Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (30.9 Kb) ] | 2013-03-04, 2:59 PM |
Батыс Қаз облысы Жәнібек ауданы Ғұмар Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Сапарғалиева Н.А-физика пәнінің мұғалімі 7сынып № 21 сабақ ______________ Сабақтың тақырыбы: § 24 Заттың тығыздығы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: оқушыларға тығыздық және оның өлшем бірлігі туралы баяндай отырып,олардың өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 2. Дамытушылық мақсаты: сұрақтарға жауап алу,танымдық және логикалық ойлау қабілетін дамыту. Теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрету. 3. Тәрбиелік мақсаты: ізденімпаздыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, баяндау. Сабақтың көрнекіліктері: « Тығыздықтар кестесі», 2 стакан су,сүт, таразы, кірлер, сызғыш. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау А) Дененің массасы деп нені айтады? Ә) Массаның ХБЖ-дегі негізгі бірлігі ? Б) Тағы қандай еселік бірліктерін білесіңдер? В) 1т = ? кг Г) 1 г = ? кг Д) 1 мг = ? кг Е) Массаны қандай құралмен өлшейді? Ата –бабаларымыз пайдаланған масса бірліктері қандай? « Сөзжұмбақ» м Е Т р Ж Ы Л Д А М Д Ы Қ т А Б И Ғ А т а Ң Ы Р А Қ А й ф И З И К А д Е Н Е б А Қ Ы Л А У у А Қ Ы Т 1. Ұзындықтың өлшем бірлігі ? 2. V= S/ t 3. Бізді қоршаған орта 4. Марстың қазақша аты? 5. Табиғат туралы ғылым? 6. Табиғатты зерттеу әдісі? 7. Физикалық шама- t ? ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту Дененің массасымен қатар,физикада заттың тығыздығы деген ұғым да енгізіледі. А) Табиғатты барлық заттар неше күйге бөлінеді? Б) Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? В) Қатты, сұйық және газды алатын болсақ, олардағы молекулалардың орналасуы әр түрлі. Олай болса, бірлік көлемге келетін заттың массасы әр түрлі, яғни тығыздығы әр түрлі. Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан:ағаштан, темірден және тағы да басқа көптеген заттардан жасалған. Барлық денелердің өздеріне ғана тән пішіні, көлемі, ауданы, масасы болады.Қажет болған жағдайда, денелердің осындай сипаттамаларын өлшеулер мен есептеулер арқылы анықтай аламыз.Дененің массасын анықтау үшін оны таразыға тартып өлшейміз.Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан жасалғанына байланысты. Әр түрлі заттардан жасалған денелердің массалары түрліше болады. Сонымен,заттың тығыздығы дегеніміз-сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама. тығыздық = масса . көлем Осы өрнекке кіретін шамаларды әріптермен белгілелік: m — дененің массасы, V — дененің көлемі, ρ — дененің тығыздығы ( ρ — грек әрпі “ро”). Сонда тығыздықты есептеуге арналған формуланы мына түрде жазуға болады: СИ жүйесінде тығыздық бірлігі килограмм метр куб (1 кг/м3). Практикада заттың тығыздығын сондай-ақ грамм сантиметр кубпен (г/см3) өрнектейді. Осы бірліктердің арасындағы байланысты тағайындау үшін мынаны ескереміз: 1 г = 0,001 кг, 1 см3 = 0,000001 м3. Сондықтан 1 г = 0,001 кг = 1000 кг . см3 0,000001 м3 м3 1 г/см3 =103 кг/м3 ; 1 кг/ м3 = 10-3 т/м3 Қосымшадағы 6-7-8 кестелерде кейбір заттардың тығыздықтары берілген.Қатты денелердің ішіндегі тығыздығы ең көбі қайсысы екен? ( Платина) Ал, сұйықтардың ішіндегі ең тығыздығы көбі ше? (Сынап) Мыс: Кірпіштің тығыздығы 1,8*103 кг/м3 , өлшемі V = 0,25м* 0,12м*0,65м=0,002 м3, онда m= ρ * V , m= 1,8*103 *0,002 м3 =3,6 кг ІҮ. Енді осы кестелерді пайдаланып, есеп шығарып көрейік: І қатарға 1) Өлшемдері 1м*0,8 м*0,1 м мәрмәр тасының массасын анықтаңдар. Бер: Талдау Шешуі: V=0,08м3 m= ρ * V m= 2700*0,08 = 216 кг ρ =2700 кг/м3 m=? ІІ қатарға 2) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек? Бер: Талдау Шешуі: m= 50т=500000кг V = m/ ρ V = 50000/ 800 = 6 2,5 м3 ρ =800 кг/м3 V =? Ү. Эксперименттік тапсырма 1. Әр қатарға көлемдері бірдей 200 см3 стаканға толтыра құйылған 1 қатарға сүт, 2 қатарға су 3 қатарға күнбағыс майы беріледі. Өздеріңе берілген заттың массасын анықтаңдар. 2.Дене әр түрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар? Темір алюминии мыс ҮІ. Кесте толтыр Физикалық шама Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Масса Тығыздық Көлем ҮІІ .Логикалық тапсырма Ыдысқа бір –бірімен араласпайтын керосин және су құйылған. Араластырғаннан кейін олар қалай орналасады. ІІХ Үйге тапсырма 24 оқу 9 жаттығудың (2,3) орындау | |
Просмотров: 4433 | Загрузок: 188 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|