Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (70.0 Kb) ] | 2013-01-24, 9:26 AM |
Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы. Мақсаты: 1) білімділік: тығыздық ұғымын енгізу; заттың масасы мен көлемі бойынша заттың тығыздығын анықтауды үйрету; әр түрлі күйлердегі заттардың тығыздықтары әр түрлі екенін түсіндіру; 2) дамытушылық: оқушылардың зерттеу, салыстыру, қорытынды шығару дағдыларын дамыту; 3) тәрбиелік: тығыздықтың практикалық маңыздылығының білімдерін көрсету; есеп шығаруға үйрету. Құрал-жабдықтар: таразы, сызғыш, әр түрлі заттар. Сабақтың типі: аралас. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. II. Өткенді қайталау. Сонымен өткен сабақта біз «дененің массасы» деген тықырыппен таныстық. 1. Масса дегеніміз не? Масса денелердің инерттілігінің өлшемі. 2. Масса шартты түрде қалай белгіленеді? m – масса 3. Массаны өлшейтін құрал қалай аталады? Таразы. 4. Массаның ХБЖ-де өлшем бірлігі қандай? [ m ] = 1 кг Тақтадағы берілген массаның сан мәндерін кг-ға аударып жазу 1 г= 0,001кг 20 г =0,02кг 500 г= 0,5 кг 1,3 т= 1300 кг Жаңа тақырыпты түсіндіру. Балалар, қалай ойлайсыңдар осы біз отырған сынып немен толтырылған. Ауаның қандай негізгі қасиеттері бар? Ауа массасын қалай анықтауға болады екен? Міне осы сұраққа шешім іздеп сабақтың соңында жауап берейік. Келесі сабақтың кезеңі эксперименттік тапсырма. Қазір сендер 3 топқа бөлініп отырсыңдар. Әрбір топта 1 оқушы сендердің жұмыстарынды бағалайды – бақылаушы. Тағы бір оқушы тайм-спикер, яғни ол уақытты қадағалайды. Сендердің алдарында керекті құралдар және тапсырма берілген. Осы тапсырманы орындауға сендерге 7 минут уақыт береледі. Тапсырма №1. 1. Сызғыш арқылы дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп кестеге толтырыңыздар. 2. V=a*b*c формула бойынша көлемді анықтаңыздар. 3. Таразы арқылы дененің массасын анықтаңыздар. Ұзындық а, см Ені b, см Биіктік с, см Көлем V, cм3 Дененің массасы m,г Ал енді жұмыстың нәтижесін шығарайық. Ол үшін тақтадағы кестені толтырайық. Әрбір топтан 1 оқушы шығып, өз нәтижелерін жазады. № Көлем V, cм3 Дененің массасы m, г 1 2 3 Осы кестеге қарап қандай қорытынды жасауға болады? Денелердің көлемдері бірдей болса да, бірақ массалары әртүрлі. Енді мынадай мысал келтірейік. Дененің 200 см3 көлеміндегі массасы 150 г тең болсын. Сонда осы заттың бірлік көлеміндегі массаны табу үшін не істеу керек? 200 см3 = 150 г 1 см3 = х г Енді сіздердің жағдайларындағы дененің бірлік көлеміндегі массасын анықтап кестені толықтырайық. Физикада заттың бірлік көлеміндегі массасына тең физикалық шама тығыздық деп аталады. Дәптерлеріміздік ашып сабақтың тақырыбын және бүгінгі күнді алайық. Сонымен тығыздық анықтамасын жазып алайық. Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Тығыздық = масса / көлем енді осы шамалардың шартты белгілері арқылы жазайық. ρ = m/V [ m ] = 1кг [ V ] = 1м3 [ ] = 1 кг/м3 неиесе г/см3 Бұл – көлем 1 м3, ал массасы 1 кг тең біртекті заттың тығыздығы. Кітаптың 232 беттегі 6,7,8- кестелерінде кейбір газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің тығыздықтары берілген. Мысалы, судың тығыздығы 1000 кг/м3, ал 1 г/ см3 . Неше есе көп? Сонда кг/м3 - г/ см3 айналдыру үшін біз 1000 бөлу керек, керісінше 1 г/ см3 - кг/м3 айналдыру үшін біз 1000 көбейту керекпіз. Яғни, 1 кг/м3 = 10-3 г/см3 1 г/см3= 103 кг/м3 Кесте бойынша жұмыс. Әрбір топқа бір кестеден берілсін. Кестедегі тығыздығы көп және аз затты анықтап, оның мәнін түсіндіру. Ал енді, балалар, қалай ойлайсыңдар неліктен осы қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың тығыздықтары бөлек көрсетілген. Бұл неге байланысты? Үш күйдегі заттардың құрылысын еске түсірейік. Ол үшін қазір сендердің алдарында шаршы суреті бар қағаз жатыр. Осы шаршыға І топ – қатты дененің, ІІ топ -сұйықтар, ІІІ топ – газ молекулаларының орналасуын көрсетіп түсіндіру керек. осы тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі. Қатты денелерде молекулалар белгілі бір ретпен, тығыз орналасады. Олардың арасындағы арақашықтығы олардың өлшемдерімен салыстырса кем. Әрбір молекуланың массасы бар. Сонда бірлік көлемінде молекулалар саны көп, яғни тығыздығы да көп. Сұйықтарда молекулалар бір-бірінен алшақтау орналасқан. Олардың арасындағы арақашықтық өз өлшеміндей. Молекулалар саны бірлік көлемінде қатты денелермен салыстарғандағы аз, сондықтан тығыздықтары да аз. Газдарда молекулалар ретсіз және шапшаң қозғалады, бір-бірінен алыс орналасқан. Олардың арасындағы арақашықтығы өз өлшемдерінен бірнеше есе артық. Бірлік көлеміндегі газ молекулалар саны аз болғандықтан, тығыздығы басқа күйлермен салыстырғанда аз болады. Осыдан қандай қорытынды жасауға болады? Заттың тығыздығы зат молекулаларының орналасуына тәуелді. Келесі эксперименттік тапсырманы орындайық. Тапсырма №2. 1. Сызғыш арқылы дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп кестеге толтырыңыздар. 2. V=a*b*c формула бойынша көлемді анықтаңыздар. 3. Таразы арқылы дененің массасын анықтаңыздар. Ұзындық а, см Ені b, см Биіктік с, см Көлем V, cм3 Дененің массасы m, г Ал енді жұмыстың нәтижесін шығарайық. Ол үшін тақтадағы кестені толтырайық. Әрбір топтан 1 оқушы шығып, өз нәтижелерін жазады. № Көлем V, cм3 Дененің массасы m, г 1 2 3 Осы кестеге қарап қандай қорытынды жасауға болады? Денелердің көлемдері әртүрлі болса да, бірақ массалары бірдей. Ал, енді екі кестені салыстырып заттың тығыздығы дененің масса мен көлеміне қалай тәуелді екенін анықтайық, яғни қай жағдайда тығыздық көп болады немесе аз болады. Қорытынды: дененің массасы көп болса, тығыздық да ......... болады. Көлем көп болса, тығыздық ............. болады. Ал енді дененің массасы мен тығыздықты біле отыра дененің көлемін анықтауға болады, ал көлем мен тығыздықты біле отыра – дененің массасын табуға болады. Тығыздықтың формуласын пайдаланып және үшбұрыштың сиқырлы әдісін қолдана отыра дененің массасы мен көлемін анықтайтын формулаларын жазайық. m = -------- m V V m = . V – массаны табу үшін дененің тығыздығын көлемге көбету керек m V = ------ - көлемді табу үшін, массаны тығыздыққа бөлу керек. Сабақтың басында қойған сұраққа оралайық. Яғни осы сыныптың қабырға өлшемдерін біле отыра және кестеден ауаның тығыздығын алып ауа массасын табайық. Бір оқушы осы есепті тақтаға шығарады. Есептер шығару. Берілген тапсырманы орындау. І топтың тапсырмасы. Тығыздығы 0,4 г/см3 ағаш білеуіш және таразы берілген. Қандай шаманы анықтауға болады? Осы тапсырманың нәтижесін берілген қағазға жазып көрсету. ІІ топтың тапсырмасы. Тығыздығы 1,6 г/см3 қант және сызғыш берілген. Қандай шаманы анықтауға болады? Осы тапсырманың нәтижесін берілген қағазға жазып көрсету. ІІІ топтың тапсырмасы. Сызғыш және таразы арқылы өшіргіштің тығыздығын анықтау керек. Осы тапсырманың нәтижесін берілген қағазға жазып көрсету. Осы тапсырмаға 8 минут уақыт беріледі. Әрбір топтан 2 оқушы шығып есепті түсіндіреді. Үйге тапсырма: п.24, 9-жат. №2, 7. 108 беттегі №2 эксперименттік тапсырма. Сабақты қорытындылау. Физикалық гүл салып, әрбір жапырағына тығыздықты сипаттайтын ақпаратты жазу. Бағалау. | |
Просмотров: 8822 | Загрузок: 1307 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|