Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (461.1 Kb) ] | 2015-01-27, 7:38 AM |
Көкпекті ЖББОМ Физика пәнінен сабақтан тыс жұмысы «Жүздің бірі» ойыны Физика мұғалімі: Семсерхан Сайрагүл 2014-2015 оқу жылы Физикадан сабақтан тыс іс-шара «Жүздің бірі» ойыны Мақсаты: оқушылардың физикаға деген қызғушылығын ойын түрінде дамыту. Мақсаттары: Білімділік: оқушылардың білімін қайталау. Дамытушылық: ойын түрінде физикаға қызғушылығын дамыту; логикалық түрде ой санасын дамыту; оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық арқылы дамыту. Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуін артыру; жарыс түрінде бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақ түрі: ойын. Құрал-жабдықтар: ойынға арналған презентация, компьютер, мультимедия проекторы, оқушыларға арналған грамоталар, қоңырау. Ойынға алдына ала дайындығы: 10 сыныптың оқушылары мектеп бойынша сұрақтар басқа оқушыларға қойып шықты. Сұрақтардың жауаптарына қортынды жасап отырып, ойын үшін реттеліп алынды. Ойын Рессей телеканалының танымалы «100 к одному» деген ойынан алынған. Ойын үшін алдына ала оқушылар екі топқа бөлінеді, осы ойынға 7 – 9 сынып оқушылары қатыса алады. Бір топта 6 оқушыдан, қатысу бойынша барлығы 12 оқушы. Ойын ережесі: Ойын бір неше кезеңнен тұрады. 1. Кезең «Жай ойын». Жүргізуші топтың капитандарына сұрақ қояды. Капитандар қоңырауды соғу керек, егер жауабы дайын болса.Егер жауабы дұрыс болса сол топ ойынды бастайды. Жауабы қатне болса қарсылас топ бастайды. Топтын құрамы сол жауапқа жауап береді. Таблодағы жауаптармен сәйкес келсе ұпай жинайды. Үш рет қателессе қарсылас топ жауап береді, жауап бермес бұрын қарсылас топтың әр қатысушысының жауаптарын тындайды, содан кейін топтың капитаны бір жауап береді (ол топтың бір жауабы немесе өз жауабы болады). Жиналған ұпай сол топқа көшеді. Егер жауап қате болса онда сол топта қалады. 2. Кезең «Екі еселенген ұпай ойыны». Ережелер сол қалпында қалады, бірақ ойынды бастау үшін екінші ойыншы келеді жүргізушінің сұрағына жауап беруге. Әр дұрыс жауаптың ұпайы 2 көбейтіледі. 3. кезең «Үш еселенген ұпай ойыны». Ережелер сол қалпында қалады, бірақ ойынды бастау үшін үшінші ойыншы келеді жүргізушінің сұрағына жауап беруге. Әр дұрыс жауаптың ұпайы 3 көбейтіледі. 4. Кезең «Кері ойын». Жүргізуші екә топқада сұрақ қояды. Топ топтын ішінде сұрақты 1 минутта тағайды, осы кезеңде ең танымалы емес жауапты табу керек. Жауап дайын болса капитандар жауапты айтады, сол жауаптар таблода көрсетіледі және әр топ өз ұпайларын алады. Осы кезеңнен кейін жеңімпаз топ анықталады. Сол топпен СУПЕР ОЙЫН ойнатылады. 5. Кезең «Супер ойын». Осы кезеңде капитан бір ойыншыны тандайды. Сол ойыншы 45 секунд ішінде жүргізушінің 5 сұрағына жауап береді. Сұраққа жауап берген соң оны таблодағы ең танымал сұрақтармен салыстырады, егер сұрақ таблода болса онда топ ұпай жинайды, егер болмаса 0 ұпайға ие болады. Ойын барысында жеңімпаз топбының әр ойыншысы марапаталады. Ойын барысын әділет өтуіне әділет қазылары тағайындайды (оқушылар немесе мұғалімдер) Ойын барысы. 1.Жай ойын (Слайд2) Сұрақ: «Физика» қай тілден алынған? Грек – 28 Латын – 20 Орыс – 18 Ағылшын – 14 Польша тілінен – 12 Француз –8 2. Екі еселенген ұпай ойыны (Слайд3) Сұрақ: Заряд өлшем бірлігі қай ғалымның құрметіне қойылды? Кулон – 25 Ньютон – 22 Ампер – 20 Воль т– 15 Ом – 10 Джоуль – 8 3. Үш еселенген ұпай ойыны (Слайд 4) Сұрақ: N = A/t Осы формуламен қай шаманы есептейді?? Қуат– 30 Орын ауыстыру– 27 күш – 23 салмақ– 10 масса– 8 тығыздық –2 4. Кері ойын (Слайд 5) Сұрақ: Джоуль қай шаманың өлшем бірлігі? Импульс – 5 Жол – 8 Қуат – 15 Күш- 20 Жұмыс – 31 Энергия – 48 5. Супер ойын (Слайд 6) 1. Денелердің өзара әрекеттесуін зерттейтін, физика бөлімін қалай атайды? (Слайд 7) Динамика - 36 Кинематика - 24 Электродинамика - 15 Механикалық жұмыс - 13 Механикалық энергия – 7 МКТ – 5 (молекулярлық физика) 2. Ат күшімен қай өлшем бірлікті өлшейді? Слайд 8) Қуатты – 29 Техникианы– 25 Машиналарды– 16 Күшті-14 Көлемді – 11 Тракторды -5 3. Жай механизмдерге не жатады? Слайд 9) Иіндік – 33 Көлбеу жазық – 27 Блок – 18 Винт – 12 Клин – 10 4. Салмақ немен өлшенеді? Слайд 10) Ньютон – 29 Килограмм – 21 Джоуль – 18 Тонна – 13 Карат - 11 Метр – 8 5. Келесі сөйлемді кім айтты: «Жерді орнына қозғау үшін, маған тірек нүктесін беріңдер.»? (Слайд11) Архимед – 34 Аристотель– 26 Ньютон – 21 Галелео Галелей – 16 Мұғалімге – 3 Қортынды және марапаттау. | |
Просмотров: 2043 | Загрузок: 77 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|