Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ
БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

Таласова Ж.Н., 5 класс жетекшісі
Тлеуленова Г.А., 9 класс жетекшісі
№2 мамандандырылған орта мектеп, Ақтөбе қаласы

Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыо болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ – ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза – бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.
«Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.»
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші –танымдық, екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық.
Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірибемде тарих және құқықтану сабақтарында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: « Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларында – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі, шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті.
Тарих сабағын әдебиет, қазақ тілі, география пәндерімен байланыстырып, аралас сабақтар өткізуге, оқушылардың жан-жақтылығын дамытуда тарих пәнінің үлесі зор. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында «20 жылдағы 20 жетістік» жыл бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу – әр ұрпақтың міндеті.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Тәуелсіздікке 20 жыл-елдің 20 жетістігі. (класс сағаты)
Білімдік мақсаты: ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, ашық мәдени шара өткізу. Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 20 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері, қабылданған заңдар және ҚР Президентінің жолдауының проритеттерін үгіт насихаттау.
Тәрбиелік-дамытушылыңқ мақсаты: Оқушының патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, алтын мұрамыз-жеріміз, еліміздің бейбітшілігі маңызды екенін есте үнемі сақтау.Көпұлтты мемлекетіміздің ауыз біршілігінсақтау болашақ ұрпақтың қолында екенін түсіндіру
Көрнекті құрал: 1) туған жер туралы (пано)табиғат көріністері
2) 20 жетістік -20жыл (баннер)
Бақытгүл: Армысыздар қадірменді оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар. Биыл 2011 ж. ең маңызды жыл-тәуелсіздікке 20 жыл.
Шолпан: ...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан дамен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Бақытгүл: -Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Шолпан: Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген сөздер құлаққа жылы естіліп, жаныңды жадыратар ұлы, қасиетті сезім.Сондықтан бүгінгі мәдени шараның мақсаты:20жылда жеткен-жетістіктер ұрпақ жадысында есінде қалып еліміздің болашақ тағдыры, тарихы ,салты мен санасын дәріптеу біздің қолымызда
Санжар (тәуелсіздік –көктүстес киім)
«Өзіңдікі – Елің де, Асқар тау да – сенікі,
Өзіңдікі – Жерің де. Бақша-бау да - сенікі.
Өзіңді өзің еткен бақ – Қалтқысыз дос пенен
Тәуелсіздік – төріңде! Қатал жау да – сенікі.

..Орыс, ұйғыр, неміс ... те Өзіңдікі – Туың да,
Үміт қосып жеңіске – От пен ауа, Суың да.
Жұдырықтай жұмылды Жаса, Қазақстаным,
Келешегі кең іске. Белді бекем буын да!..»

20 жылдағы – 20 жетістіктер (әр оқушыға бір жетістіктен беріледі)

1991 ж. 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің жариялануы.
1991 ж. 2 қазан Т.Әубакіров ғарышқа ұшты
1991 ж. 1 желтоқсан ҚР Назарбаев Н.Ә. президент болды.
1991 ж. 21 желтоқсан ТМД құрылды.
1992 ж. 2 наурыз БҰҰ-ға мүше болды.
1992 ж. Қазан-қараша Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы.
1992 ж. 4 маусым Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
1993 ж. 28 қаңтар Конституция қабылданды.
1993 ж. 15 қараша теңге айналымға шықты.
1995 ж. 30 тамыз Конституция қабылданды.
1995 ж. 1 наурыз ҚР Халықтар Ассамблеясы құрылды.
1997 ж. 2030 стратегиясы жарияланды.
1998 ж. 10 маусым Астананың тұсау кесері.
2010 ж. ОБСЕ төрағалық еттік.
2011 ж. 7 қысқы Азия ойындары.
2011 ж. Ислам саммиті.

Қорытынды: Атамекен өлеңін класспен орындау. (хор)

Категория: История | Добавил: Рай (2011-03-09) | Автор: Таласова Жанна Нуражиевна
Просмотров: 17274 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 1:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru