Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (24.4 Kb) ] | 2013-02-06, 7:31 PM |
Жалпина Бадигул Нагидоллаевна физика пәні мұғалімі № 3 Хромтау орта мектебі Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы 7-сынып. Сабақ тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үйкеліс, үйкеліс күші, түрлері, пайда болу себептері, нормаль қысым күші туралы, табиғаттағы түрлі күштердің бірі болып табылатын- үйкеліс күшінің пайда болуының физикалық табиғатын түсіну. Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру ,теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері ерекше орын алатынына көңіл бөлу, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту. Тәрбиелілік: Жаңа ұғымды күнделікті өмірмен байланыстыра білуге үйрету. Оқушыларды табиғатты аялай білуге үйрету. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Типі: Жаңа материалды оқыту сабағы Түрі: аралас Әдіс-тәсілі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: табиғаттану, техника Көрнекіліктер: компьютер арқылы жасалған слайдтар, электрондық оқулық, суреттер, кеспелер. Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран. Барысы: 1.Ұйымдастыру 2.Сабақтың мақсаты мен міндеті 3.Үй тапсырмасын тексеру 4.Жаңа материалды түсіндіру 5.Бекіту 6. Қорытындылау 7. Үйге тапсырма 8.Бағалау 1.Кластың сабаққа қатысымын тексеру, белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. - оқушының ойлау белсенділігін арттыру - жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру 3. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру. 1. Дененің салмағы дегеніміз не? 2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар? 3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады? 4. Салмақсыздық себебі неде? 5. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру. 4. Жаңа сабақ. Бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде, қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болады екен. Үйкеліс табиғатына мысалдар: шананы мұзбен сүйреу құм бетімен сүйрегеннен жеңілдеу, жиһаздардарды еден бетімен жылжыту қиынға түседі, жол бойымен келе жатқан көлік қозғалқышын өшіргеннен кейін тоқтайды т.б. Үйкелісті азайту үшін -беттерді жылтыр етіп өңдеу керек, Үйкелісті азайту үшін -үйкелетін беттерді майлау керек, Үйкелісті азайту үшін - сабын көпіршіктерін пайдалануға болады. Судан аулай салысымен, балықтардықолда ұстау қиындау себебі, сыртқы қабатында үйкелісі аз болғандықтан. Үйкелетін материалдарды таңдау арқылы да үйкелісті реттеуге болады: Резеңкенің -топырақ ,ағаш, асфальт беттерімен ілінісуін болдырмау үшін үйкелісті азайту шараларын қарастырады. Үйкелісті арттыру үшін- резеңке пайдаланамыз (бөлшектерді резеңкеден жасау, етігіміздің табанына резеңке жапсыру) Қыста мұз бетінде үйкелісті арттыру шараларын жасайды(жолдарға құм,тұз себу) • Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Ғүйк – үйкеліс күші. Үйкеліс түрлері • Сырғанау үйкелісі • Домалау үйкелісі • Тыныштық үйкелісі Үйкелістің пайда болу себептері: Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы. Үйкеліс : Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына, Олардың өңделу сапасына; Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді. Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. N –нормаль қысым күші. N=mg Fүйк=µN µ - үйкеліс коэффициенті Сонымен, үйкеліс-жанасатын беттердің материалына,беттердің өңделу сапасына, бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді. Үйкеліс көп те,аз да болуы мүмкін - сондықтан,оны сандық жағынан сипаттауғаболады. Тәжірибемен түсінейік: Бұл жағдайда үйкеліс күші мен тарту күші бір-біріне тең болады,бірқалыпты қозғалады. Тәжірибеден мынадай қортынды шығады: Динамометрдің көрсететін тарту күші-үйкеліс күшінің сан шамасын анықтайды. Үйкеліс күшін өзгерту үшін-білеуге жүк қойып,тақтайға түсіретін күшті өзгерту арқылы үйкеліс күшінің де шамасын арттыруға болады. 5. Бекіту 1.Үйкеліс төмендегі түсініктердің қайсысына жатады? 1.Физикалық шама. 2.Физикалық құбылыс. 3.Физикалық дене. 2. Егер білеуше стол үстімен қозғалып бара жатса, онда Білеушенің қозғалыс үйкеліс күшінің бағыты бағыты І.Алға 1.Алға ІІ.Артқа. 2.Артқа ІІІ.Солға. 3.Солға. ІV. Оңға. 4.Оңға Сұрақтарға жауап: 1.Көктайғақта неге тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін) 2. Неге жаңбырдан соң грунт жолы тайғақ болады? (сұйықта бөлшектер тез қозғалады, қатты денелерден гөрі сұйық қабаттарының үйкелісі аз). 3. Шаңғының астын неге майлайды? (май қабаты үйкелісетін беттерді ажыратып, үйкелісті кемітеді). 4.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды? 1. Үйкеліс не себептен болады? 2. Қандай үйкеліс түрлері болады? 3. Үйкелісті қалай азайтуға болады? 4. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болаы? 5. Нормаль қысым күші дегеніміз не? 6. Үйкелістің пайдалы жақтарын көрсететін мысалдарды келтіріңдер. 7. Үйкелістің зиянды жақтарын көрсететін мысалдарды көрсетіңдер. 6. Қорытындылау. Үйкеліс күші –жанасқан екі дене бетінің арасында қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған күш. Үйкелістің үш түрі бар Қажет жағдайларда үйкелісті азайтуға, немесе көбейтуге болады Өндірісте үйкеліс күшін азайтуға подшипниктер қолданылады 7. Үйге тапсырма: §§ 41.42. 18-ж. №1, №2 8.. Бағалау. | |
Просмотров: 5349 | Загрузок: 246 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|