Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Баяндама. "5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі"
Нурпеисова Еркеш Болатбековна
«Н.Островский атындағы орта мектеп КММ»
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Оқушыларды орта буынға бейімдеу - қиын да күрделі іс.

Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтуі – қазіргі күнге дейін мектептің актуальді мәселесі болып келеді.
Бұл кезең – оқушылар үшін де, ата-аналары үшін де, оларды 4 жыл бойы оқытып, аялап келген ұстаздары үшін де, оларды енді қанатының астына алғалы отырған мұғалімдері үшін де – ең бір жауапты да қиын кезең. Сондықтан бұл кезеңді бала өміріндегі ең алғашқы өтпелі кезең деуге болады. Бұл қиындық жас ерекшелігіне байланысты жүктемелердің көбеюі, яғни 5-сыныпта оқу жүктемесі, оқу жағдайы күрт өзгеретіндігімен түсіндіріледі. Оларға негізгі пәндерден бастауыш сыныпта бір-ақ мұғалім сабақ берсе, орта буында көптеген мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді, кабинеттік жүйе де балаларға өз ауыртпалықтарын салады, салмақты сөмкелерін арқалап, қабаттан-қабатқа жүгіріп жүру де 10-11 жастағы балалар үшін жеңіл шаруа емес. Сондай-ақ, мұғалімдердің сан алуандығымен қатар, олардың қояр талаптарының әртүрлілігі, бір мұғалімнің бала жанын түсініп, қамқор болуы, бір мұғалімнің шектен тыс қатал, талапшыл болуы, кейбір мұғалімдердің дауыс көтеруі – бәрі орта буынға жаңа келген бала үшін қиындық туғызары хақ, осы жайлардың бәрі жас жеткіншек психикасына оңай емес.
Ғалымдардың айтуы бойынша, кейбір балалар бұл кезеңнен онша қиналмай өтсе,яғни 4-5 аптадан соң, көпшілігі 2-3 айға дейін немесе 5-сыныпты бітіргенше, ал тағы біразының осы кездегі алған әсерлері салдарынан бейімделу орта мектепті бітіргенше сақталады екен. Міне, осы балалар назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын.
Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі.
Мұндай функционалдық ауытқулар оқушылардың шамамен 70-80% -на тән.
Өзгермелі білім беру жағдайында оқушылардың зияткерлік және тұлғалық дамуына қойылатын жоғары талаптар, белгілі бір пәндерді игеруге деген, өзін-өзі реттеуге қойылатын талаптар тағы бар. Дегенмен оқушылардың даму деңгейі әрқашан бірдей бола бермейді. Кейбіреулерінде ол болашақтағы білім алу жағдайы талаптарына сай болса, кейбіреулерінде ол қажетті талапқа әрең жететіні де жасырын емес. Жақсы оқуға деген құлшыныс, барлығын үлкендердің риза болатынындай етіп жасау , әсіресе, 5-сынып оқушыларында жиі кездеседі («уайымдамаса екен, ренжімесе екен», «қуанса екен», «анам күнделігімді көргенде жазаламаса екен, жыламаса екен»).
Бастауыш сыныптарды сабақ соңына қарай қызығушылықтарының төмендеуі, «көңілі қалу» қоңырауды күтумен ауысады. Бала өзіне мектепте қызықты болады деп күтеді, алайда оқудағы қиындықтар оқу үлгерімінің төмендеуі мен қызығушылықтарының су сепкендей басылуына әкеп соғуы мүмкін.Міне, осы себептен бесінші сыныптықтардың оқудағы кезедесетін қиыншылықтарын жан-жақты зерттеп, оларға осы қиындықтарды жеңуге көмектесу білудің маңыздылығы осында жатыр.
Ең алғашқы қиындықтардың бірі – оқуға әзірліктерінің жетіспеушіліктері. Осы кездегі оқушылардың көпшілігінің білімдерінде өткен сыныппен байланыстың болмауы, олардың оқу дағдылары мен іскерліктерінің қалыптаса қоймағаны көрінеді. Бұл бастауыш сыныпта кейбіреуінің дұрыс сөйлей алмауы, мәселен, олардың сөзді дұрыс жаза алмауының себебі – түбірді дұрыс таппауы, сол арқылы орфография заңдылықтарын түсінбеуінен болуы мүмкін. Ал ең қиыны – мұндай проблемены бірден анықтаудың қиындығында. Сондықтан, балаға көмек көрсету үшін оның қиын тапсырманы орындауда ең кішкентай мәселені де мұқият түсінуіне күш салу керек.
Бұл кезеңдегі оқушыларда кездесетін екінші қиындық – оқу мен жұмыс істеуге деген құлшыныстың болмауы, яғни үздіксіз сабаққа дайындалғысы келмеуі.
Пәндік бейімделу мынадай бағыттарды қамтиды:
1. Психологиялық диагностика.
2. Ата-аналармен, педагогтармен кеңестік жұмыс.
3. Әдістемелік жұмыс.
4. Профилактикалық жұмыс.
5.Түзету – дамытушылық жұмыс.
6. Қорытынды жұмыс.
1.Психологиялық диагностика.
Орта мектеп жасына өтудегі психологиялық диагностика, біріншіден, баланың жаңаортаға қалыптасуынан бастайды.
5-сынып оқушыларын зерттеу барысында келесі аспектілерге көңіл бөлу керек:
1.Баланың танымдық іс-әрекетінде көрінетін психологиялық ерекшеліктері:
-когнетивті үдірістердің даму деңгейі мен феноменінің педагогикалық талаппен байланысы;
-танымдық іс-әректтерінің жеке ерекшеліктері;
-ақыл-ойының қабілеттілігі, ақыл-ой әрекеттерінің өсуі;
2.Жеке мотивациялық өрісінің ерекшеліктері-мазасыздық. күйгелектік, қауіптену т.б.
3.Оқушының қоршаған ортаға қарым-қатынасының ерекшеліктері;
-оқушының сыныптастарымен эмоционалды қарым-қатынасы;
-мектептегі маңызды іс-әректтерге қарым-қатынасын (бала біріншіден, сыныптастарының өзіне қарым-қатынасын) жақсартуға тиіс.
4.Оқушының мектепшілік қарым – қатынасындағы іс-әрекетінің ерекшеліктері.
2.Ата-аналармен, педагогтермен жұмыс.
Педагогтермен жұмыс көбіне семинар түрінде болады.Сабақ үлгерімі, тәртібі
3.Әдістемелік жұмыс.
Әдістемелік жұмысты мектеп психологы әкімшілікпен бірлесе отырып жасайды.
4.Профилактикалық жұмыс.
Психологтың профилактикалық жұмысы қолдауды қажет ететін әрбір оқушыға бағытталады.
5.Түзету-дамытушылық жұмыс.
5-сынып оқушыларының мектепке бейімделу сәтінде қиындыққа ұшыраған оқушымен жеке жұмыс жасау қажеттігі туады.
6.Қорытынды жұмыс.
Осы кезде ата-аналарға, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне ұсынылатын Ұсыныс:
- Оқушыларға сенім білдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- Оқушыларға жылы лебізден ықылас пен көмек көрсету;
- Мұғалім өзін-өзі меңгеріп, ұстамдылық үлгісін көрсету, әдісшіл болу;
- Пән мұғалімдерінің оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізу;
- Мектеп психологтары психопрофилактикалық сабақтар, тренингтер өткізу;
-Егер үлкендер баланың қарым-қатынас және қарекет саласындағы жаңа қажетсінулерін;
-Балалар өмірін қиындататын факторлардың 40% мектеп тарапынан болады.
Оқушыла бастауыш мектептен орта мектепке өтеді.Бұл кезеңде баланың психикасында өзгерістер болады.
Өтпелі кезеңде көптеген ішкі позициясындағы өзгерістер басқа адамдармен қарым-қатынастарына да әсер ететінін ұмытпауымыз керек.
Сөзімнің соңында, егер бастауыш мектептегі оқушыларда оқу үлгерімімен қиыншылықтар болса, орта буынға өткен кезде де олардың жойылып кетуі екіталай, сондықтан өмірге қадам басқан әр баланың жанына терең үңіліп, зер салып, жан-дүниесін түсіне білейік дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Анохин П.К. Очерки по физиологии функциональных систем, М., 1975;
2.М Муканов. Жас ерекшелік педагогикалык психологиясы Алматы. 1996
3.Психология современного подростка – Под ред. Д.И. Фельдштейна. –
4.Рубинштейн С.А. Проблемы общей психологий – М. 1976
5.И.Е.Рогов. Настольная книга практического психолога. Владос. 1999
6.Устименко С.Ф. Межличностные отношения младших подростков
// Вопросы психологии.- 1984. №1. с. 27-33. .
7.Турманова Ж.Е. Жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы және аутогендік жаттығулар. //
Категория: Школьный психолог | Добавил: Бородулиха (2015-02-03) | Автор: Еркеш E
Просмотров: 14208 | Комментарии: 1 | Теги: сынып жетекшілеріне, Ата-аналарға, мектеп психологтарына арналған, баяндама | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 7:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru