Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература

Кенттік мектеп пен зияткерлік мектептердің келешегі зор
Кенттік мектеп пен зияткерлік мектептердің келешегі зор
Ұлттың қуаты да мызғымайтын дәстүрі мен менталитетінің өміршеңдігінде ғой. Әсіресе, жастардың лайықты білім алуына, алаңсыз жұмыс жасауына теңдей мүмкіндік берілуі қажет. Ауыл мен қаладағы жас азамат үшін де, лауазымды, ауқатты немесе қарапайым шаруа отбасының баласы үшін де әлеуметтік лифттің есігі кедергісіз ашық болуы керек. Айналып келгенде, әлеуметтік теңдік дегеніміз – осы. Біз осыған қол жеткізуге тиіспіз.
Қасым-Жомарт Тоқаев. (Қазақстан Республикасының президенті)
Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылғы мұғалімдердің Тамыз конференциясында білім берудің заманауи стратегиялық мақсатымен бірге оның әлеуметтік-қоғамдық мәселелеріне де тоқталып өтті. Яғни, мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, ғылым саласын қаржыландыру, техникалық және кәсіби білім саласындағы қиындықтарды реттеу, білім мен кадр дайындау жағын қатар алып жүру сынды басты-басты мәселелерді көтерген еді.Әсіресе, мемлекет басшысы ауыл мен қаладағы білім беру стандарттарын теңестіру мәселесіне және заманауи білім беру мен еңбек нарығын тең ұстау қағидатына мән береген еді..
Бүгінгі Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде мектептің көптеген түрлері жұмыс істеп жатыр.Жеке меншік мектебі. Республикалық жеке меншік білім беру ұйымдары қауымдастығының мәліметінше, жекеменшік мектептердің саны жылдан жылға өсіп келеді, арықарай да өсе беретін бағыт алған. . Жекеменшік білім беру мекемелерінің үлесі 1 пайыз шамасында.. Ал, әлем бойынша бұл көрсеткіш 12-29% құрайды. Мемлекеттік мектеп. Шағын жинақты мектептер жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44 %-ын құрайды. ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен,бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беруге мәжбүр.Ауылдық және қалалық мектептердің арасында (материалдық база, мұғалім кадрлар мен қамту,мұғалімдердің білім беру,оқушылардың білім алу мүмкіндігінде) айтулы айырмашылық бар. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қалалық мектептерден 3,3 есе көп. Жалпы, еліміздегі 7014 мектептің 128 үш ауысымды және 31 апатты жағдайдағы мектеп аталып оны арылту ісі жан-жақты қарастырылуда. Бізде толып жатқан "Дарын", "ҚТЛ", "НЗМ", қосымша білім беретін т.с.с. мектептер де бар.Бір сөзбен айтқанда, орта білім жүйесі нағыз ізденіс пен талпыныс үстінде.Алайда барлығы жетіліп, өзгеріп, жайнап, кемеліне жетіп кетті дей алмаймыз. Дәлірек айтқанда,олардың бағдармалары, оқулықтары, мұғалімдердің шеберлік денгейі,білім беру сапасында айтулы айырмашылық бар,тіптен мұғалімдердің еңбек жүктемесі, жалақысына дейін алалық орын алып отыр.Осының бәрін теңестіріп,бір деңгейге келтіріп,оның тиімділігін арттыру бүгінгі күннің басты міндеті болмақ.
1. Ауылдық немесе Шағын жинақталған мектепті(ШЖМ) жойып, Кент мектептерінее айналдыру. Шағын жинақы мектептер Европада,Азияда, Америкада да болған,кәзір азайып кент мектептеріне айнналып барады.Отанымызда оны жүзеге асырудың екі жолы бар.а).Бір кездері колхоз, совхоздардың бригадасы,фермасы,бөлілімшесіне лайықталып,әкімшілік бірлік атанған елді мекен-ауылдарда шағын жинақталған мектептер жұмыстаған.Кәзіргі таңда осы шағын ауылдарды біріктіріп, көлемді ауылға айналдыру ісі қолға алынуда. Бір мысал. « Ресми ақпаратқа сүйенсек, Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі бойынша, Зайсан ауданы мен Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымында бірқатар өзгеріс жасалған. Атап айтқанда, Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіндегі Жаңабаз ауылы Көгедай ауылына, Айнабұлақ ауылдық округіндегі Талды, Сарытұмсық ауылдары Айнабұлақ ауылына, Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы Кеңсай ауылына қосылып, ресми атаулары жойылған. Бұндай шешім Семейді де шет айналмаған. Ол жердегі Караөлең, Социалистік Қазақстан ауылдарын да енді тұрғындар жадынан өшіруге тура келіп отыр.» Бұл ШЖМ- тен арылудың бір жолы.
