксидтер деп атаймыз. Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі). Оксидтердің жіктелуі ОКСИДТЕР Негіздік оксидттер Екідайлы оксидттер Қышқылдық оксидттер СаО – калций оксиді AI2O3-алюминий оксиді SO3- күкірт оксиді CиO – мыс оксиді ZnO – мырыш оксиді Р2О5- фосфор оксиді Оксидтердің жіктелуі: тұз түзбейтіндер түзетіндер NO, CO CaO, СuO Оксидттердің аталуы MgO – магний оксиді AI2O3 – алюминий оксиді Сu2O – мыс (І) оксиді ауыспалы FeO – темір (ІІ) оксиді. валентті СuО – мыс (ІІ) оксиді Fe2O3 – темір (ІІ) оксиді. 18-кестені уйде дәптерімізге жазып алып жаттап келеміз. Оксидтердің алынуы. Оксидтерді алудың бірнеше жолына тоқталайық: жай және күрделі заттар жанғанда, валенттіг төмен оксидтерді тотықтырғанда, ерімейтін негіздерді, оттекті қышқылдардың тұздарын одан әрі қыздырғанда, т.б. тәсілдермен алады. 1. Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен: C+O2=CO2 S+O2=SO2 металдарды: 2Cu+O2=CuO 2Mg+O2=MgO күрделі заттарды: CH4+2O2=CO2+2H2O 2H2S+3O2=2H2O+2SO2 2. Оксидтерді одан әрі тотықтырып алады: 2SO2+O2=2SO3 4FeO+O2=2Fe2O3 3. Суда ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы оксидтер алынады: Fe(OН)3 = 2Fe2O3 + 2H2O 4. Тұздарды қыздыру арқылы айырғанда оксидтер түзіледі: CaCO3 = CO2+CaO 5. Күрделі заттар жанғанда оксидтер түзеді: CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O Оксидтердің қолдануы: CO2 - тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде CaО - сөндірілмеген әк, құрылыста ZnO - мырыш бояуларын алуда Н2О - негізгі әмбебап еріткіш Сr2О3- жасыл бояу алуда SiO2 - шыны өндірісінде ІV. Жаңа сабақты бекіту. А)Мына оксидтерді жіктеп, аттарын атаңдар Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгерту. CO2, SiO2, MnO2, CrO3, BaO, NO2, AI2O3, Cr2O3, CO, Na2O Жауабы: Металл Бейметалл оксиді MnO2 - марганец диоксиді CO2 – көміртек диоксиді BaO – барий оксиді SiO2 – кремний диоксиді Cr2O3– дихром триоксиді N2O – диазот триоксиді AI2O3 – диалюминий триоксиді CrO3– хром триоксиді Na2O - динатрий оксиді P2O5 – дифосфор пентаоксиді Оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды. (тақтадағы дұрыс жауабына қарап) Б)Екеуара жұмыс (оқушылар бірлесе отырып реакция теңдеулерін аяқ-тайды) 1) P2O5 + ...... H3PO4 2) Na2O + …… NaOH 3) K2O + …… KCI+H2O 4) PH3 +…… P2O5+H2O 5) SO3 + …… Na2SO4+H2O 6) CaO + …… CaSiO3 Жауабы: (дұрыс жауаптары арқылы білімдері тексеріліп бағаланады) 1) P2O5 +3 H2O 2 H3PO4 2) Na2O + H2O 2 NaOH 3) K2O +2Н СI 2 K СI + H2O 4) 2 PH3 +4 O2 P2O5+3 H2O 5) SO3 + 2 NaOH Na2 SO4+ H2O 6) CaO + SiO2 CaSiO3 Г) Үшдеңгейлі тапсырма (тапсырманы орындауды оқушылар бір уақыттай бастайды, әрқайсысы өз білім шыңына, өз қабілеттеріне қарай жетеді) «3» Мына оксидтерді алыну жолдарын жаз, атаны ата. K2O, N2O3, CaO, P2O5, Cu2O «4» Мына химиялық реакцияны аяқтап, алынған өнімдегі тұздардың атын ата. Fe+HCI CaO+HCI Fe2O3+H2SO4 Na2O+H3PO4 «5» 400 г 9% ерітінді дайындау үшін тұз бен судан қандай массасы керек Жауабы: Үшдеңгейлі тапсырма «3» 4К+О2 2К2О дикалий оксиді 2 N2 + 3 O2 2N2O3 диазот триоксиді 2 Ca+O2 2 CaO калций оксиді 4Р+5 O2 2Р2О5 дифосфор пентаоксиді 2 Cu+ O2 2 CuO2 дикупрум оксиді «4» Fe+2HCI Fe CI2+Н2 темір дихлориді CaO+2HCI СаСI2+Н2 кальций дихлориді Fe2O3+3H2SO4 2 Fe(S04)3+3H2O диферрум тирсульфаты 3Na2O+2H3PO4 3Na3 РО4+3H2O тринатрий ортофосфаты «5» Бер: mcp = 400 ωcp = 6% т/к: m/е.з/.-? m/су)-? m(e. з) c = •100% m(ep) ω•mep 400г • 9% 3600 mep. з = = = = 36 г 100% 100% 100 400 г ер – 36г тұз = 364г су. Жауабы: m(су)=364 г m(тұз)-36г V. Бағалау (2минут) VІ. Үйге тапсырма: Оксидттердің қолданылуын оқу, кесте сызу. 9, 10 есептерді шығару. YII. Қосымаша мағлұматтар. Тақырыптың соңындағы тапсырмаларды орындау, жұмыс дәптерінен есептер шығару | |
Просмотров: 1545 | Загрузок: 21 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|