Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Ежелгі сақтар
Сақтар тарауы бойынша оқу модулі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ата-тегі болғаны туралы айта келіп, сақ тайпаларының шығу тегі, мекендеген жерлері, ел қорғаудағы ерліктері, тұрмысы, шаруашылығы, мәдениеті туралы толық түсінік беру.
Тәрбиелік: Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасау, бағыт-бағдар беру.
Сабақтың түрі: Модульдік оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: карта, оқулық, тірек сызбалар, жетондар, сілтемелер, суреттер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, жұптастыру, сұрақ- жауап.

Модуль
құрылымы Сағ.
саны Модульдің мазмұны Уақыты Ескертпе
Кіріспе 1-ші
сабақ 1. Модульге кіру
2. Лекция «сақтар»
3. Тірек схемасын түсіндіру 10 мин
20 мин
15 мин Окушылар
негізгі
мәліметтерді,
жұмыс
жоспарын дәл
схемасын жазып
алады
Сөйлесу
бөлімі 2- ші
сабақ

3-ші
сабақ

4-ші
сабақ 1.«Тарихи тезаурус» ойыны
2. Рөлдік ойын
3. Қорытынды, үйге
тапсырма
1. «Баяндама» оқыта үйрету
ойыны
2. «Бұл кім, білесің бе?»
ойыны
3. Қорытынды, үйге
тапсырма
1. «Басқатырғыш» ойыны
2. Деңгейлік сұрақтар 20 мин
20 мин
5 мин

20 мин

20 мин

5 мин

20 мин
25 мин Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс
Топпен жұмыс
Қорытынды 5- ші
сабақ 1. Тест
2. Тарихи сынақ хат
3. Қорытындылау 25 мин
15 мин
5 мин Балалар білімін
бағалау

1- сабақ
1. Лекция тезистері

Ежелгі заман деректерінде аты ерте әйгілі болған қазақ халқының ата тегінің арғы тайпалары мен ұлыстары: сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары.
Сақтар- б.з.б. 1 м.ж. Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Ежелгі парсы, грек, иран- жазбаларында «құдіретті еркектер, азиялық скифтер, жүйрік атты турлар» деген атаулармен белгілі.
Сақ тайпалары негізінен үш топқа бөлінеді:
1. Парадарайя
2. Тиграхауда
3. Хаумаварга
Шаруашылығы: Негізінен мал шаруашылығы. Өзен - сулы аймақтарды егіншілік басым болған.
Қоғамдық құрылысы: әскери демократия, сақтар өте жауынгер тайпа, шетінен шабандоз, мерген садақшы болған, тіпті гректер бұл өнерді сақтардан үйренген.
Сақ әйелдері өте құрметтелген.
Байланыс жасаған елдері: Ассирия, Индия, Парсы.
Атақты тұлғалары: Томирис, Шырақ.
Шабуылдар: б.з.б. 518 ж., І-Дарий
Б.з.б. 522 ж. Кир
Б.з.б. 47 А.Македонский

2. Тірек сызба

Жылқының екі түрі

Қоғамдық құрылысы

2-ші сабақ

Бағалау парағы

Топтың аты Ұраны Тапсырма Топ бағалары Елдерге баға Өзін-өзі бағалау Қорытынды баға
1 2 3

1. Темір дәуірінде Қазақстанда мекендеген тайпалар мен ұлыстар, олар кімдер, қайда мекендеген?
(карта суреті) 53- бет
2. Бұл кім, ол табылған қорған туралы не білесің?
(алтын адам суреті) 69- бет
3. «Р» әрпіне сөзтізбек құрастыр

2. Рөлдік ойын
Сақ жауынгері шырақтың ерлігі

Рөлдер:
Бастаушы
Шырақ
I Дарий
Қолбасшы
Жауынгерлер
Ескерту: Рөлдер алдын- ала бөлініп беріледі.

3- ші сабақ

1. Баяндама оқыта үйрету ойыны
Шарты: Оқушылар мәтінде оқып, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде береді. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.
Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды.
«Баяндама» мазмұнын кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

2. Бұл кім білесің бе? ойыны
1. Бұл кім білесің бе? өзің оның орнында болсаң не істер едің?
а) ертедегі грек тарихшысының айтуынша ол- өзін ел тәуелсіздігі жолында құрбандыққа шалған;
Парсы әскерлерін сусыз шөлге апарып, адастырып, жарты әскеріне ажал құштырған.
(Шырақтың суреті) 63- бет
2. Бұл кім, білесің бе? Ол Кирдің денесін таптырып алып, қан толтырылған торсыққа салып тұрып не деді?
(Томиристің суреті) 62 бет

5- ші сабақ
Тест тапсырмалары

1. «Сақ» сөзі парсы жазбаларында қандай мағына берген?
а. Құдіретті еркектер;
б. Азиялық скифтер;
в. Жүйрік ат, тұлпар;
г. Ежелгі сақ тайпалары
2. Шығыстанушы және қазақстандық ғалымдардың пікірінше шошақ бөрік киіп жүретін сақтар қай жерлерді мекендеген?
а. Қара теңіздің солтүстігінде;
б. Арал теңізінің маңында;
в. Мургаб аңғарында;
г. Жетісуда
3. Қазақстан археологтары б.з.б. III ғ. аяғына жататын сақ, үйсін дәуірінің қонысын қай жерден тапқан?
а. Жамбыл облысы, Өрнек қалашығы;
б. Талғар қаласы;
в. Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғары;
г. Алматы маңындағы Алатау елді мекені;
4. Қазақстанның қай аймақтарында түйе өсірілген?
а. Солтүстік, Солт.Шығыс
б. Орталық
в. Оңт.Шығыс
г. Батыс және Оңтүстік
5. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобын көрсет?
а. жауынгерлер, малшылар мен егіншілер;
б. кедейлер, құлдар, көсемдер;
в. абыздар, кедейлер, малшылар;
г. егіншілер, жауынгерлер, көсемдер;
6. Парсылармен соғысқа басшылық жасаған сақтардың әйел патшасы кім?
а. Мидия
б. Зарина
в. Александрия
г. Томирис
7. Сақ - парсы шайқасы жөнінде жазған тарихшы ғалым
а. Махмуд Қашғари
б. Пилиэн
в. Бернштам
г. Геродот
8. «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді», - деп жазды.
а. Геродот
б. Страбон
в. Рим
г. Грек тарихшысы

2. Тарихи сынақхат

Б.з.б. 4 ғ........ жеріне тағы да қауіп төнді...... бастаған грек әскерлері ..........................................басып кіріп,....................................................... өңіріне атанды. Сақ тайпалары «........................................................................» аталып келген ................................................. қалың қолына қаһармандықпен қарсы тұрды.

4-ші сабақ

1. Басқатырғыш

а) Мына терминдерді құрастыр:
ҰҚРЛЗЙНЫАНА, РПГААСП, СГМОИИР
ә) Сөйлемді реттестір:
Сырттан сақ қарсы жерлерін күресіп өз ықпалды күш тәуелсіздігін жауларына тайпалары жауынгер қарсы сөйтіп келген біріктіре қорғап.

2. Деңгейлік сұрақтар

1- деңгей:
а) Сақтардың шаруашылығының негізгі түрлерін атаңдар.
ә) Төрт түлік малдың атын атаңдар, сақтар бұлардың қайсысын көбірек өсірді?

2- деңгей:
а) Сақ тайпалары туралы деректер қай елдің жазбаларында көбірек кездеседі, қалай аталған?
б) Сақ топтарын және олар мекендеген жерлерді ата.

3- деңгей:
а) Геродот сақтардың тұрмыс салты мен тіршілігі туралы не деп жазды?
ә) «Алтын адам» туралы не білесің? Ол қайдан табылды? Қазақ елі үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың?

4- деңгей:
а) Өзіңді сақ жауынгері Шырақтың орнына қойып, парсылардың шөл далада қалай қырғынға ұшырағаны туралы жаз.
ә) Есік қорғанын зерттеген ғалым ретінде қорған туралы пікіріңді жаз.

Ескерту: Алдыңғы деңгейден өтпей, кейінгі деңгейге көшуге болмайды.
Категория: История | Добавил: kapanova72 (2015-11-24) | Автор: Капанова Гульнара Кызыровна E
Просмотров: 1126 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru