Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (709.6 Kb) ] | 2017-12-06, 8:23 PM |
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым. Мектеп: «№7 орта мектебі» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бейсембин Д.К. Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:- Сабақтың тақырыбы Манометрлер. Сорғылар. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау; Сабақтың мақсаты Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін біледі, түсінеді, сипаттайды. Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану Бағалау критерийлері 1. Манометр мен сорғыларды іс-тәжірибеде қолданады; 2. Манометр мен сорғыларды біледі, оларды бір-бірінен ажыратады және қолданады; 3. Сорғының қолдануылына сипаттама береді. Тілдік мақсаттар Сабаққа қатысты терминдер мен сөз тіркестерін қолданады: Манометр – манометр – manometer Сорғы – насос – pump Танометр – танометр – tonometer Су бұрқақ – фонтан - fountain Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы; Слайдтар арқылы күнделікті өмірде, әр салада қолданатын манометр мен сорғыларды көрсетіп, айту. Пәнаралық байланыс Математика / Есеп шығарғанда арифметикалық амалдар қолданылады./ Тарих / Сабақты қорытындылағанда физика тарихынан сабаққа байланысты логикалық сұрақ қойылады Тақырып бойынша алдыңғы білім Қысымды, атмосфералық қысымды, Торричелли тәжірибесін, Паскаль заңын, тығыздықты, гидравлика машиналары мен су құбырларының жұмыс істеу принципін біледі. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 5-7 мин 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. «Шаттық шеңбер» әдісін қолданып, сәттілік тілеу арқылы психологиялық атмосфераны туғызу. «Мозайка» әдісін қолдананып топқа бөлу: 1 - ші топ: Сұйықты манометрлер. 2 – ші топ: Металды манометрлер. 3 – ші топ: Сорғылар. 2. Жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту. Үй жұмысын «БИС» технологиясының элементі арқылы тексеру. Тексергенде дұрыс жауап болса «жасыл» стикер, дұрыс болмаса «қызыл» стикер көтереді. 1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. /Барометр/ 2. ХЖ-сінде қысым немен өлшенеді? /Па, Паскаль/ 3. Барометрдің сұйықсыз түрі қалай аталады? /Анероид/ 4. Жердің ауа қабаты қалай аталады? /Атмосфера/ 5. Белгілі бір бетке түсіретін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама. /Қысым/ 6. 1804 жылы орталықтандырған су құбыры қай қалада салынды? /Мәскеу/ 7. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған кім? /Торричелли/ 8. Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал қалай аталады? /Альтиметр/ Интербелсенді тақта Слайд Кеспе қағаздар Сабақтың ортасы 30-28 минут Саралау 3. Жаңа тақырыпты игеру. Сұрақтар арқылы мәселе туғызу. «Ой туғызу». 1. Дәрігерлер адамның қан қысымынын қалай анықтайды? 2. Неліктен су құбырының рычагын басқанда су ағады? Оқушыларды белсенді оқыту үшін ойлау, танымдық, практикалық және тәжірибелік жұмыс қабілеттерін дамыту үшін сабақта деңгейлік тапсырмаларды және оларды тексеру барысында әр-түрлі тиімді әдістерді қолдандым. Топтық жұмыс. Үш топтың әр тобына сәйкесінше сұйықты манометрлер, металды манометрлер, сорғылардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі беріледі. Сосын «Джигсо» әдісі бойынша әр топтың көшбасшысы топтарға өздерінің тапсырмаларын түсіндіреді. Слайдтар арқылы күнделікті өмірде, әр салада қолданатын манометр мен сорғыларды көрсетіп, айту. Оқушыларды білім деңгейін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін. 4. Бекіту. 1 – ші тапсырма. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі. Көшбасшы. А деңгейі: Әр топқа сәйкесінше демонстрациялық жұмысқа сұйықты манометр, танометр, допқа жел беретін сорғы /доппен бірге/. Тақырыпты өтердің алдында мектеп медбикесімен келісіп, оқушыларға танометрдің жұмыс принципін айтады, түсіндіреді, көрсетеді. Бағалау критерийі: Дескрипторлар: Манометр мен сорғыларды іс-тәжірибеде қолданады. - Сұйықты манометр, танометр, допқа жел беретін сорғының жұмыс принципін біледі; - Сұйықты манометрді,танометрді, допқа жел беретін сорғыны іс-тәжірибеде қолданады. 2 – тапсырма. Жеке жұмыс. В деңгейі: а) Сәйкестендір. «Бірін-бірі» тексеру әдісі. Құралдар: Құралдардың түрлері: Манометрлер - Су құбыры - Танометр - U пішінді шыны түтік - Шприц - Бурдон аспабы - Автокөлік камерасына ауа толтыратын құрал Сорғылар ә) Суретте ашық сұйықтық манометрлер ыдыстармен жалғастырылған. Сурет арқылы газдың қысымының сәйкесін тап. атмосфералық қысымға тең атмосфералық қысымнан жоғары атмосфералық қысымнан төмен Бағалау критерийі: Дескрипторлар: Манометр мен сорғыларды біледі, оларды бір-бірінен ажыратады және қолданады - Манометрлердің түрлерін біледі; - Сорғылардың түрлерін біледі; - Манометр мен сорғыларды ажыратады; - Сурет арқылы газдың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары; тең; төмен екенін ажыратады. 3 – ші тапсырма. Жеке жұмыс. С деңгейі: Сорғының көмегімен бензинді қандай биіктікке дейін көтеруге болар еді? Бензиннің тығыздығы 710 кг/м3. Атмосфералық қысымды 101300 Па-ға тең деп алу керек. /14,3 м/ Бағалау критерийі: Дескрипторлар: Сорғы қолдануылына сипаттама береді. - Берілгенін жазады; - g – нің мәнін біледі; - Судың /керосиннің, бензиннің/ тығыздығын кестеден табады; - Қысымның формуласын жазады; - Қысымның формуласын түрлендіріп биіктікті табады. Слайд Слайд, кеспе қағаздар Слайд, кеспе қағаздар Слайд, кеспе қағаздар Сабақтың соңы 5 мин Қорытынды. Герон патша Архимедке мынадай тапсырма беріпті: «Менің патшалығым басқа патшалықтан асып түсуі үшін сарайдың ортасында фонтан атып тұрсын. Сарай сол фонтанның астында су тимейтіндей болсын», деген екен. Архимед іске кірісіп, сарайды сала бастайды. Бәрін бітіріп, фонтанды іске қосқанда фонтан көтерілмей қалған. Архимедтің жіберген қателігі неде? (Ол кезде атмосфералық қысым белгісіз еді) Кері байланыс: - Сен бүгін керемет жұмыс атқардың; - Сен бүгін жақсы белсенділік таныттың; - Сен бүгін ынталанып, талпындың. Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі Барлығы түсінікті Жартылай түсінікті Түсініксіз Үй жұмысы §§53, 54 Слайд Физика тарихынан Оқулық 7 сынып, 2007 ж. | |
Просмотров: 1106 | Загрузок: 15 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|