Ә).Заманымызда Урбанизация ауылға да жетті.Менің пайымдауымда аз жылда ауыл округы кент округіне айналады.Оларда кент мектептері болады.Білім беруді дамытудың жаңа бағдармасы бойынша таяу жылдары 800 мектеп салынады.Олардың дені кент мектебі.Кент мектебінде 6-15 жастағы балалар білім алады,тәрбиеленеді,балабақша олардың желісіне қосылады.Тіптен ауыл мектебі деген ұғымның өзі ескіреді, ШЖМ-тен мүлдем арылуымыз ғажап емес!Бұл құр қиял емес.
«Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр "Ауыл - Ел бесігі" жобасының іске асырылуы туралы баяндамсында: қазіргі уақытта 6 443 ауылда 7,7 миллион адам тұрады (ел халқының 42 пайыз). "Бұл ауылдардағы мәселелерді кешенді шешу үшін айтарлықтай қаражат қажет. Алдын ала есептеулер бойынша 900 миллиард теңге қажет, бұл ретте республи-калық бюджеттен 70 пайыз немесе 630 миллиард теңге, ал қалған 30 пайыз немесе 270 миллиард теңге - жергілікті бюджеттен бөлу ұсынылады. Аталған қаражаттарды 2027 жылға дейін бөлу ұсынылады", - деді Скляр. Қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде - 1 150 тіректі және 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген 2 327 спутниктік ауылдар. Аталған ауылдарда 6,6 миллион адам немесе ауыл халқының 85 пайызы тұрады, оларды дамыту басымды түрде болады. 2019 жылы шамамен 700 мың адам тұратын 53 ауылда 30 миллиард теңге сомаға 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Бұлар әлеуметтік (мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары) және инженерлік инфрақұрылымдарды (жолдар, су, электр, жылумен қамтамасыз ету және т.б.) жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі жобалар болып табылады.»Бұл жобаның іске асырылуына,әсіресе кенттік мектеп пен балабақшаның салынуы,оны мамандар мен қамтамасу етуге БжҒМ-ің қосатын үлесі,тигізетін ықпалы орасан зор.
Орта білім беру үш кезеңмен тәрбиелеу және оқыту сатылы, сабақтасқан, жүйеге көшу керек.Алғашқы кезең:(3-10 жас)- сауат ашып жетілу, (11-15 жас) дараланып даму.Осы күнгі мектепалды мекеме мен бастауыш мектеп бір арнаға түсіп, негізгі мектептің құрамдас бөлігіне айналу керек.(Мұны ғимараттық және әкімшілік бірігу деп ойлап қалмаңыз. Әңгіме,бағдармалық, мазмұндық сабақтастық туралы болып отыр) Бүгінгі балабақша, балдырғанның уақытын алдарқатып өткізу орны да емес,сондай-ақ,оларды мектепке дайындау мекемесі де емес. Балдырған балбөбектерді дамытып жетілдіретін,оқытып үйрететін ерекше оқу орны екенін мойындау керек.Екінші жағынан, елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың 95,4 пайызы балабақшаға қамтылу мүмкіндігі қолға келгенін ескерсек,ертең ақ 100 пайызға жететіні даусыз болғандықтан бұл ұсыныс орынсыз да емес.Мектепке дайындау да,алты жас аясында балабақшада бірнеше айлық уақытта жүргізіледі.3-10 жас аралығында барлық балалар сауат ашып жетілуге тиіс.Сауат ашып жетілу дегеніміз не? ЮНЕСКО-ның ұсынған білім философиясы бойынша осы заманда өмірге келген ұрпақ,есі дұрыс дені сау болса (қазақ бұларды текті жан деп атаған) он үш түрлі сауатын ашып жетілдіру арқылы кәсіп игеріп,ғылым негізін үйрене алады екен.Ең әуелі,ақыл-есі түзу,ойлап зерделей алу,тоқып еске сақтау сауаттылығы мен сөйлей алу сауатын ашуы тиіс.Онан соң оқу,жазу,есептеу,ақпараттық сауаттылық және өміртану сауатты-лығын тіркеп отыр.Сауат ашып жетілдіру шағында балдырғандар еркін ойлайтын,келістіріп оқи алатын,шебер жаза алатын,ауызша және техникалық құрал пайдаланып терең есептей алатын,сауаттылығын өмірде көрсете алатын,пайдаланып іске жарата алатын,немесе сауаттылықта «алып та жығатын,шалыпта жығатын» пәрменді, қабылет қарымды болу керек. Ғасыр ғұламасы аталған ғалым ағайымыз физика-математика ғылымдарының докторы — Темірғали Көкетай: «Мен Жапонияда 5 рет болдым, олар он екі жасқа дейін 4-ақ пән оқиды. Ол төрт пән мыналар: жапон тілі, тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрі.»-дегенін естіп,жапонияның алғашқы мектеп бағдарла-масымен танысып көрсек,ол төрт пәнге сиыстырып,тек сауат ашудың он үш бағытын оқытады екен.Олай болса,біз де осының бәрін 3-10 жас аралығында игертуге арналған жаңа мазмұнмен толықтырылған заманауи бағдарлама жасауымыз қажет.11-15 жас аралығында осы сауаттылығын тереңдетіп жетілдіріп,жеке басының қарым –қабылетіне сай,ынта-қызығу талпынысына сай,бейім ыңғайына сай еңбек пен өнер-білім жолына түсу таңдауын жасайтын болуы тиіс.Айталық,адам баласында әсемдікті игеру тума сауаттылық бар екен. Себебі,оны Жаратушы да,өмірге әкелген ана да,қоршаған орта да әсемдікке бөленген сырлы дүние.Текті жан солардың барлығынан алатын еншісін алып өмірге келеді.Егер осы дарын көзін ашып,сауаттылығын игертіп,жетелеп жетілдірсеңіз,сөзсіз ол,дара даму жолына түседі.Өткен шақтағы қазақтың өнер майталмандары ордалы оқу орнын көрмесе де, осы сауаттылығын жетілдіріп дамыту арқылы аты жалпақ жұртқа,ел аумағына, асырып айтсаңыз әлемге танымал болған.Олай болса,осы күнгі негізгі мектеп аталып жүрген орта мектептің екінші басқышында дара дамыту басты ұстаным болуға тиісжәне ол негізгі мектебіз кенттік мектеп болмақ.Әрине ондай негізгі мектептер бар болады.Осы жағдайда, музыкалық,бейнелеу-мүсін өнері,сөз өнері, би өнері,спорттық т.б. қарым-қабылетін ашып, олардың ынта жігеріне сай талант қажет ететін арнаулы мектептерге бағыттап баулып отыру керек. Ал,ғылымға және еңбекке қызықтыру, бейімдеу, ынталандыру осы кезеңдегі тәрбиелеу,оқыту ісінің негізгі бағыты болғаны дұрыс.6-10 сынып оқушылары өз ел жеріндегі және әлемдік киелі,қызықты, таңғажайып тамаша орын,өлке,табиғаты туралы толық мағлұмат алып,жер қойнауы,теңіз астында,аспан әлеміндегі сырлы да,таңғажайып көріністер мен қозғалыстарға, өзгерістер мен ерекшеліктерге олардың санасын тартып, зейінін бағыттап отыру қажет. Еңбекке баулудың өзі балалардың бейім ыңғайы, ынтасына сай келешек кәсібіне негіз боларлық бағытта жүрілуі тиіс.Мысалы оқушыларға ой еңбегімен айалысып жатқанын оның да сауаттылығы бар екенін ұқтырып,білім игерудің технологиясымен толық таныстыру қажет. Қол еңбегінің қарапайым технологиясы емес ең озық технологиясы үйретілу керек.
Айтылған орта білім берудің қос сатысын: егер қазақ тілінде ,үйретіп ұқтырсаң,сауат ашып оны жетілдірсең,Қазақстан Республикасында қазақ тілінде оқытатын негізгі мектебін ашу, жұмыстату мүмкіндігі қолға келмек. Екінші жағынан бұл мектепте отбасында өз тілінде оқып-тәрбиеленген қазақ баласы ғана емес,орыс,неміс,кореец,өзбек,армиян т.б. этностардың кез-келгенінің балалары да осы мектепте оқып білім алып,сауат ашып дами алады. Орта мектептің алғашқы екі сатысында:сауат ашып,жетілдіріп және дара дамытуды оқытып-тәрбиелеу ісінің негізі болдырудың ең басты артықшылығы осында болып отыр. Ал,орта білімнің алғашқы екі сатысын ағылшын тілінде ,орыс тілінде,неміс тілінде,қытай т.б. тілінде жүзеге асырсаң Қазақстан Республикасында шет тілінде оқы-татын мектеп ашу,жұмыстату мүмкіндігі қолға келеді.Кәзіргі орыс тілінде оқытатын мектептеріміз,қазақ тілінде оқытатын мектеп пәндерін орысша аударып ұсынған.Бұл шет тілінде оқытатын мектеп санатына жатпайды.Аударма білімнің әсіресе сауат ашып жетілдіру сатысында көптеген кемшілігі болатыны белгілі. Шет тілінде оқытатын мектеп, қоғам талабына сай,ата-ана,оқушы қалауына сәйкес қажетті жерінде ғана ашылады,оған жалпақ-шешейлік жараспайды.Бізде шет тілін оқыту мәселесі негізгі мектепте сол мектептің сауат ашып жетілдіру тілі толық меңгерілмей жатып,қосарлап жабыстыра оқытатын ғылыми негізсіз үрдіс қалыптасқан.Мұндағы өрескелдік тіл оқытып үйрету сауат ашып жетілдіру арасындағы айырма-шылықты айыра алмай жүрміз.Кәзіргі шақта балаға «білгеннің зияны жоқ»-деп,оларға көп-ақ оқу-білім береміз, балалар ол білімдерін өмірде пайдалану, керектену,жүзеге асыру құзыреті жетпей «көп оқып,миы ашыған миғұла» болып шыға келеді.Айтыңызшы,екінші сыныптан бастап қытай, ағылшын,орыс,араб тілдерін оқытудың тигізетін пайдасынан зияны көп екенін біле тұра солай жасайтынымыз,неліктен? Шеттілін оқып-үйрену заман талабы,өркениет еншісі.Оны түсінгеніміз жақсы ақ.Солай бола тұра,елімізде шет тілінде сауат ашып жетілдіретін бір де-бір мектеп жоқ!Орыс тілінде оқытатын мектеп болу үшін Ресейдегі орта білім беріп отырған,ең озық,ең зиялы мектеп бағдарламасы, оқулығы. оқытушысы,керек десеңіз сол орданың ғимаратына,қоныс жайына дейін «көшіріп» әкеліп өзімізде тұрғызуымыз керек.
Орта білім берудің келесі сатысы 11-12 сынып оқушыларын оқытатын зияткерлік мектеп болады.Ғылым-білімнің белгілі бағытына ынта көңілі ауған,талғап таңдап оқуға, ғылым негізін тереңдетіп игеруге бейімделген,білім алу технологоиясын әжептәуір меңгерген оқушылардың мектебі болуы тиіс.Ол осы күнгі іріктеп алынған оқушылардың басқадан артықшылық иеленетін НЗМ –не ұқсас болғанымен,өзара алалық (бағдарламасында, оқулығында,оқу–білім беру дәрежесінде,сапасында,оқытушылардың жалақысында,т.б.) болмайды.Ешқандай емтиқан тапсырмайды,оқушының қалауы,таңдауы шешеді. Қамтылған оқушы санына сай аудандарда 1-3, қалалар мен аумақты өлкелерде 5-6 -ға дейін құрылады.Қарапайымдау тілмен түсіндірсек 11-12 сыныбы бар барлық мектеп зияткерлік мектепке айналады,алайда ол мектепте 10-1-ге дейінгі сыныптар болмайды.Мұндай мектептер бір кезде «ауыл аралық мектеп» аталған жағдай болған. Екінші бір мәселе зияткерлік мектептер ауданда құрылса интернатымен қоса болуы тиіс.Сондай-ақ,оның оқу- өндірістік базасы, еңбекке баулу,кәсіп игерту мүмкіндігі болу керек.Мұны жүзеге асырудың бізде екі түрлі жолы бар. Бірінші.Әр аудандардағы зияткерлік мектеп пен арнайы орта оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептердің өзара ынтымақтастығы мен байланысын жаңа белеске көтеріп, олардың материал техникалық базасын, өндірістік оқу орталықтарын бірігіп пайдалану, өндірістік оқу жүргізуге бейімдеу қажет.Бұл әлемдік тәжірибеден өтіп сыналған үрдіс.Олар өзара мектеп ауыстыру,мамандық игеруде еркін болу керек.Екінші.Әр зияткерлік мектептер өз аумағында және өндірістік мекемелер, фермерлер мен бизисмендер,шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, 8 ,9,10 сынып оқушылары айлық немесе 45 күндік еңбек тоқсанын өткізу орынды.Мұның бастамалары өзімізде кәзір де бар. «Бұл жағдай әр жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады.Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде.»-деп президент айтып ескерткен олқылықты жоюға мүмкіндік береді.Екінші жағынан:«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс,»-деген президент тапсырмасын осылай жасасақ қана орындай аламыз.
Орта білім беру құрылымына мұндай өзгеріс жасаудың қажеті не? 1.Осы күнде 7 сыныптан бастап оқушлардың шамалы бөлігі іріктеліп алынып НЗМ-не қабылданады.Олар арнаулы емтихан тапсырады,ерекше қамқорлыққа алынады.Жалақысы жоғары,біліктілігі сыналған,бірер шеттілін меңгерген мұғалімдер іріктеліп алынып,сабақ үйретеді.Оның нәтижесі өз жемісін беріп келеді.Былай қарасаңыз,орта білім берудің дербес бір түрі қалыптасып келеді.Ал қалғандары (басым көпшілігі) жалпы білім беретін орта мектептерінің бастауыш,негізгі және жоғарғы сатыларында оқып білім алып жүр.НЗМ-нің құрылуын дарынды оқушыларға көрсетілген көмек,ерекше жасалған жағдай деп қабылдадық.Қалғандары НЗМ-і дәрежесінде оқып білім алуға құқығының жоқтығы қалай?Оларға ерекше мүмкіндік,асқын қолайлы жағдай туғызуға неге құлықсызбыз? Еліміздің экономикалық жағдайы,оқытушы мұғалімдеріміздің шама-шарқы, мектептердің жеткілікті дәрежеде салынып бітпеуі тәрізді ықпалдардың бар екенін жоққа шығара алмаспыз. Аталмыш кемістікті жойып,ақша қаражат шығындамай,құрылымдық қана өзгеріс жасау арқылы мәселені оңтайлы шешеудің оңды жолын ұсынып отырмын.
2. Жалпы білім беретін ауылдық орта мектебінің жоғарғы сатысының тобы бір-екіден артық емес.Оларда бейіндік және тереңдетіп оқыту бір ғана бағытпен жүріледі.Аудан орталығында құрылатын зияткер мектептерінің жоғарғы сатысы 5-6 ға дейін көп топты болып ұйымдасу мүмкіндігі қолға келеді.Бұл дегеніңіз оларда бейіндік тереңдетіп оқытуды кең көлемде жүргізу және саралап оқыту STEM-білім беру мен STEM-сауаттылықты дамытуға мүмкіндігі кеңейеді. Барлық оқыту құрал жабдықтар мен ресурсстар бір орталыққа жинақталады.Smart педагогика да өз орнын табады.Бірер жылдан соң НЗМ-мен бәсекелес орталыққа айналады. Үш ауысымды мектеп өздігінен жойылады.
3. Еңбекке баулу ісі орта білім берудің басты міндеті,абзал мақсаты болуға тиіс еді.
Өкінішке орай тәуелсіздікке қол жеткізген осы шақтағы ұл- қыздардың еңбекке деген қыры жойылып,оған баулу ісі тым құлдырап кеткен.Тіпті педагог –мұғалімдердің өзінде қол еңбегіне деген қөзқарас сыңаржақтанып барады.Дене еңбегі адам тіршілігінің негізіне саналмай, келешектің адамы жалғыз саусақты.саналы жануар болып шығатындай елестетілуде.Ай бетінде іс қылушы астронавтың да,ауылдағы огородта картоп көміп жатқан апаның да қимыл әрекеті қол еңбегімен басталып,қол еңбегімен аяқталады. Жүз жерден автоматтандырып,электрондық басқаруға қоссаң да қол еңбегі шешуші рол атқарады. Алайда бүгінгі заманда қол еңбегі техникалық құрал-сайман,станоктарсыз жүзеге аспайды. Олай болса орта білім беруде қол еңбегі өндірістік еңбекпен ұштасу керек.Әсіресе орта білім берудің жоғарғы сатысында өндірістік оқу енгізіліп,кәсіпке баулып,маман игерту керек.Осы үшін де жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысының сыныптарын ірі қалалар мен аудан орталығына топтастыру қажеттілігі туған еді. Ұсыныстардың өмірде қолданыс табуы орта білім беруге үлес қосушы,әрбір жанашыр ұстаздардың қолдауы мен пікірлеріне тәуелді болғандықтан,барлықтарыңыздан айтулы пікір қалаймын.

Қобдабай Қабдыразақұлы 20. 03. 2020
Категория: Русский язык и литература | Добавил: Abaiagahobd (2020-03-24) | Автор: Кобдабай Кабдиразах E
Просмотров: 511 | Комментарии: 1 | Теги: мектеп, зияткерліе, кент | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru