Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (178.0 Kb) ] | 2012-09-14, 9:40 AM |
9 сынып. Физика Пән мұғалімі: Нүрпеиісова Г.Ә. Сабақтың тақырыбы: «Сақталу заңдарын» қайталау Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың бесенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау. Дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу. Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауыз біршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Диагностикалық карталар,семантикалық карталар,карточкалар,кестелер,венн диаграммасы. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,талдау,баяндау Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, Сабақтың жоспары: 1. Сабақтың мақсатын қою 2. Қайталау сұрақтарын қою (3 мин) 3. Формула сыры (3 мин) 4. Кім жылдам (15 мин) 5. Физикалық диктант (5 мин) 6. Ойланып,сәйкестігін тап! (5 мин) 7. Ауызша есептеу (3 мин) 8. Ой сойлемнің шығуы (Білім басты-мұрат) 9. Ой қозғау,миға шабуыл (10 мин) Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Жалпы сұрақтар қою: 1. Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін ..... деп атаймыз.(механикалық энергия) 2. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын ........ деп атайды.(кинетикалық энергия) 3. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын ....... деп атаймыз.(потенциялдық энергия) 4. Энергияның өлшем бірлігі.....(джоуль) 5. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері ...... береді.(Жұмысты береді) 6. Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының теңдеуі .....(Е=кх2/2) 7. Жұмыс пен энергияның арасындағы байланыс теңдеуі...(A=ΔEк A=ΔEп) III. Формулаларды атау Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі: Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі: Кинетикалық энергия өрнегі : Потенциалдық энергия өрнегі: Механикалық энергия өрнегі: IV. Есептер шығару 1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с 2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте 3.Қатандығы 50 Н/м серіппеге әсер ететін күші 300 Н .Серіпеннің потенциалдық энергиясы? Физикалық диктант 1) Дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі________ 2) Күш импульсі____________ 3) Дененің немесе материялық нүктенің күйін сипаттайтын шама_____________ 4) Сыртқы күштердің әсері болмаған кезде ішкі күштердің әсері болатын жүйе_________деп аталады. 5) Дененің өзара әсерлесу энергиясы______ 6) Қозғалыстағы дененің энергиясы_______________ 7) Реактивті қозғалыс________________________ V. Ойланып сәйкестігін табу 1) Дене импульсі а) 2) Толық энергия ә) 3) Күш импульсі б) mgh 4) Ауырлық күші әсер еткен дене энергиясы в) 5) Кинетикалық энергия г) 6) Серпімділік күші әсер еткен дене энергиясы ғ) F∆ t Жауабы: 1 - Ә 4 Б 2 - Г 5 А 3 - Ғ 6 -В 4–«3» 5–«4» 6-«5» VI. Ауызша есептеу: 1. Массасы 2 кг денені 100 м биіктікке көтерген кездегі дененің потенциялдық энергиясы? (2 кДж) (Б әрпі) 2. Массасы 40 кг дене қозғалып келе жатыр оның жылдамдығы 2 м/с.Кинетикалық энергиясы неге тең? (80 дж) (А әрпі) 3. Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғала отырып,оның кинетикалық энергиясы неге тең? (9 Дж) (С әрпі) 4. Дене массасы 2 кг дене 5 м/с жылдамдықпен қозғала келеді.Оның импульсі? (10 кг м/с ) (Т әрпі) 5. Денені 5 с кезінде 7 Н күшпен әсер еткенде Дене қандай импульс алады? (35 Н*с) (Ы әрпі) Нәтижесінде ой сөйлем шығады: «Білім басты-мұрат» Семантикалық карта бойынша талдау: № Сұрақ Кинетикалық энергия Потенциалдық энергия Жұмыс Дене импульсі Күш импульсі 1 Қозғалып келе жатқан дене энергиясы қалай аталады? 2 Формуламен не есептеледі: 3 Дж қандай өлшем бірлікке тең? 4 Формуламен не есептеледі: 5 Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері 6 Формуламен не есептеледі: Р=mv 7 Формуламен не есептеледі: P=FΔt 8 Кг* м/с қандай өлшем бірлікке тең? 9 Н* с қандай өлшем бірлікке тең? Өзін-өзі бағалау парағы: № Оқушының аты-жөні Сұраққа жауап Формуланы анықтау Кім жылдам? Физикалық диктант Сәйкестікті табу Семантикалық карта Қорытынды баға 1. 2. VII. Бағалау (өзін өзі бағалау парағы бойынша) VIII. Ой қозғау миға шабуыл! (сергіту сәті) | |
Просмотров: 4839 | Загрузок: 942 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|