Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог |
ШҚО, Семей қаласы "№32 ЖОББМ" КММ мектеп психологі Матеева Гульнур Кайнарбековна АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ Сынып: 10, 11 Тақырыбы: «Ата-ана махаббаты: оны баланың көруі және сезінуі үшін не істеу керек» Мақсаты: Ата-анамен оқушының арасындағы қарым-қатынастарды нығайту. Әр ата-ана өз баласымен тіл табыса, сырласа білуге баулу. Барысы: 1. Амандасу рәсімі: Таныстыру. Балаларының аттарын неге олай қойғандарын түсіндіру. 2. Хаттардың мазмұнымен танысып, өз сезімдерімен бөлісу. Хаттан алған әсерлеріне жауап жазу балаларына. 3. Жақсы қасиеттері мен жаман қасиеттеріне тоқталу балаларының бойындағы. 4.Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім , Бәрі осыдан басталған, Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым , Бәр жұмысты атқарған. Кеңес: Бала жетістіке жету үшін ең әуелі үлкендер өздері отбасында қарым-қатынас, іс-әрекет , мінез-қүлқымен үлгі болуы тиіс. Қателігін түсініп түзеп отырдық . Балаға кері үлкен әркез ата-ана балаларымен үй ішімен достарымен қарым-қатынасына көңіл бөліп мән бергені дұрыс . Қателігін дер кезінде түзеп ескерту жасаған абзал . Мысалы, балаңыз дауыстап күліп жауап берсе ерсі көрінбеи ме? Сол кезде өзіңіздің қалаи сөйлейтініңізді еске түсіре қойыңыз. Баланы тәрбиелей отырып өзіңді де тәрбиелеу деген осыдан шығады…. Өмір сияқты тәрбие де тоқтаусыз жүріп отырады . Баласы өздерінен артық болып өсіп келе жатқан ата-аналарды бірінші орынға бала тәрбиесін қойған, даму жасына түскен жандар деп ойлаймын . Балаларымыз –болашағымыз. Ал болашағымыз болған соң, бақыты болғанға не жетсін . Қашан, қай жаста болса да бала тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды .. Ата – аналар бала тәрбиесіне уақыт жетпейді деп қиналады. Меніңше, жалпарлай бала уақытты жеткізуге болады. Үлкендер уақытты бейрәсуа жүмсамаса, баламен жүйелі жұмысқа уақыт табылады .Мысалы : дүкенге, базарға, қонаққа, теледидарға, телефонға кететін уақыттарды үнемдесе. Бала тәрбиесін бүгін емес,ертеңге қалдырсаңыз кеш болады. Балаға бүгін берілуі тйіс тәрбиені кейінге қалдырмаңыз. Тәрбиеде іс қалдыратын алтын уақыт қайталанбаиды. Өсіп кеткен балаға дер кезінде берілмен қалған тәрбие жұғымсыз, дәмді тамақ сияқты болатыны бар.Өмірде көп игіліктер келіп, кетіп жатады. Ал адам үшін ең өміршең байлық , зор құндылық -отбасы мен балаға деген сезім. Әр адамның өмір сүру тәжірбиесі әр түрлі . Дегенмен кез-келген отбасы нәресте дүниеге келген күннен бастап , күнделікті дағдысына уақыт кестесіне өзгеріс енгізгені жөн . Сонда баламен шұғылдануға күн саиын бір-екі сағат уақыт табылатын болады . Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт-күнделікті тұрақты , нақты, сабақтастықты үзбеу (жоспарыңыздың тәртібін бұзбау деген сөз ғой). Ілтипат бұл – сөзсіз уақытты талап ететін, ата-ана махаббатын білдіру тәсілі. Балаға көп көңіл аудару қажет болатын жағдайлар жиі болады, бірақ тап сондай уақытта ата-аналар оны тыңдауға құлықтары болмайды. Балаға көңіл аудару дегеніміз, яғни, ешқандай ұсақ-түйекке назар аудармай, толығымен балаға бар назарын аудару. Бала ата-анасының өзіне деген махаббатына күмәнданбауы керек. Мұндай сәттерде бала, ата-анасы үшін өзінің маңызды, ерекше екендігін сезінеді. Кеш те болса, жалғастыру керек . Қалайда, бала өскен сайын тәрбиеллеу тәсілдері де қиындай беретіні жасырын емес. 4. Әр-түрлі сұрақтар. 5.Қорытындылау. «Тілек шамы». Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Қорытынды сөзді ата-аналар өздері жасады. «Бала өмірге ақылды және мейірімді адамзат болу үшін келеді. Оны жақсы көруден қорықпаңыз... Әр баланы еркелету керек, оны жақсы көру және оған мейірімділік көрсету керек». Ал біз ата-аналар, тәрбиені өзімізден бастауымыз керек, өйткені тәрбие бұл – тәрбиешіге де және тәрбиеленушіге де қатысты, екі жақты үрдіс; өзіңді өзгерту үшін саналы түрде күш-жігер жұмсау керек . | |
Просмотров: 2832 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|