Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика

Ғылымға құштар жас өрен.
2013-10-07, 9:51 PM
Жағыпарова Нұргүл Сартайқызы
ШҚО. Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылы,
«Тоғас батыр» орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында және «Асқан ірі жаңалықтарды ұлы адамдар ашқан болатын» деп Кикойн айтқандай оқушылардың ойларын, батыл болжамдарын жүзеге асырып, шеберліктерін сынау үшін үйірме жұмысын ұйымдастырып, жүргізудің маңызы зор .

Осы тұрғыда физика пәніне қызығушылығы жоғары, қабілетті оқушылардан «Зерек» үйірмесін ашып жүргіздім. Мұнда оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қажеттілігі, кәсіби бағдары ескеріліп, таңдаған тақырыбы бойынша шығармашылық ізденістеріне басшылық жасап, бағыт бағдар беріп отырамын.
Үйірме мүшелері бәрін де білгісі, үйренгісі келеді. Бұл талпыныс болашақта олардың білімді де білікті азамат болып шығатынына шек келтірмейді. Сіздерге осы үйірменің бір сабағын ұсынып отырмын.

Ғылымға құштар жас өрен
Сабақ көрініс арқылы басталады.
Нұрсұлтан доп ойнап жүріп, асығып кетіп бара жатқан Нұрбекке соқтығысып қалады.

Нұрсұлтан: Нұрбек сенсің бе? Неге сонша асығып, қайда бара жатырсың?
Нұрбек: Не сен білмейсің бе, мектепте Нұргүл мұғалім жетекшілік ететін «Зерек» үйірмесіне бара жатырмын.
Нұрсұлтан: Сені қызықтырған ол қандай үйірме?
Нұрбек: Бұл – Физикаға білімі басым оқушылардың ошағы болған «Зерек» үйірмесі. Мұндағы оқушылар өздерінің техникалық және ғылыми-зерттеушілік қабілет – дарындарын ұштап, жетілдіріп, болашақтарына бағдар алып отырады. Нұрсұлтан бостан-босқа уақытыңды өткізбей, сенде жүрсеңші.
Нұрсұлтан: Ой, физика бәрі-бір менің басыма кірмейді. Бармаймын.
Нұрбек: Қызық екенсің, физиканы оқымай ертеңгі күні қайда бармақсың, мынадай космос ғасырында, мына нарықтық экономика заманында?
Нұрсұлтан: Өзің ойлашы физиканы 7-сыныптан бастап аптасына 2 сағат оқып келеміз. Содан не шықты? Тек түсіме формулалар, Ньютон заңдары кіріп жынды ететін болды. Оның менің болашағыма қажеті жоқ. Мен әдебиет пәнін жақсы көрем. Оданда қазір кітапханадан Абай, Жамбыл, Сәкендердің кітаптарын алып оқиын. Табиғат жайлы өлең жазайын деп жүрмін.
Нұрбек: Сенікі дұрыс емес, білімнің артық-кемі жоқ.
( осы кезде ортаға 3-жүргізуші шығып жалғастырып кетеді)
Гүлжан: Иә, білімнің артық-кемі жоқ. Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртшылығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу.
«Надан жұрттың сөзі – қараң, келешегі – тұман» -деп М. Дулатов айтқандай егеменді еліміздің келешегі білімді ұрпақ,
Ендеше жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде өз үлесін қосы отырған «Зерек» - білмекке құштарлар клубының сабағына қош келдіңіздер!
Гүлжан: Неге дауласып жатырсыңдар?
Нұрбек: Нұрсұлтанды үйірмеге шақырып тұрмын.
Гүлжан: Кәне жүріңдер, мен сендерді Зеректің орталығына алып барайын./ Өзбеттерімен жұмыс жасап отырған оқушылар ортасына келеді/
Нұрсұлтан: О, қандай керемет, ғажап! Осының барлығын осы балалар жасай ма? Саят сенде осындамысын? Ақын болғың келуші еді ғой. Сенің табиғат туралы өлеңдеріңді оқып керемет әсерде қалдым. Менде ақын болғым келеді.
Саят: Нұрсұлтан, менің ойымша, физика пәніне қызықпау мүмкін емес. өйткені, оның өне бойы табиғатпен біте қайнасқан таңғажайып дүниелер болғандықтан болар, мен физиканы ерекше ынталы оқимын. Бірде мен мынадай..... ( «Жаңбыр туралы» өлең жолдарын оқиды) содан Жаңбыр қалай жауады? деген сұрақ әбден мазалады.
Нұрсұлтан: Қандай қызықты! Одан әрі не болды?
Саят: Осы сұрақтың жауабын іздеп Нұргүл мұғалімге бардым. ( Осы жерде жаңбыр туралы жұмысын зерттегенін айтып кетеді.)
Нұрбек: Нұрсұлтан, «Зерек» сені қызықтыра бастады ғой деймін. Көрдің бе, ақын болғың келсе де физиканы білу, оқу керек. Жүр мен сені тағы да бір таң қалдырайын. ( Мұхтарға келеді)
Нұрсұлтан: Ой, мынау біздің Мұхтар ғой.
Нұрбек: Тыныш... Мұхтарға қарашы, ол ой үстінде. Біздің келгенімізді де сезген жоқ,
Нұрсұлтан: Мұхтар не жасап отыр.
Гүлжан: Мұхтар өте қарапайым құралдарды пайдалана отырып ол бүгінде самолеттердің моделдерін қиналмай-ақ жасай алады, олардың түрлерін теориялық және практикалық жағынан жан-жақты зерттеп, қыры мен сырларына қызығып, олардың тарихын қоса зерттеп отырады.
Нұрсұлтан: Ендеше Мұхтардың шығармашылығын көрейк. Мына «Зерек» мені шынымен де қызықтыра бастады. / Осы кезде Мұхтардың шығармашылық жұмыстары туралы көрсетіліп, оған сұрақтар қойылады./
Нұрбек: Жалыққан жоқсың ба?
Нұрсұлтан: Неге жалығайын мына жерден шыққым келмей тұр.
Нұрбек: Онда мен сені өздерінің техникалық, зерттеушілік қабілет – дарындарын ұштап жетілдіріп, тырнақалды зерттеушіліктерімен айналысып жүрген қабілетті оқушыларымыздың бірі Ербақыт пен Асыланды және Әлішерді таныстырайын. ( Ербақыт пен Асұланның және Әлішердің жұмыстарымен танысады, оған ойландырып жүрген сұрақтарын қояды.)
Гұлжан: Үйірме ұнады ма?
Нұрсұлтан: Ұнаған да қандай! Бәрі керемет!
Гұлжан: Міне Нұрсұлтан дұрыс шешім қабылдады. Бұл өз болашағына басқан алғашқы қадамы десе де болады. Абай атамыз айтқандай.
“ Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғаламды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз” – демекші физика әлемінде жарқырауға ұмтылыңдар жас достар.
Нұрсұлтан: Мен “Зерек” үйірмесіне зор алғысымды білдіремін. Мен келешекте физик болам деп шештім. Жас физиктер алаңы болған “Зерекке” келсеңіздер қателеспейтіндеріңізге сенімім кәміл. Зеректің қызыққа толы жаңалықтарына кенеліңіздер.
Гұлжан: Достар “ Ғылым таппай мақтанба” демекші ғылыми сырларға жан – жақты үңіліп, мұқият зерделеп, мұқиттай тереңнен түсініп, қабылдай біліңіздер. “ Ел ертеңі – білімді ұрпақ». Еліміз білімді ұрпақ арқылы, ал білім талпыныс пен ізденіс, еңбек пен ғылым арқылы дамиды.
Нұрбек: Еліміздің ертеңгі азаматтары сіздерге физикадан жетістіктерге жетулеріңізге аспандай ашық жол тілейміз.
Гулжан: Бүгінгі сабағымыздың соңына да таядық. Сіздерге айтарым білім алып қана қоймай оны табанды түрде дәлелдеп, пайдалана білу керек екенін ұмытпаңыздар.
Сау болыңыздар!
Категория: Физика | Добавил: жаксы | Теги: өрен, жас, Ғылымға, құштар, физика
Просмотров: 1744 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-01-04, 4:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru