Главная » Файлы » В помощь учителю » Химия |
[ Скачать с сервера (52.0 Kb) · Скриншот ] | 2017-01-20, 8:11 AM |
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі Баршабаева Мира Меңдіғалиқызы. 9 сынып. Химия. Сабақтың тақырыбы: «Фосфор және оның маңызды қосылыстары». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Vнегізгі топшаның маңызды бейметалы-фосфордың элемент және жай ретіндегі қасиеттерін .құрамын,табиғатта таралуы ,фосфордың маңызды қосылыстары туралы жалпы түсінік беру. Дамытушылық: Талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту Тәрбиелік:Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.Өз білімдерін бағалап, бірлесіп жұмыс жасауға ізденімпаздыққа және қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың әдісі: Топтық, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі, Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқу-құралдарын қадағалау Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Түрлі түсті қағаздарға оксидтер, негіздер,қышқылдар, тұздардың формулаларын жазылады және оның артына үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар жазылады. Әр оқушы өзі таңдап алған қағаздар бойынша топтастырылып отырадыжәне артындағы сұрақтарға жауап береді. Үй тапсырмасын сұрау кезіндегі сұрақтар: 1. Азоттың қандай қосылыстарын білесің . 2. Азоттың, азот қышқылының физикалық қасиеті. 3. Азот қышқылының химиялық қасиеті. 4. Аммоний ионы бар тұздардың формуласын жазып атаңдар. 5. Азот қышқылының құрамындағы азоттың массалық үлесін тап. 6. 80 г азот (V) оксидінің зат мөлшерін тап. 7. 20 г литий мен 16 г азот әрекеттескенде түзілген заттың массасын тап. 8. Мынадай айналуларды жүзеге асыр. N2→NH3 →NH4CI →NH4OH ІІ. Негізгі бөлім: Жаңа сабақ : Қызығушылықты ояту: Ой шақыру Оқушыларға сұрақ қойылады. «Фосфор туралы не білеміз?» Оқушылар өздерінің не білетіні туралы айтады. Мағынаны тану : Жигсо І стратегиясы бойынша өтетін мәтінді төрт бөлімге бөлемізде төрт топқа береміз.Әр топ өз тапсырмасын оқып жеке, жұппен , топпен жұмыс істеп болғаннан кейін,оларды жұмыс тобына бөліп жібереміз. Оқушы басқа топтан үйренгенін өз тобына келіп айтады. Мәтінмен жұмыс 1-топ .Фосфордың атом құрылысы, табиғатта кездесуі. 2- топ. Фосфордың физикалық, химиялық қасиеттері. 3- топ.Фосфордың оттекті қосылыстары, фосфор қышқылы. 4-топ .Фосфордың химиялық қасиеті,қолданылуы. Топтар постер қорғайды. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор III периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік номері (ядро заряды) 15. Атом құрылысы. Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған. Электрондық формуласы: 1s²2s²2р⁶3s²3р³ Фосфор қосылыстарында - 3, +3, +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3 молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен, фосфин молекуласы берік емес, улы, тұрақсыз газ, тез тотығып кетеді. Табиғатта кездесуі. Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(Р04) 2түрінде болады. Қазақстанда Жамбыл облысының Қаратау маңында фосфорит кенінің мол қоры бар екені 1935 жылдан белгілі. Қазір Қаратау бассейні негізінде "Жаңатас байыту комбинаты"жұмыс істейді. Ақтөбе облысында фосфорит кен орнын (Шилісай, т. б.) игеру жоспарланып отыр. Осы кен орындары негізінде фосфорды өңдейтін зауыттар Таразда, Шымкентте және Ақтөбеде бар. Азот тәрізді фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор болады. Осындай фосфаттар сүтқоректілер қаңқасына беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады. Физикалық қасиеттері. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда к, қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі (20 - сурет). 6 - кестеде ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде берілген. Химиялық қасиеттері. Фосфор тотықтырғыш (азоттан темен) және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Тотықсыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі. 1. Фосфор оттекте жанып, пентаоксид түзеді: 4P+5O2→2P2O5 2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі: 3Ca+2P→Ca3P2 Мырыш фосфиді — зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын препарат. 3Zn+2P→Zn3P3 2. Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН₃ түзеді: 2P+3H2→2PH3 Фосфин РН₃ — түссіз, ерекше иісі бар, өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз. Шырпының басына жанғыш заттар — күкірт пен бертолле тұзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны ұнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бертолле тұзынан от алып, тез тұтанады. Фосфордың оттекті қосылысы.Фосфор(V) оксиді - өте ылғал тартқыш . ақ түсті ұнтақ зат. Фосфор (V) оксиді қышқылдық қасиет көрсетіп, сумен, сілтімен және негіздік оксидпен реакцияға түседі. Р2О5 - суда ерігенде температураға байланысты әртүрлі фосфор қышқылындарын түзеді: Р2О5+3 Н2О= 2 Н3РО4. ортофосфор қышқылы Фосфор қышқылы суда ерігенде сатылап диссоциацияланады: Н3РО4 ⇆ Н++Н2РО4 - дигидрофосфат ион Н2РО - 4 ⇆ Н+ +НРО42 - гидрофасфат ион НРО 2 - 4 ⇆ Н ++РО43 - фосфат ион Фосфор қышқылы сілтімен әрекеттеседі: Н3 РО4+3NaOH = Na3 PO4 +3H2O. Фосфор қышқылы негіздік оксидпен әрекеттеседі. 2Н3 РО4+3Na2 O =2 Na3 PO4 +3H2O. Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп, ерімтал тұздарға айналдырады да, минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Мысалы: Са3(РО4) 2 +4 Н3 РО4 =3Са( Н2РО4) 2кальций дигидрофосфаты. Қолданылуы ІІІ.Қорытынды бөлім:Ой толғаныс. Венн диаграммасы арқылы азот пен фосфорды салыстырады. Өтілген тақырып көлемінде деңгейлік тапсырмаларды оқушылар орындайды. А 1. Фосфор қышқылының с.м.м тап. 2. Фосфор қышқылындағы фософрдың массалық үлесін тап. 3. Фосфор қышқылының сатылап диссоциациялану теңдеуін жаз. 4. Фосфор,фосфор қышқылы мына заттардың Na, Ba(OH)2 ,Ag,CO2, P қайсысымен әрекеттеседі. В 1. 98 г күкірт қышқылының зат мөлшері мен молекула санын есепте. 2. Массасы 7,1г фосфор (V)оксиді судың артық мөлшері-мен әрекеттескенде түзілген фосфор қышқы-лының массасын есепте. 3. 15,5г Са3(РО4)2 ыды-рағанда түзілетін фосфор (V) оксидінің массасын есепте. 4. Сіріңке шаққанда 18, 6г фосфор қанша бертоле тұзымен әрекеттеседі? С 1.40 г Барий хлориді мен күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын тап. 1. 1 моль күкірт (IV) оксиді сумен әрекеттескенде 78кДж жылу бөлінетін болса, 16г күкірт (IV) оксиді сумен әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді? 2. 18,2 г кальций фосфидін сумен әрекеттестіргенде түзілген фосфинді РН3 толық жаққанда , фосфор (V)оксидінің қандай массасы түзіледі? 3. Мынадай айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз. P→PH3 →P2O5 →H3PO4 →K3PO4→Ag3PO4 Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма: § 16 Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау. | |
Просмотров: 2009 | Загрузок: 24 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|