Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

1836-1838 ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
ШҚО Үржар ауданы
Жаңа тілек ауылы
«Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
тарих сынып мұғалімі
Садыкова Жанар Пердаузиевна

Сабақтын тақырыбы: 1836-1838 ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
а).Білімділік мәні: «Білген сайын келеді біле бергім,біле беру емес пе тілегі елдің»- демекші,туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы,Махамбет бастаған көтерілістің себеп-салдары,қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы, Махамбеттің тағдыры туралы түсінік беру.
ә).Тәрбиелік мәні: «Туған жерді сүю парыз,сүю үшін тарихын білу парыз»- дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, «Бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі»,- деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
б).Дамытушылық мәні: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау,сөйлеу, танымдық,ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, карта ,тест.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Бөкей Ордасы қай жылы құрылды?
2.Ресей патшасының Ішкі Орданы құрудағы мақсаты.
3.Жәңгір хан тұсындағы халықтың жағдайы.
4.Қандай салықтың түрлері енгізілді?
5.Махамбет және Исатай туралы реферат әзірлеу.
Үй тапсырмасын оқушылармен семантикалық карта арқылы қорыта отырып,жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Көтерілістің себептері және басталуы
2.Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.
3.Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
Көтерілістің себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі,салық түрінің көбеюі.
- Жер мәселесі
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
- Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші: қазақ шаруалары бірқатар старшын, билер де қатысты.
Көтеріліс басшылары: Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы.
Екі оқушы Исатай және Махамбет туралы таныстырып өтеді.
(Үй тапсырмасына берілген).
Көтерілістің басты мақсаты:
- Хан озбырлығына шек қою.
- Шаруалар жағдайын жақсарту.
- Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
- Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтеріліс үш кезеңге бөлінеді.
1.1833-1836 жылдар көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы.

2.1837 ж. басы мен аяғы көтерілістің етек алуы,патша жазалаушы әскерімен қақтығыстар.

3.1837 ж. желтоқсан айынан 1838 ж.шілде айына дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреуі,жеңілу кезеңі.

Карта арқылы көтеріліс барысымен таныстыру.

1836 жылғы 17 наурызда Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып,хан сарайына барып бас июді талап етуі қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті.
1837 жылы 2 қазанда атаман Покатиловтың тобы Исатайды қамауға алу талпынысы іске аспады.
Осы жылдың аяғы қарай көтерілісшілер саны 1500-ге жетті.Патша үкіметі көтерілісшілерге қарсы жасақ құра бастады, оны подполковник Геке басқарды.
1837 жылы 15 қарашада Тастөбе шайқасында 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты.Зеңбірекпен қаруланған жазалаушы отрядқа төтеп бере алмай Исатай тобы кері шегінуге мәжбүр болды.Тағы бір себебі қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті.Исатай жанында тек қана серіктері қалды. Осы кезде Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсанда батыр жазалаушылардың торын бұзып,Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті. Исатайдың Кіші жүзге өтуі,Кенесары көтерілісінің әсерімен осы өңірде кең тарала бастаған шаруалар қозғалысымен қатар келді.
Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақ ұлына соққы беру үшін Қайыпқали тобынан бөлінді.Айшуақ ұлы тобының Геке тобымен қосылып үлгергенін батыр аңғармады. 1838 жылғы 12 шілдедегі Ақбұлақ шайқасында Исатай қаза болды. 1838 жылы 23 шілдеде Махамбет хан ауылына шабуылдады. Ол 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қайтыс болды. Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері мен солдаттары марапатталды. Көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді.

1836-1838 ж.ж. көтерілістің жеңілу себептері:
- үстем тап өкілдерінің опасыздығы
- көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.
- қару-жарақтың теңсіздігі.
- ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

Нәтижесі:
- салық мөлшеріне шек қойылды.
- патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
- әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қалады.
- Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.
Тарихи маңызы:
- ХIХ ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт – азаттық қозғалыс.
- Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

Сабақты қорыту.
Тірек сызба және кесте арқылы оқушылармен жаңа сабақты қорыту.
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату.

Үйге тапсырма. «1836-1838 жылдарға саяхат» тақырыбында ой- толғау(әңгіме жазу)
Категория: История | Добавил: гульнараж (2016-12-17)
Просмотров: 1516 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 4:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru