Физика пәні мұғалімі Қотырашева Гүлнәр Үсенбайқызы 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Қуат. Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға физикалық шама туралы, халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту.Формулалармен таныстыру, есептер шығарудағы машығын тереңдету. Тәрбиелік:Теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, нақтылыққа, жүйелілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, мысалды, практикалық, ізденіс жұмысы. I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу 2. Түгендеу 3.Сабаққа дайындығын тексеру II Мақсат қою: Қуаттың күнделікті тұрмыстағы және өнеркәсіптегі алатын орны. III Жаңа сабақты меңгерту: энергияның сақталу заңдарын қарастырамыз. Бұл заңдар механиканың барлық заңдарының ішінде ең маңызды орынды иемденеді, өйткені олар тек механиканың ғана емес, бүкіл физиканың ең жалпы әрі әмбебап заңдары. Ньютон заңдарының көмегімен денелердің қозғалысы мен өзара әрекеттесуіне қатысты мәселелерді шешуге болады. Көптеген практикалық сипаттағы мәселелерді шешу үшін белгілі бір жағдайларда сақталатын физикалық шамалар қолданылады.Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын осындай физиклық шамаларға дене импульсі және күш импульсі жатады. Жалғасы архивте. Архивтін
|