Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Сәулет ескерткіштері
Қазақстан тарихы 5 класс
Нұртаева А.Ә
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты.Білімділік:оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік
бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет
өнерінің дамуы,тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді
ұғындыру.

Дамытушылық:Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан
нақты мысалдар келтіре отырып оқушылардың танымдық
қабілетіттерін арттыру.

Тәрбиелік:орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын
қазіргі замандағы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра
отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру,эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтық көрнекілігі:Қазақстан картасы,Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,Айша бибі мазарының суреттері.Қазіргі заманғы архитектура үлгілерінің суреттері,Астана,Алматы қалаларындағы сәулетті ғимараттар суреттері.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:СТО әдістері,тірек-сызба,презентация, «Орнына қой» ойыны,картамен жұмыс
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы бойынша жұмыс:
1.Оқушылардың Шоқан,Абай,Ыбырай туралы жазған эсселерін оқыту.
2.Сұрақтарға жауап:
-Шоқан Уалихановтың қазақ халқы тарихындағы орны қандай?
-Абай Құнанбаевтың қандай өлеңін білесің?
-Ыбырай Алтынсарин –ағартушы, педагог дегенді қалай түсінесің?
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:1.Сәулет өнерінің тарихы
2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері
3.Қазіргі заманғы сәулет өнері
1.Сәулет өнерінің тарихы №1 слайд

Киіз үй-ата-бабаларымыздың басты баспанасы.Киіз үй тек қазақ халқының қана емес түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ –мекені болғаны мәлім.
Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі-оның қастерлеп ұстаған,киелі тұтқан тұрағы,мекені,баспанасы,мақтанышы болған.Киіз үй баспана ғана емес,сәулет ,құрылыс,қол өнер жетістігінің тамаша үлгісінің туындысы да болып табылады.Баспана киіз үйдің үлгілері қазір күмбез бейнесінде Президент әкімшілігінде ,Парламенттің қос палатасының біріккен мәжіліс залында,Президенттік мәдени орталығында және тағы басқа құрылыстарда көрініс тапқан.
Сұрақ:Еліміздің Елтаңбасында киіз үйдің қандай бөлігі бейнеленген?
-Шаңырақ
Шаңырақ-қазақ халқы және республиканың басқа халықтарының ортақ Отанының көрінісі.Шаңырақ -қазақ халқы үшін ерекше қасиетті ұғым.Ата-бабаларымыз шаңырақты айрықша қастерлеп,кие тұтқан.Шаңырақ-отбасындағы амандық,береке-бірлік,тату өмір қоршаған орта,әлемдік сәулет өнернің тамаша үлгісі,ортақ отанымыздағы тыныштық,тұрақтылық,беріктілік ұғымдарымен байланысты.
2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері .№2 слайд бойынша түсінік беру.

3.Қазақстан жерінде осы кезеңге дейін сақталған ортағасырлық сәулет туындыларынан слайд көрсету. Айша бибі,Қарахан,Жошы хан,Қожа Ахмет Йассауи т.б.кесенелер.
4.Зерттеу тапсырмасы.Оқушыларды топқа бөліп,кесенелер суреті таратылады.Әр топ өздеріне берілген кесене туралы оқулықтан тауып,ерекшеліктерін дәптерлеріне жазып алады және осы топтан бір оқушы өздеріне берілген кесене туралы мәліметтермен таныстырады.
1 топқа-Айша бибі кесенесі
2 топқа-Қарахан кесенесі
3 топқа-Жошы хан күмбезі
4 топқа Алаша хан кесенесі
5 топқа Ахмет Йасауи кесенесі
5.Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы видеоролик көрсету.Қосымша түсінік беру.
-Әмір Темір
-Тайқазан
-Кітапхана
-Пантеон
6.Карта бойынша жұмыс.Аталған кесенелердің Қазақстан аумағындағы орындарын көрсету.
7.Тренинг.Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.
Сәулет ескерткіштері Орналасқан жері
1.Айша бибі кесенесі А)Жезқазған қаласы
2.Қарахан кесенесі Ә)Түркістан
3.Жошы хан күмбезі Б)Тараз
4.Алаша хан кесенесі В)Қарағанды
5.Қожа Ахмет Йассауи Г)Тараз

1 2 3 4 5
б г а в Ә

8.Қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері. Презентация.Слайд көрсету.
Көп қабатт үйлер
Театр үйлері
Қонақ үйлер
Алматыдағы собор
Бәйтерек
Ақ Орда
Нұрмешіт т.б
Мұғалім:Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын.Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей,әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.
-Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?
-Ескерткіштерді сақтау,қорғау,ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
IІІ.Сабақты қорытындылау:
-Бүгінгі сабақтан не білдік?
1.Тақтаға кесте ілінеді. Кестені толтыру.
Оқушылар жауаптарын фломастермен жазып кетеді.
Тас дәуірі,
Қола дәуірі баспаналары Орта ғасырлар сәулет ескерткіштері Қазіргі кезең сәулет ескерткіштері Сәулет өнерінің озық түрлерін білесің бе?


2. «Орнына қой» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдері тексеріліп сабақ бекітіледі.
Құрылыс,тұрғын үй салу өнерін _____________дейді.Еңбек құралдары,шаруашылық түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар біртіндеп ____________салуды үйренді.Жерді қазып жасаған үйді ______________деп атады.Көшіп –қонған кезде түйеге артып жүруге,құрастыруға ___________қолайлы еді.Құрылыс салуға сапалы материалдар ____________қолданған.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін қазақ халқы қасиетті ____________есебінде құрметтейді.
Керекті сөздер:Жеркепе,киіз үй,сәулет өнері,пантеон,тұрғын үй,тас,күйдірілген кірпіш
IV.Оқушыларды бағалау.
V.Үйге тапсырма.§38.Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?
Мәліметтер жинау

Категория: История | Добавил: SAULE777 (2011-05-03) | Автор: Нұртаева А.Ә.
Просмотров: 9523 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 0:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru