Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (755.5 Kb) ] | 2015-01-06, 7:55 PM |
Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау, себебін түсіндіру, формуласын қорытып шығару. Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдысын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбекеқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың әдісі: Көрнекіліктерді қолдана отырып, әңгіме түрінде түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі-2мин ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді қайталау-10 мин А) Суреттерге түсініктеме беріңдер Ә) Физикалық диктант 1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама 2. Қысымды қалай анықтайды? 3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер? 4. Қысымды сыртқы әрекет күшнің бағытында ғана тарататын қандай дене? 5. Паскаль заңы қалай айтылады? 6. Гидравликалық машиналарда күштен 2 есе ұтсақ, жолдан...? Жауаптары: 1. Қысым 2. p=F/S 3. Па, гПа, кПа, МПа 4. Қатты дене 5. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі 6. 2 есе ұтыламыз Б) Сапалы есептер 1. Өздеріңе белгілі қысымды кеміту тәсілдерін атаңдар. 2. Неге кесетін және тесетін құралдарды қайрайды? 3. Өздеріңе белгілі қысымды арттыру тәсілдерін атаңдар 4. Төменде келтірілген шамалардың қайсысы ең көп, қайсысы ең аз:5 кН/м2;50 Н/см2;500 Па? 5. Еденде тұрған адам қалай тез арада еденге түсіретін қысымын 2 есе арттыра алады? 6. Жабық ыдыстағы газды қыздырғаннан ондағы молекулалар саны артпайды. Онда неліктен молекуланың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы артады? 7. 500 Н күштің 2м2 ауданға түсіретін қысымын есепте 8. 20000 Па қысымды килопаскаль және гектопаскаль арқылы өрнекте ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру- 20 мин Біз өткен тақырыпта гидравликалық машинадағы сұйыққа сыртқы күштер әрекет еткен кездегі қысымның берілуін қарастырғанбыз. Алайда сұйықтың өз ішінде де қысым болады:сұйық ауырлық күшінің ықпалында болады да, сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғарғы қабаттарының салмағы әрекет етеді. 106-суретті түсіндіру. Қорытынды: сұйық қабаты неғұрлым төмен (терең) орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Оны тәжірибе жасап та тексерейік. Манометрмен тәжірибені көрсету, сонда байқайтынымыз: құралды суы бар ыдысқа неғұрлым терең батырған сайын оған қысым көбірек түседі. Бұл сұйық ішіндегі қысымның тереңдік артқан сайын ұлғаятынын дәлелдейді. Егер судың орнына басқа кез келген сұйықты алсақ та нәтиже дәл осындай болады. Ал газдарға келетін болсақ, бұл жағынан алғанда, олардың сұйықтардан өзгешелігі жоқ. Бірақ газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан жүздеген есе кем, сондықтан ыдыстағы газдың салмағы өте аз. Сол себепті оның салмақтық қысымын көп жағдайда елемеуге болады. Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Тереңдік өскен сайын қысым ұлғаяды, ал теңіздер мен мұхит түбінде ең жоғарғы мәнге жетеді. Мысалы, 10 км тереңдіктегі судың қысымы 100 миллион паскальға жетеді. Осындай тереңдіктегі орасан зор қысымға қарамастан, ол жерлерде де кейбір әр түрлі инетерілі, рак тәріздес, моллюскалар, құрттар және терең суда болатын балықтар өмір сүреді. Бұл жануарлардың организмі үлкен қысымда өмір сүруге бейімделген, олардың ішкі қысымы да жоғары болады. Бұл тереңдіктерге күн сәулесі түспейді (ол 180 м тереңдікте сөнеді), сондықтан онда мєңгі қаратүнек. Тереңдегі жануарлардың кейбірі соқыр, ал кейбірінің көзі өте жетілген, кейбір терең судағы жануарлардың өздері жарық шығарады. Адам су асты дүниесін ерте заманнан игере бастады. Тєжірибелі жақсы дайындалған сүнгігіштер (меруерт аулағыштар, теңіз омыртқасыз жандарын жинағыштар), дем алуды 1—2 мин. тоқтатып еш құралсыз 20–30 м (кейде одан да артық) тереңге жетеді. Адам үлкен тереңдіктерге арнайы киімсіз түсе алмайды. Бұған ауаның жоқтығымен қатар, адамның қабырғаларын қатты майыстырып, кейде сындырып жіберетін гидростатикалық қысым кедергі келтіреді. Су астында болу уақытын ұлғайту үшін, бастапқыда қамыстан жасалған дем алатын түтіктер, ауа толтырылған тері қаптар пайдаланылды. Айта кету керек, су бетіне шығып тұратын түтік арқылы, тек 1,5 м тереңдікте ғана дем алуға болады. Үлкен тереңдікте кеудені сығатын, судың қысымы мен оның ішіндегі қысымның айырымының өсетіні сонша, адамның дем алғанда өзінің кеудесінің көлемін ұлғайтып, оны таза ауамен толтыруға күші жетпейді. 1,5 м тереңдіктен жоғарыда сол тереңдіктегі су қысымына тең қысымға дейін сығылған ауамен ғана дем алуға болады. 1943 ж. Ж. Кусто мен Э. Ганьян адамның су астында дем алуға арналған сығылған ауасы бар арнайы аппарат аквалангты ойлап шығарған (1-сурет). Осы аквалангтың арқасында су астында жүзу қызықты кең тараған спрот түріне айналды Акваланг су астында (шамамен 40 м тереңдікте) бірнеше минуттан бір сағаттан астам (саяз суларда) уақыт ішінде жүруге мүмкіндік береді. Аквалангпен 40 м-ден астам тереңге түсуге болмайды, себебі, үлкен қысымға дейін сығылған ауамен дем алу азоттық наркозға әкеледі. Әр түрлі тереңдіктердегі су асты жұмыстары үшін арнайы сүңгитін скафандрлар пайдаланылады. Егер скафандр жұмсақ болса (резиналы), бірнеше ондаған метр тереңдікке ғана бата алады. Үлкен тереңдіктерде адам тек қатты (панцир) скафандрде жұмыс істей алады (2-сурет). Соңғы жағдайда бату тереңдігі 300 м-ге жетеді. Теңіздер мен мұхиттардың үлкен тереңдіктерін зерттеуге батисферлер мен батискафтар (3-сурет) қолданылады. Батисферді су бетіндегі кемеден троспен түсіреді. Бірінші рет оны 1892 ж. итальяндық Бальзамелло пайдаланған. Ол кезде оның бату тереңдігі 165 м болса, кейін 1 км-ден асты. Батискаф кемемен трос арқылы байланыспаған, ол — автоматты басқарылатын (өзі жүретін) аппарат (4-сурет). 1-ші батискафты швейцар ғалымы О. Пиккар 1948 ж. ойлап тауып, оны құрастырып және тексерген. 1960 ж. қаңтарда ғалымның баласы Ж. Пиккар Д. Уолшпен бірге батискафпен Тынық мұхитындағы Мариан науасының түбіне жеткен. Оның максималь тереңдігі (1957 жылы совет зерттеуші «Витязь» кемесімен анықталған) 11 022 м. Енді сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымды есептеуді қарастырайық. Слайд арқылы. p=gh Алынған формуладан ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтыны, тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты болатыны шығады. Судың бірдей мөлшері әр түрлі ыдыстардың түбіне әртүрлі қысым түсіре алады. Бұл қысым сұйық бағанасының биіктігіне тєуелді болғандықтан, жіңішке ыдыстарда кең ыдыстарға қарағанда қысым көп болады. Осыдан, судың аз мөлшерімен өте үлкен қысым түсіруге болады. 1648 жылы бұны Б. Паскаль бұлтартпай дєлелдеді. Ол сумен толтырылған бөшкеге жіңішке түтік орнатып, оған үйдің екінші қабатының балконынан бір кружка су құяды. Су үлкен биіктікке көтеріліп, бөшкедегі қысым артқаны сонша, оның құрсаулары үзіліп кеткен. Біздің алған нәтижелер, тек сұйыќ емес газға да орындалады. Оның қабаттары да бір-біріне қысым түсіреді. ІV. Тақырыпты бекіту - 10 мин а) Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру ә) 22-жаттығу V. Үй тапсырмасын беру. §47 -1 мин VІ. Оқушыларды бағалау- 2 мин | |
Просмотров: 1392 | Загрузок: 30 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|