Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

ӘДЕПТІЛІК –АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ
«АМАНКЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
ТОГАСПАЕВА АНАР БЕКЕШОВНА.
Педагог-психолог
ӘДЕПТІЛІК –АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ
Мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-Әдептілік ,сыпайылық ,ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;
-сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
-ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке , достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар,шарлар,интербелсенді тақта,ноутбук.

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын!
Сіздерді тренингке қатысушылар арасында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Танысу » тренингін жүргізу үшін ортаға шақырамын.
Нұсқау: Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, кезек-кезек ортаға шығып өз аттарын айтып,орнына барып, көршісіне қолын созады. Осылай барлық бала өз атын айтып, танысып шығуы керек.
(оқушылар, жүргізуші аты жазылған бейджик тағуы керек).
Әрбір бала өзін еркін сезіну,үлкен достық шеңберін қабылданғанын түсіну мақсатында
« Шаттық шеңберінде» жүріп, «Дос болайық бәріміз» әнін орындайық.
Рахмет, енді орындарыңа барып отыруларыңа болады.
Балалар, әдепті бала деген қандай бала?
Әдептілік сөзін қалай түсінесіңдер?
Қалай ойлайсыңдар,өз сыныбыңда әдепті балалар бар ма?
Жақсы ,рахмет! Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Әдептілік-адамгершілік бастауы».
Тақырыбымызда айтылғандай біз әдептілік , ізеттілік , адамгершілік туралы сөз қозғаймыз.Бәріміз мұқият тыңдайық.Мәтінмен жұмыс.
«Ізеттілік » әңгімесі. (Музыка ойнап тұрады).
Жазғы демалысқа шыққаннан бері кітапқұмар болып алдық.Күн сайын кітапханадан шықпаймыз. Бүгін де бара жатыр едік,алдымыздан Мәлік атай қарсы кездесті. Мен жол беріп , сәлемдестім. Атай : «Бақытты бол, қызым.Өркенің өссін ,»-деп өтіп кетті.
«Атайға сен неге сәлем бермедің? Әлде байқамадың ба?»- дедім қасымдағы Жанарға. «Байқадым. Сәлемде тұрған не бар. Сондағы айтатыны «Бақытты бол, көп жаса » дейтіні ме?-деді Жанар қасын керіп. Қаншама уақыт дос болып жүріп, Жанардың дәл мұндай екенін білмеппін.
Сәлден соң үлкендерге құрмет көрсетуіміз міндет екенін Жанарға түсіндіруім керек деп ойладым.
Талдау сұрақтары:
1.Жанардың қылығы дұрыс па ?
2.Сен болсаң не істер едің ?
3. « Ізеттілік» дегенді қалай түсінесің ?

Балалар, назарымызды слайдқа аударайық. Слайдқа қарап отырып, нақыл сөздің мазмұнын аша отырып,оқушылар өз ойларын ортаға салады.








«Жаман қылықтан арылу » тренингі. Баяу музыка ойнап тұрады.
Нұсқау: Баяу сазды әуен ойнап тұрады. Қатысушыларға парақ қағаз таратылады. Параққа жағымды және жағымсыз қасиеттерін жазады. Барлық қатысушылар жаттығуды орындап болған соң, жағымсыз қасиеті жазылған парақты жыртып, қоқыс жәшігіне тастайды.
Талдау: Жағымсыз қылықтан арылу оңай болды ма?
Қатысушыларымыздың бойында осы сәттен бастап тек қана жақсы қасиеттер ғана қалды деп есептейміз.
Балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық. Міне бүгіннен бастап , біздің яғни әдепті балалардың бойынан мына қасиеттер ғана табылады деп ойлаймын.
Қарапайымдылық
Сыпайылық патриоттық
Адамгершілік сұлулық

Әдемілік ізеттілік
мейірімділік
Дәйек сөз «Әдептілік-адамгершілік бастауы».
«Кетті,кетті домалап...» ойынын ойнау үшін ортаға шақырамын.
Ойын шарты: Мына допты кезек-кезек қолдан-қолға береміз. Кімнің қолына доп келгенде қоңырау шырылдайды, сол бала әдептілік туралы нақыл сөз айтуы керек.
1. Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет.
2. «Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе жасаған құрметің»
3.Кішілік-кісілік.
4. Кешірімді бала- кішіпейіл бала.

5. Әдепті бала – арлы бала
Әдепсіз бала-сорлы бала
6. Ұлық болсаң –кішік бол.
7. Кішіпейілділік- кісінің көркі.
8. Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
9.Әдептілік-әдемілік
10.Сәлем- сөздің анасы.
11.Сәлемдесу-әдептілік бастауы.
«Жүректен жүрекке» Балалар, шеңбер бойымен көршілеріңе тілек айтып, жүрек макетін сыйлық ретінде сыйлауларыңызды сұраймын.
Ескерту: Рахмет айтуды ұмытпауымыз керек.Тілектеріңізге көп рахмет!Жүректеріміз қуанышқа толы.Дәйек сөз «Әдептілік-адамгершілік бастауы»
Рахмет!
Балалар,сендердің бүгінгі жұмыстарың үшін рахмет! Маған сендермен өте қызықты болды. Бір-бірімізге «жинақтаушы қол шапалақтау » жаттығуы арқылы бір-бірімізге алғыс білдірейік.
Барлығымыз шеңбердің ортасына оң қолымызды созып, олардың бірінің үстіне бірін қоямыз да, сәл үнсіздіктен кейін «Сау болыңдар» деп айтамыз.
Категория: Школьный психолог | Добавил: Айнура9433 (2015-02-05) | Автор: ӘДЕПТІЛІК –АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ
Просмотров: 2383 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:21 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru