Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика |
[ Скачать с сервера (36.0 Kb) ] | 2016-01-18, 4:36 PM |
Сабақтың тақырыбы: Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу. Сабақтың мақсаты: оқушыларға өмірде кездесетін өлшеулер мен есептеу нәтижелігін және үлкен сандар мен кіші сандардың өлшеу дәлдігі туралы мағлұмат беріп түсіндіру. Сабақтың міндеті: Білімділік: оқушыларға өлшеу мен есептеу дәлдігі анықтамалықтарын таныстыру. Дамытушылық: ойлау қабілетін, білім дағдысын, мәдениеттілігін дамыту. Тәрбиелеу: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: сызғыш, мензурка, басқа сандық белгісі бар өлшеуіштер, интербелсенді тақта. Сабақтың әдісі: түсіндіру, зерттеу, тәжірибе жасау. Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары. 1. Қандай физикалық шамаларды білесіңдер ? 2. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не ? 3. Векторлық шама деп нені айтамыз, оны қалай белгілейді ? 4. Шамалардың бірліктері өзгерсе, олардың сан мәндері қалай өзгереді ? 5. Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер ? 6. Өлшемдердің метрлік жүйесіндегі бірліктерден басқа қандай бірлікті білесіңдер ? 7. Метрлік жүйенің ең басты артықшылығы неде ? 8. Өлшемдердің метрлік жүйесінің қандай тіркеме еселіктері мен бөлгіштік бірліктерін білесіңдер? ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: өмірде, практикалық жұмыстар, ғылыми зерттеулер физикалық шамаларды өлшеу дәлдігі аса маңызды орын алады. Өлшеу дәлдігі адамның тәжірибелігіне, пайдаланатын аспабындағы, бөліктердің мәнінен байланысты болады. Адам тәжірибесінің молдығына қарамастан, өлшеудің аспаптық қатесі немесе жаңылысы үнемі туып отырады. Ол құралдық жаңылыс деп аталатын өлшеу қателіктеріне байланысты.өлшеулер нақты жүргізілмесе аспаттың, өлшенетін шаманың құбылмалы болады. Кейде мынадай қателерге абсолют, салыстырмалы болып бөлінгендерге кездесеміз. Аспатардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең. Оған мысал ретінде: сызығыш бөлігінің құны 0,5 см-ге тең. Ал өлшеу қателігі оның жартысына 0,25 см-ге тең деп алынады. Сонда дененің өлшенген ұзындығының мәні былай жазылады: Ɩ=(4,00 ± 0,25) см Мұндағы 4,00 см – дененің өлшенген ұзындығы; 0,25 см - өлшеудің аспаттық жаңылысы (қатесі). Қандай да бір жағдайда өлшеген шаманың мәнін а деп, ал өлшеу қателігін һа деп алатын болсақ, онда өлшеу нәтижесі былай жазылады: А=(а ± һа) немесе (а-һа)<A< (а-һа) Физикада өлшеудің тура және жанама тәсілдері қолданылады. Тура тәсілде физикалық шаманың мәні тікелей құралдың көмегімен анықталады. Кейбір жағдайда физикалық шамаларды тікелей өлшеу кездеседі. Ол кезде жанама тәсіл қолданылады. Жанама тәсілде есептеулердің дәлдігі өлшеу дәлдігінде болады. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу – математикалық сауаттылықтың белгісі. Физикада және астрономияда аса үлкен және кіші сандар жиі қолданылады. Күн мен Жердің ара қашықтығын екі санның көбейтіндісі түрінде былайша ықшамдап жазуға болады: 150 000 000 км=1,5 * 108 км= 1,5*1011м. Мұндағы 1,5 бірінші көбейткіш, ал 108 немесе 1011 сандары екінші көбейткіштер; 8 және 11 сандары 10 санының дәреже көрсеткіштері деп аталады. Екінші көбейткіш алу үшін 10 санын өз-өзіне неше рет көбейтуді көрсететін «n» немесе «m» натурал сандары оның дәреже көрсеткіштері болып табылады: 103=10*10*10=1000, (мұндағы n=3) немесе 106=10*10*10*10*10*10=1000 000, (мұндағы m=6). Егер 10n санын 10 m санына көбейтсек онда көбейтінді мына формуламен табылады. 10n *10 m =10m+n 106+103=10 6+3=109 Егер 10n санын 10 m санына бөлсек, онда бөлінді мына формула бойынша табылады: 10n :10 m =10m-n 106:103=106-3 =103 Ондық бөлшек түріндегі 0,1; 0,01;0,0001 сияқты сандарды ықшамдап жазу 10 санының n дәреже көрсеткішінің алдына минус(-) таңбасы қойылады. Ықшамдап жазу : 0,1=1/10=10-1; 0,01=1/100=1/102=10-2; 0,0001= 1/10 000=1/104=10-4 Сутегі молекуласының мөлшері: 0,000000023см=23/109=2,3/108=2,3*10-8 см Яғни 0,000 000 023 санын 2,3*10-8 см деп жазу өте ыңғайлы. 10n көбейткішін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу арқылы үлкен және кіші сандардың математикалық түрлендірулерін оңайлатуға болады. х=а*10n ықшам түрінде жазу үшін 100 саны 1-ге тең деп алынады.5 саны көбейткіш түрінде 5=5*100 ықшам түрінде берілген х=а*10n; у=b*10m шамалардың мәндерін көбейту мына формуламен анықталады : х*у=а*b*10n+m . мыс: х=4,5*105 және у=2,0*103 болса, онда х*у=4,5*105 *2,0*103 =4,5*2,0*105+3 =9,0*108. Ықшам сандарды бөлу: х/у=а/b*10nm. Мыс: х=5,0*106 және у=2,5*102 болса, онда х:у= 5,0*106 : 2,5*102 =5,0:2,5*106-2 =2,0*104. Ықшам сандарды қосқанда немесе алғанда 10 санының дәреже көрсеткіштері бір-біріне теңестіріледі. Мыс: 6,0*102+4,0*103=0,6*103+4,0*103=(0,6+4,0)*103=4,6*103; 3,5*104-2,0*1033,5*104-0,2*104=(3,5-0,2)*104=3,3*104. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту : Математикада үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуды стандартты жазу деп атайды. №6 және 2 жаттығу есептерін шығара отырып бекітеміз. Ү. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма : §7 Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу. № 2 жаттығу Бағалау. | |
Просмотров: 2341 | Загрузок: 42 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|