Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (888.5 Kb) ] | 2015-02-10, 5:03 PM |
Сабақ тақырыбы: §39 40. Меншікті кедергі. Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға меншікті кедергі, оның қандай шамаларға тәуелді екендігі, өлшем бірлігі, электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. 3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас. Сабақ әдісі: оқытудың АКТ технологиясы,түсіндірмелі,баяндау,сұрақ-жауап.электрондық оқулықпен жұмыс. Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар,электрондық оқулық. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру: Арнайы дайындалған сұрақтарға жауап. І бөлімде I, U, R шамалардың белгіленуі мен өлшем бірліктері туралы сұрақтар ІІ бөлімде I, U, R шамаларының формулалары туралы сұрақтар қойылады. • Электр кернеуі деген не? Ол қандай бірлікпен беріледі. • Кернеуді қалай өлшейді? • Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады? • Ом заңы қалай тағайындалды? • Кедергі деп нені атайды? Оның өлшем бірлігі қандай? ІІІ бөлімде берілген суреттерге сипаттамалар беру керек. ІІІ. Жаңа сабақ. Тәжірибе: Электрондық оқулықтағы тәжірибені бақылай отырып, одан нәтиже шығаруды оқушыларға ұсынамын. Оқушылардың ойларын қорыта келе жаңа сабақты түсіндіремін. (ris1) R~1/S; R=ρ•l/S; ρ=RS/l; ρ~Ом•мм2/м. Тәжірибе: (ris2) Өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігі: R=R0=(1+αt); α=(R-R0)/R0t Химиялық таза металдар үшін: α ~ (1/273)E-1 Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлше жақын температураларды кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады. ІІІ. Есептер шығару. №1. Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау (ris3) ¬№2. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм², ал ұзындығы 1 м күміс сымның кедергісі қандай болады? ρ=0,015 Ом•мм²/м. Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай? №3. Көлденең қимасының ауданы 2 мм², ұзындығы 5 м никель сымның кедергісі неге тең? Егер кернеу 3,2 В болса,онда оның бойымен қандай ток өтеді? ρ=0,4 Ом•мм²/м. ІV. Қорытындылау. Ғалымдардың аты – жөні, Ашқан жаңалығы Георг Симон Ом (1787 – 1854) - көрнекті неміс физигі, мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай – ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасына тәуелділігін ашты. Вольта Алессандро (1745 – 1827) - итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш жол ашты. Ампер Андре Мари (1775 – 1836) - француз физигі және математигі. Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасады. Ампер магнитизм табиғаты жөнінде гипотезаны ұсынды. Физикаға электр тогы деген ұғымды енгізді. R=ρ(l/S)R Өткізгіш кедергісі оның l ұзындығына тура пропорционал, S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болады. ρ - өткізгіштің затына және оның күйіне, температурасына тәуелді шама.Бұл шама өткізгіштің меншікті кедергісі деп аталады. ХБ жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі 1Ом• м V. Бағалау. VІ. Үйге тапсырма:§ 39-40 | |
Просмотров: 4214 | Загрузок: 49 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|